II тарау Ландшафтық дизайн элементтері Ландшафттық дизайндағы қоршаулар түрі
Ландшафттық дизайнда әдемі жолдар, су қоймалары,тірі қоршаулар, орындықтар, беседкаларды сәндеу мақсатында ғана емес, арнайы стилде ғана учаскелерде анықтау мақсатында қолданылады.
Қоршау, дарбаза, есік. Қоршаулар ландшафттық дизайнда сәндік түрінде ғана емес сонымен қатар учаскенің аяқталғанын корсетеді және сол жерді басқа сырт көздерден қорғап учаскенің шекарасын анықтап көрсетеді.
Бақты қоршайтын қоршаулар әр түрлі материалдардан жасалады: ағаштан, тастан, қыштан, бетон блоктардан немесе темірден. Қора жасалынған материалдарға байланысты етіп жасау керек және көптеген қажеттіліктерге жауап беру керек. Мықты, турақты биіктікте және стилдің барлық жауапкершіліктеріне жеткілікті болуы керек.
Белгілі бір өлшемде биік жер ғана пайдалануға беріледі мысалы: 2,5-3м. Қоршаудың ең жоғарғы биіктігі 3,5м болуы шарт.
Көрші қорадан бөліп тұру үшін және барлық биіктігі 180 см жоғары емес себебі басқа қораларға түсетін күн көзін жаппауы керек. Қоршау ағаштан болса құруға өте жеңіл болады. Егерде қора ағаштан жасалынса тамаша жақсы көрінеді. Ең тиімді ағаш қоршауы каша болып табылады. Бірақ қоршауды ағаш тақтайшалардан да жасауға болады. Ауыл стилінде безендірілген учаскелерге ерекше жақсы жарасатын ағаш қоршаулар. Басты жетіспеушілік ағаш қоршау ұзаққа шыдамайды. Ағаш қора басқа материалдарға қарағанда жаңбыр, қар, желге төзімді келеді. Ағаш қоршаулар көпке сақталуы үшін, оны әрдайым жөндеп тұру қажет. Бұндай қоршаулардың мықтылығын арттыру үшін бояу қоланылады, бірақ көп жағдайда ағаш қоршауларды салу кезінде оның табиғи түсін қалдыруды қалайды.
Кірпіштен жасалған қоршаулар ұзаққа және жағымсыз ауа райы жағдайларына ағаш қоршауларға қарағанда шыдамды келеді. Кірпіш қоршаулар ешбір күтім талап етпей бірнеше онжылдыққа шыдауы мүмкін. Қоршаудың әдемі көрінуі үшін басқа материалдан жасалған түрлі арнамент және қосымша элемент қодануға болады. Релефті кірпіш қалағанда тамаша
көрінеді. Металдан жасалған қоршаулар немесе металды сеткалар арзан және мықтылығынығ арқасында көп тараған. Қарапайым сымдардан әдемі пішіндерді құрастырып, қора жасауға болады. Темір қоршау ұзақ сақтплпды және сәндік қасиетін жоғалтпайды. Бетон қоршау кірпіш қоршауға ұқсас, бірақ өзіндік ерекшелігі бар. Қазіргі таңда бетон қоршау сирек кездеседі, себебі оны құру қиын және еңбекті көп талап етеді. Дайын бетон блоктарды жиі алмастырады. Бетон қоршауларды қолдану жағдайында кез келген түске бояуға болады. Оны ашық түске бояп, және уақыт талабына байланысты түстерін ауыстырып отыруға болады. Бетон құймалар біртегісжәне тесіліп ою салынған түрінде де кездеседі. Ойылып ою салынған бетондарды сыртқы және ішкі
қоршау ретінде пайдалануға болады.
Соңғы жылдары заман талабына сай, керамикалық және әйнек плиталардан, табиғи тастардан және ағаштардан жасалып жатады. Бұл бетон және кірпіш қоршауға қарағанда сұраныста өте көп және басқалардан үлкен айырмашылығы бар: олар мрамор, гранит кірпіш қалаулары болып табылады. Кейбір жағдайларда тірі қоршаулар пайдаланылады. Әсіресе олар дуалдары қисық орналасқан қоршауларда әдемі көрінеді.
Егер қоршау ағаштан жасалынса, оның дарбазасы да есігі де, ағаштан жасалу керек. Кірпіш бетоннан қаланған қоршауларға дарбазасы металлдан және қашадан жасалынған қоршаулар үйлесімді келеді, ал металлдан жасалынған дарбазаларға сым қоршаулар мен жиектемелер жақсы үйлесімін табады. Егер қоршаулар биік болса, онда оның дарбазасы сондай биік немесе аздап кішірек болуы тиіс. Дарбазалардың ені жолдың енімен бірдей болуы керек және еннің ұзындығы 3метрден аспауы керек. Қақпа және калитка құрар алдында мына жағдайларды ескеру керек: үлкен қақпа ішіне қарай калитка сыртқа қарай ашылуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |