№ шешімімен бекітілген


Электронды қызметтерді қалыптастыру мен дамыту



бет3/3
Дата13.06.2016
өлшемі214 Kb.
#131235
1   2   3

3. Электронды қызметтерді қалыптастыру мен дамыту
Е-әкімдікті құру электронды қызметтердің үш түрін:

  • әкімдік порталдарында мемлекеттік органдардың барлық түрлі буындағы ақпараттық ресурстарына кіруді мен оларды үнемі жаңартуды ұйымдастырумен – ақпараттық қызметтерді;

  • мемлекеттік қызметтерді жеткізушілер мен тұтынушылар арасындағы екі жақты өзара әрекетті талап ететін қызмет көрсетулер арқылы мемлекеттік органдардың азаматтармен және бизнеспен өзара әрекет етуін ұйымдастырумен – интерактивті қызметтерді;

  • қызметтерге төлем төлеу мен жұмыстың қауіпсіздігі мәселесін шеше отырып, транзакцияларды өңдеуді жүзеге асырумен – транзакциялық қызметтерді көрсетуді көздейді.

Қала азаматтары мен ұйымдарына жергілікті атқарушы органдар көрсететін базалық е-қызметтердің толық тізімі қалыптастыру қажет.

Бірінші кезекте жүзеге асырылуы тиіс е-қызметтер ретінде 1 Қосымшаға сәйкес қызметтердің тізімі қарастырылады.

Транзакциялық қызметтер банк жүйесімен өзара әреке етуге арналған «төлемдік шлюзді» құрғаннан кейін жүзеге асырылатын болады.
4. Алматы қаласы әкімдігінің тиісті ақпараттық жүйелерін дамыту мен жаңғырту
Бағдарламаны жүзеге асыру әкімдікте қолданылатын ақпараттық жүйелердің ішіндегі өзгерістерсіз жүруі мүмкін емес. Бұл көптеген е-қызметтер бұрыннан бар ақпараттық жүйелерді пайдалануға негізделетін, сондай-ақ әкімдіктің кейбір ішкі ақпараттық жүйелері «электронды өкіметті» құру жобасының шеңберінде әзірленетін ақпараттық жүйелермен өзара әрекет ететін болады. Сонымен бірге аталған жүйелерде жинақталатын ақпараттар басқарушылық шешімдерді қабылдау барысында қаланың өміршеңдігін талдауға негіз болмақ. Бұл ақпараттар талдануы үшін талдамалық ақпараттық жүйелерді әрі қарай дамыту және олар талдамалық ақпараттық жүйелерге ақпаратты қажетті бөліктерде беріп отыруы үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді жаңғырту керек.

Қала әкімдігінің бар ақпараттық жүйелерін жаңғырту бағдарламаны жүзеге асырумен қатар жүрмек. Бұған жауапты орган бағдарламаны жүзеге асыруға уәкілетті бөлімшемен бірге әкім аппаратының ақпараттық технологиялар саласындағы уәкілетті құрылымдық бөлімше болып табылады.

Бұл үрдістің шегінде мұқият талдау жүргізілуі және е-қызметтер көрсететін немесе талдамалық ақпараттық жүйе үшін ақпарат беретін әрбір ақпараттық жүйеге арналған жаңғырту жоспары әзірленуі тиіс.
5. Ақпараттық теңсіздікті жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
Интернетті халықтың түрлі әлеуметтік-демографиялық топтарының пайдалануындағы теңсіздік мәселесі Алматы қаласында жалпы Қазақстан Республикасы бойынша айқын байқалмаған, бірақ Алматының Интернет-пайдаланушылары орташа немесе жоғары табысы бар барынша білімді жастар аудиториясын құрайды. Ақпараттық теңсіздік деңгейі азаматтардың барлық санаттарында электронды қызметтерге қол жеткізу мүмкіндігінің болуымен анықталады.

Алматы қаласы тұрғындарының ақпараттық теңсіздігін азайту мақсатында мынадай бірқатар шаралар ұсынылады:



  • Интернетке қоғамдық кіру орталықтарының жүйесін кеңейту;

  • Түрлі, оның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтарына бағытталған компьютерлік технологияларды пайдаланудың базалық дағдыларын оқыту жүйесін енгізу.

Бұл мәселені шешудің бір бағыты қала тұрғындарын ақпараттық қызметтің мәтінді теру, Интернеттен іздеу, деректер қорының жолдарын толтыру және одан іздестіру және т.б. секілді едәуір жиі кездесетін түрлерін жүзеге асыруға жеткілікті АКТ пайдалану дағдыларына оқыту жүйесін құру болып табылады. Бұл деңгей, мысалы, көбіне жұмысқа қабылдау кезінде талап етіледі.

Ақпараттық теңсіздік мәселесін шешу айтарлықтай деңгейде халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтарына қажетті ақпарат пен ақпараттық электронды қызметтерге ақысыз қол жеткізуге мүмкіндік беретін, байланыстың қазіргі заманғы желілеріне, ең алдымен Интернетке қоғамдық қол жеткізу торабының болуымен анықталады.

Ақпараттық теңсіздікті жою мен Алматы қаласы тұрғындарының ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілік деңгейін арттыру мақсатында мынадай бірқатар шаралар ұсынылады:

- Халықтың оған мүмкіндігі жоқ топтарының қазіргі заманғы АКТ қосылу құралы ретінде қазіргі заманғы АКТ қоғамдық қол жеткізу орталықтарының жүйесін кеңейту;

- АКТ пайдаланудың базалық дағдыларына оқыту жүйесін әзірлеу және енгізу, ол мыналардан тұрады:


  • Халықтың түрлі топтарына бейімделген курстар жүйесін ұйымдастыру және даярлау қорытындылары;

  • Курстарды бітірушілерді аттестаттау жүйесін әзірлеу;

  • Оқу орындары мен оқу процесін ұйымдастыру;

  • Мектептердің компьютерлік жаңарту, Интернетке қосылған мектептердің санын арттыру, сондай-ақ мектептерді қашықтан оқытудың ғарыштық арнасына қосу;

  • Қала тұрғындарының ақпараттық қоғамды өмір сүру мен жұмыс істеу дайындығына мониторинг жүргізу мақсатында тұрақты іріктемелі әлеуметтік сауалнамалар жүргізу;

  • Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың электронды қызметтеріне халықтың, мемлекеттік және бизнес-құрылымдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету;

  • Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін, сондай-ақ халықты компьютерлік сауаттылықтың базалық дағдыларына, сонымен бірге «электронды өкіметпен» өзара әрекет ету негіздеріне оқыту;

  • Аудандық әкімдіктерде азаматтардың ақпараттық ресурстарға қоғамдық қол жеткізу пункттерін құру.


6. Ақпараттық ресурстарды және е-әкімдік жүйесін қорғауды амтамасыз ету
Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес мемлекеттік органдардың е-қызметтерді көрсетуі ақпаратты қорғаудың белгіленген талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Ол ақпараттың қорғалуының жоғары деңгейін және е-қызметтерді тұтынушылардың сенімін қамтамасыз етеді.

Осы мақсаттарда базалық компоненттерге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне қойылатын техникалық талаптарды ескеретін, е-үкімет инфрақұрылымының ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасы әзірленетін болады. Қауіпсіздік саясатын анықтайтын нормативтік құжат және ақпараттық ресурстар мен жүйелерді қорғау жөніндегі үлгілік жобалық шешімдер әзірленбек. Бұл е-қызметтерді жобалау сатысында ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осы Бағдарламаның аясында қала әкімдігі ақпараттық инфрақұрылымға Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында құрылған қорғау, е-әкімдік инфрақұрылымы техникалық құралдары мен бағдарламалық өнімдерінің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сертификаттау әдістерін енгізу жөніндегі жұмыстар орындалмақ; Алматы қаласы әкімдігінің ақпараттық қауіпсіздік басқармасы жүйесін жолдамалау мен дамыту.
VІ. Бағдарламаны жүзеге асыру және ұйымдастырушылық қолдау механизмдері (әдістері)
Бағдарламаның Іс-шаралар жоспарының жүзеге асырылуын басқару мен бақылау үшін қала әкімінің басшылығымен ақпараттық ресурстарды басқаруға, қалада жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізуге жауап беретін, ақпараттандыру жөніндегі Комиссия құрылды.

Аймақтағы АКТ құру, дамыту мен енгізу жөніндегі жұмыстардың тікелей ұйымдастырушысы қала әкімінің аппараты болады.

Жыл сайын қаланың бюджетінде Бағдарламаның іс-шараларын қаржыландыруға ақша қаражаты қаралатын болады.

Бағдарламаның жекелеген іс-шараларын жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері және қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері, Бағдарламаның бағыттары бойынша жеке меншік құрылымдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс топтары құрылатын болады.

Бағдарламаның жекелеген іс-шараларының бастамашылары ретіндегі негізгі орындаушылар тиісті сатыларда техникалық тапсырмалар мен орындалған жұмыстардың актілерін келіседі, жұмысты атқарушылардың мүмкін болатын құрамы бойынша ұсыныстар енгізеді, жұмыстың атқарушыларын анықтау жөніндегі конкурстық комиссиялардың жұмысына қатысады.

Аймақтағы ақпараттық технологияларды дамыту мен қолдау үшін бюджеттен тыс қаражаттарды кеңінен тартуға ықпал ететін механизмдерді құруға ерекше көңіл аударылмақ.

Бағдарламаның қатысушыларын нақты үйлестіру мен өзара іс-әрекеттерін қамтамасыз етпейінше, ақпараттық және қызметкерлермен қамтамасыз етуді қалыптастырмайынша, сондай-ақ Бағдарламаны қоғамдық қолдаусыз оны жүзеге асыру мүмкін емес.

Бағдарламаның қатысушылары және оның атқарушыларын үйлестіру және өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету мынадай міндеттерді шешуден тұрады:

- жоспарларды әзірлеу және жұмыстарды мақсатты қаржыландыру тәртібін, құрал-жабдықтарды сатып алу және қызметтің ерекшелігін ескеретін, конкурстық негізде сырттағы ұйымдардың қызметтеріне тапсырыс беру тәртібін қоса, ақпараттандыру жөніндегі жұмыстарды басқару механизмін жетілдіру;

- бұқаралық ақпарат құралдарында және Интернет жүйесінде Бағдарламаның орындалу барысы мен нәтижелерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың даму және олардың қалада, Республикада, басқа елдерде пайдалануы мәселелерін, сондай-ақ Бағдарламаға қоғамның назарын аударуды кеңінен жариялау жөніндегі шараларды жүргізуді ұйымдастыру;

- Бағдарламаны орындау барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту мен енгізуді ынталандыратын шараларды ұйымдастыру және жүргізу.
VІI. Бағдарламаны қаржыландыру
Бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті қаржы ресурстарының үлкен көлемін 850 млн теңге құрайды,оның ішінде жылдар бойынша:



Кезең

Жергілікті бюджет,

млн. теңге



2007 жыл

250

2008 жыл

300

2009 жыл

300

Барлығы

850

2007-2009 жылдары Бағдарламаны жүзеге асыруға кеткен шығындар қала бюджетін тиісті жылға қалыптастыру кезінде нақтылауға жатады.


VІII. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
Бағдарламаны жүзеге асыру азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік басқару органдарының электронды қызметтеріне жылдам әрі тиімді қол жеткізуін қамтамасыз етуге және ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану негізінде мемлекеттік басқару органдарының қызмет ету тиімділігін арттыруға жағдайлар туғызуға бағытталған.

Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде:

- халық пен бизнес құрылымдарға электронды қызметтер көрсетуді дамыту үшін базалық ақпараттық инфрақұрылым құрылады;

- ақпараттық ресурстар мен жүйелердің өзара іс-әрекеті негізінде әкімдік пен оның құрылымдық бөлімшелерінің әкімшілік рәсімдерін оңтайландыру үшін жағдайлар жасалады;

- қаладағы ақпараттандыру үрдістерін нормативтік-құқықтық және әдістемелік қамтамасыз ету әзірленеді;

- жергілікті атқарушы органдардағы бірыңғай құжат айналымы жүйесі жаңғыртылады;

- қала әкімінің ақпараттық портал жетілдіріледі;

- мемлекеттік басқару органдарын ақпараттандыруға жұмсалатын қаражатты оңтайландыру жөніндегі шаралар қабылданады;

- мемлекеттік қызметтер көрсету уақыты қысқартылады;

- мемлекеттік басқару органдары көрсететін бірінші кезектегі базалық электронды қызметтері жүзеге асырылады;

- мемлекеттік басқару органдарының е-қызметтерін пайдаланатын азаматтар мен ұйымдардың үлесі артады;

- 2007 жылдың аяғына қарай қоғамдық қол жеткізу пунктерінің қажетті мөлшері қызмет етеді;



- мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен ресурстарын тиімді қорғау жүзеге асырылады;
ІХ. Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Бағдарламаны жүзеге асыру барысында қажеттілігіне қарай іс-шаралар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
______________________




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет