Көпір(мостик)-негізінен әр аумақтан алыс емес жерге тұрғызуға болады,бірақ ол жер көпірге ыңғайлы жер болуы керек. Көбінесе көпірлерді түрлі су қоймасының жанына орналастырады.Кейбір жағдайларда 2 дөңес жердің ортасына қойған орынды.
Көпірлер түрлі стильде тапсырмаға тәуелді болу керек. Практика жүзінде көпірді тұрғызар алдында аса көңіл бөлген жөн және көпірдің сыртқы көрінісі талапқа сай болуы қажет.Бақтағы көпірлер оларға түсетін ауыртпалық көп болатындығына қарамастан ағаштан жасалады және көпірге мақсатты сәндеу кезінде күтім ж\е жөндеу жұмыстары қажет.Көпірлердің күрделі
орындалатын түрлері тастан ж\е темірден конфигурациялық ландшафтық стильінде көпірді тұрғызу кезінде тәжірибеге мүмкіндік береді.Әрине,оларды орындауға 2 нұсқа беріледі.
Аркалар-ғимараттың көркемдігін көрсетеді, металлдан немесе ағаштан жасалады. Аркалар арқылы бір аймақтан екінші аймаққа өту үшін жасалады, әсіресе жақсы көрінетін арка,шырмалып өсетін өсімдікпен жабылады, кіре берісте тірі қоршау өсіріледі.
Пергола-бұл еркін пішінді рамка, жіппен тартылған. Перголаның жанында шырмалып өсетін өсімдік өсіріледі олар жіпке жабысып өседі; сөйтіп жасыл шымылдық пайда болады. Бұл конструкцияны террассаның жанына тірі қоршаумен, скамейкаларды желден және сырт көзден қорғау үшін жасайды.
Беседкалар-бақтағы барынша танымал көрініс. Жаз мезгілінде демалуға ең қолайлы орын, сонымен қатар бақтағы әдемі және қызықты орын. Негізінен беседканы участоктыі әдемі көрсететіндей участоктың орталығына орналастырамыз.Беседкалар ашық және жабық түрде болады. Жабық беседка шатырын жабу кезінде формасымен пішініне аса мән беріледі.Беседканың қабырғасы біркелкі және торлы болып келеді және қабырғасы міндетті түрде төртеу емес екі және үшеу болып келеді. Беседканың бұл түрі жазда ғана емес көктемде және ерте күзде демалуға қолайлы.
Ашық беседка темір діңгектен және ағаш рейкадан көркемделіп жасалады. Ашық беседканың жанына қысқа мерзімде жабысып тез өсетін өсімдіктерді отырғызамыз. Күннің ыстығында беседкалар жайлы және салқын болады. Бұл беседканың кемшілігі жаз кезінде жауын болғанда ішінде қала алмайтынымыз.Өсімдіктер мен ғимараттардың арасына мүсіндерді орналастырған кезде үйлесімділік болуы керек. Ашық керамикалық мүсіндерді негізінен гүлдердің арасына емес, газонның ортасына орналастырған дұрыс. Кішігірім мүсіндерді жоғарырақ орналастыруға болады, ал үлкен мүсіндерді тегіс жерге және төмен орналастыруға болды.