КƏСІПОРЫНДЫ САТУ ШАРТЫ
Кəсiпорынды сату шарты бойынша сатушы тұтас алғанда кəсiпорынды мүлiктiк кешен ретiнде сатып алушының меншiгiне (ҚР АК-тiң 119-бабы) беруге мiндеттенедi, бұған сатушы басқа тұлғаларға беруге құқығы болмайтын құқықтар мен мiндеттер қосылмайды. Кəсіпорынды сатып алу - сату шарты жылжымайтын мүлікті сатып алу - сату шартының түрі болып келеді
Кəсіпорын - кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүліктік кешен
Кəсіпорын құрамына кіретін элементтер
- жер учаскелері;
- ғимараттар;
- жабдық, мүлік, шикізат, өнім;
- құқықты талап ету, қарыздар;
- белгілерге деген құқықтар, жекелендірілген кəсіпорын жəне оның өнімдері, жұмыстары мен қызметі (фирмалық атауы, тауар белгілері, күту белгілері);
- басқа да құқықтар
АЙЫРБАС ШАРТЫ
Айырбас шарты бойынша тараптардың əрқайсысы шаруашылық жүргiзудi, оралымды басқаруды басқа тараптың меншiгiне бiр тауарды екiншiсiне айырбасқа беруге мiндеттенедi
Айырбас шартының пəні - тараптардың əрқайсысы бір-біріне тауарды меншікке, шаруашылық жүргізуге, оралымды басқаруға беруге міндеттенеді.
Ерекшеліктері
1)айырбас қатынастары тек тауарларды басқа бір тауар айырбастағанда емес, сонымен бірге тауарларды белгілі бір қызмет, жұмысқа айырбастағанда орын алады, əсіресе егер бір тарап екінші тарап одан белгілі затты жасау үшін материалын артығымен беретін болса; 2)айырбас қатынастарына - бір тауармен екіншісін айырбастағанда, олардың құны бір-біріне сəйкес келуіне байланысты тараптардың бірі қосымша ақшалай өтемақы беретін жағдайлар да жатады
СЫЙҒА ТАРТУ ШАРТЫ
Сыйға тарту шарты бойынша бiр тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншiгiне затты немесе өзiне немесе үшiншi адамға мүлiктiк құқықты (талапты) тегiн бередi немесе беруге мiндеттенедi не оны өзiнiң немесе үшiншi тұлғаның алдындағы мүлiктiк мiндеттен босатады немесе босатуға мiндеттенедi
Сыйға тарту шартының пəні
Объектілер, сыйға тартуға болмайтын заттар
Сыйға тарту шартының формасы
1)заттар, (соның ішінде ақша жəне бағалы қағаздар); 2)өзіне немесе үшінші тұлғаға сыйға берілетін мүліктік құқық
1)айналымнан алынған заттар; 2)шектетілген құқықтар (авторлық құқық жəне т.б.)
сыйға тарту шарты бойынша болашақта берілетін зат міндетті түрде жазбаша нысанда толтырылуы тиіс
Достарыңызбен бөлісу: |