Қ. Т. Абаева, А. Ж. ҚОжабекова


Көлемді – кеңістікті композиция



бет3/54
Дата02.02.2024
өлшемі5.76 Mb.
#490605
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
ландшафт дизайн

Көлемді – кеңістікті композиция, кеңістік, жазықтық және көлем бір – бірімен тығыз байланысын байқатады.
Біріншіден мақсаты анық, жобаның негізгі идеясын, әрбір элементтің мағынасын ашу .
Композицияның міндеті кеңістік пішінін, яғни геометриялық түрін, көлемін, фактурасын, алатын орнын, түсін және жарық түсуін анықтайды. Әр композицияның сипаттамасы болады.

Геометриялық пішіндер бойынша композиция элементтерінің қатынасы.


Өлшеу қатынасына тәуелді сызықтық, жазықтык және көлемді түрлері айқындалады. Біріншінің сипаттамалық ерекшелігі екеуіне де бір өлшем қолданылады, екіншісінде – екі өлшемдегі тепе – теңдік және үшіншісін бағындырады, көлемдік пішінде барлық өлшеулердің тепе – теңдігі сақталады. Осылай белгілі бір участокта түрлі желекті ағаштар көлемді пішіннің көрінісі болып табылады, гүлзарлар – жазықтық, ал жолдар, бордюрлер және қоршаулар – сызықтық болады.

Көлемі бойынша қатынасы.


Ережеге сай, маңызды эффект жетістігі үшін участокта түрлі көлемдегі өсімдіктерді отырғызады, басқаша айтқанда пішіннің қарама- қайшылық (контрасты) қатынасын қолданады: биік ағаштар қысқа бұталармен, пирамидальді желектер шар тәрізді желектермен үйлеседі т.с.с.
Дегенмен үй маңындағы участокты, бақ немесе саябақ құру кезінде композициялық элементтің көлемін олардың геометриялық пішіндерінен бөлу мүмкін емес. Бақтың түрлі бұрыштарын байланыстыратын жолдар және дұрыс пішінді атыздар, дөңгеленген гүзарлармен үйлесуі мүмкін.

Фактура және заттардың түсі бойынша қатынасы.


Ағаштардың түрлеріне қарай олардың фактурасын жуан (емен), орташа (шегіршін, жөке) және жіңішке (қайың, тал) деп бөлуге болады; түстердің және көгалдағы шөптердің фактурасы әр түрлі түстерде жиналады. Композиция элементін таңдауда гүлзарлардың, тірі қоршаулардың (живая изгородь) және боскеттердің фактурасын ғана ескере қоймай, сонымен қатар ланешафтық элементтерді, яғни түрлі пішіндегі тастарды, қоршау
материалдарын, жол жабындарын, жарықтық лампаларды,скамейкаларды, қоқыс тастағыштарды және т.с.с ескеру қажет.
Ландшафтық дизайнда тастарды таңдау кезінде ерекше назар аударатын жағдай рокарий құруда. Тастар композицияда белсенді акцент болып саналады, жапондықтар тастарды тірі жаратылыс деп санайды. Композицияны одан әрі мәнерлі жасау үшін түс гаммасын қолданады. Алайда өсімдік таңдау кезінде түстердің, пейзаждың және гүлзардың жалпы колоритінің әр маусымда және әр жылда өзгеруін ұмытпаған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет