1- дәріс Тақырыбы: Психофизиология пәніне кіріспе Сұрақтары: Психофизиология пәні. Жүйке жүйесінің ролі мен маңызы



бет9/28
Дата04.09.2023
өлшемі144.64 Kb.
#476500
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
Лекция 1-15 Психофизиология

Соматикалық нерв жүйесі экстерорецептивтік сенсорлық және моторлық функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді. Вегетативтік нерв жүйесі ішкі органдарды, тамырлардың, тер бездерінің қызыметін және қаңқа еттерінің, рецепторлардың, нерв жүйесінің өзінің трофикалық иннервациясын камтамасыз етеді. Вегетативтік нерв жүйесінің өзіне ғана тән болатын морфологиялық ерекшелігі бар. Оның ядролары орталық нерв жүйесінің арнайы бөлімдерінде орналасады, сондықтан талшықтары да тек сол ошақтардан шығады; талшықтардың шеткі бөлімдерде бөлініп орналасуда сегментарлық болмайды. Әр талшық диаметрі өте жіңішке болады. Осылармен қатар, вегетативтік нерв жүйесінің талшықтары мидан ішкі органдарға қарай бағытталған жолда міндетті түрде үзіліс жасайды. Мұндай үзіліс жасалатын органдарды шеткі вегетативтік ганглийлер деп атайды. Ганглий нейрондары мен мидан кететін талшықтар арасында синапстік байланыс болады. Ганглий нейрондарының аксондары тиісті ішкі органдарға жетіп, оларды жабдықтайды .
Ганглийдер түрлі органдармен тканьдерге орталық нерв жүйесінің импульстерін жеткізушілер ғана емес, олар шеткі рефректорлық орталықтарда болып есептеледі, сондықтан белгілі дәрежеде ОНЖ -нен тәуелсіз түрде, өз шеңберлерінде, ганглийлерде тұйықталған рефлекторлық доға арқылы әртүрлі рефлекстерді іске асырып ішкі органдар функцияларын реттей алады. Вегетативтік нерв жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерден түрады. Симпатикалық нерв жүйесінің орталықтары жұлынның жоғарғы кеуде (1) сегменті мен ІІ - ІV - інші бел сегменттерінің сұр затының бүйір мүйіздерінде орналасады. Бұлардан басталатын преганглионарлық деп аталатын талшықтар жүлыннан алдыңғы түбірлердегі соматикалық талшықтармен бірге шығады. Одан әрі шекаралық симпатикалық бағанға бағытталады. Баған ганглийлеріндегі нейрондардан постганглионарлық талшықтар шығарады. Бұлар организмнің барлық ішкі органдарын , сондайақ қан тамырларын жабдықтау арқылы қаңқа еттерін, терін, миды т.б. иннервациялайды. Біраз преганглионарлық симпатикалық талшықтар шекаралық баған ганглийлерінен үзіліссіз өтіп, шеткі ганглийлерде аяқталады. Бұлардағы нейрондардан шығатын постганглионарлық талшықтар өз тарапынан құрсақ бөліміндегі органдарға бағытталады.
Парасимпатикалық нерв жүйесінің орталық жүйесінде орталық мида , сопақша мида және жұлынның сегізгөз сегменттерінде орналасады. Көзді қозғалатын нервтің бет, тіл-жұтқыншақ, кезеген және жамбас нервтерінің құрамына кіретін преганглионарлық парасимпатикалық талшықтар өздері жабдықтайтын органдардағы ганглийлерде немесе оларға жақын маңдағы ганглийлерде аяқталады. Ал бұларда постганглийлік талшықтар шығатын нейрондар орналасады.
Көңіл аударатын бір жай, симпатикалық нерв талшықтары парасимпатикалыққа қарағанда организмде әлде қайда кең тараған. Егер симпатикалық нервтер барлық дерлік органдар мен тканьдерді жабдықтаса, парасимпатикалық нервтер қаңқа еттерін, ОНЖ-ің қан тамырларының басым бөлігін және жатырды жабдықтамайды. Олар тек ішкі органдарды және бас органдарын жабдықтайды.
Вегетативтік нерв жүйесі иннервациялайтын көпшілік органдарға, симпатикалық және парасимпатикалық талшықтар қарама-қарсы әсер етеді. Мәселен, кезеген нервті тітіркендіруден жүрек қызметі әлсіреп, соғуы сирейді, ал симпатикалық нерв, керісінше, оның қызметін күшейтіп, соғуын жилетеді; парасимпатикалық әсерлер тілдегі, сілекей бездеріндегі, жыныс органдарындағы қан тамырларын кеңейтсе, симпатикалықтар – оларды тарылтады; парасимпатикалық нервтер – қарашықты кішірейтсе, симпатикалық нервтер – үлкейтеді; парасимпатикалық әсерлер бронхыларды тарылтса, симпатикалық – кеңейтеді; парасимпатикалық нервтер қарын бездерінің қызметін, ішектің жирылып –босауын күшейтеді, ал симпатикалық нервтер оларды тежейді т.с.с. Тұтас организмде бұл жүйелердің қызметтері өзара келіскен, «теңдестірілген»күйде іске асады. Нақты жағдайда, организм қажетіне лайықтанған бағытта керек болса, бірінің қызметі күшейгенде, екіншісінікі төмендейді және керісінше. Бірақ, кейде, бір жүйенің тонусының жоғарылауынан белгілі дәрежеде екіншісінің де тонусы жоғарлайтыны байқалған. Сонымен бірге, мәселен, сілекей безінің қызметін симпатикалықта, парасимпатикалық та әсерлер күшейте алады. Организмдегі барлық органдар мен тканьдердің бұл нервтермен жабдықталуы ылғи да қосарланбайтындығы жоғарыда айтылып өтті.
Вегетативтік нерв жүйесінің барлық деңгейлері аралық мида орналасқан жоғары вегетативтік орталықтарға бағынады. Бұл орталықтар организмдегі көптеген органдармен жүйелердің функцияларын үйлестіреді. Ал олар өз тарапында үлкен ми сыңарлары қыртысына бағынады. Ми қыртысы соматикалық және вегетативтік функцияларды біріктіріп бірыңғай іс-әрекеттік актыларды тудыру арқылы бүкіл организмнің біртұтас жауабын қамтамасыз етеді.
Ерекшелік ретінде айта кететін нәрсе, организм реакцияларының соматикалық компоненттері вегетативтіктерден өзнеше адам еркіне тәуелді түрде орындала алады, яғни оларды ерікке бағындырып күшейтуге немесе тежеуге болады. Басқаша айтқанда олар ылғи да сана бақылауында болады. Вегетативтік компоненттер әдетте мұндай бақылаудан тыс орындалып жатады: кәдімгі күнделікті өмірде адам қалауымен ішкі органдар қызметін өзгерте алмайды. Сондықтан да кейде вегетативтік нерв жүйесін автономды немесе ерікке тәуелсіз деп атайды. Әрине бұлай атау өте шартты түрде ғана мүмкін екендігі түсінікті. Бұған акад. К.М.Быковтың лабораторияларында көптеп жүргізген зерттеулер куә. Бұлар көрсеткендей, кез-келген ішкі органның қызметін шарты рефлекторлық жолмен қалаған бағытта өзгетуге болады. Ендеше вегетативтік нерв жүйесі ми сыңарлаы қытысының бақылауында қызмет атқаратынын атап көрсету керек.
Вегетативтік нерв жүйесі арқылы қозу өту прцесіде түрлі медиаторлардың қатысуында жүреді. Парасимпатикалық нервтердің, сондай-ақ симпатикалық вазодилататорлардың, тері бездерінң симпатикалық нервтернің ұшында ацетилхолин түзіледі, симпатикалық нервтердің постганглионарлық бөлімдерінң ұштарында норадреналин түзіледі.
Вегетативтік нерв талшықтарынң ұштарында түзілетін медиаторларыдң өздері жабдықтайтын клеткаларға соматикалық нервтерде түзілетін медиаторларға қарағанда әсер ету уақыты ұзақ болады. Себебі, бұларда, шамасы, медиаторларды ферменттер активтігі төмен болса керек.
Медиаторлар вегетативтік нерв жүйесі ганглийлеріндегі синапстардың преганглионарлық талшықтары терминальдарында да түзіледі. Мұны алғаш байқағандардың бірі А.В.Кибияков болды. Ол мысықтың жоғарғы мойынының симпатикалық түйініне келетін преганглионарлық симпатикалық талшықтарды тітіркендірген соң, сол түйіннен ағып шығатын Рингер-Локк ертіндісінің құрамынан адреналин тәрізді затты тапқан. Кейін преганглионарлық талшықтар түзетін сипаттарда пайда болатын қоздырушы медиатордың ацетилхолин екендігін анықтады. Ал адреналин симпатикалық ганглийлер нейрондарында тежелу тудыратын медиатор болып шыққан. Ганглийлер синапстарындағы ацетилхолин әрекетінің бір ерекшелігі – оның әсері түйінді атропинмен уландрсада оқтамайды; бірақ никотнмен уландрса ол әсер жойлады. Осыған байланысты оларда ацетилхолин әсерін сезетін құрлымдардың екі типі бар деп есептеледі. Бірі – М-холинрецепторлар–сезгіштігін атропин әсерінен жоғалтады; екіншісі–H- холинрецепторлар–сезгіштігін никотиннің және кейбір басқа ганглиоблокаторлардың әсерәнен жоғалтады. Вегетативтік нейрондар аксондардың ұштарында қай медиатордың түзлетіндігіне қарай ол нейрондарды холинергиялық және адренергиялық деп бөледі. Біріншілердің аксондарының ұштарында қай медиатордың түзілетіндгіне қарай ол нейрондарды холинергиялық және адренергиялық деп бөледі. Біріншілердің аксондарының ұштарында ацетилхоолин жасалады. Аксон терминальдарынан босап шыққан медиаторлар –ацетилхолин мен норадреналин –постсинапстық мембранадағы спецификалық белокпен өзара әрекетке түсіп, комплексті қосылыс түзеді. Ацетилхолинмен өзара әрекеттесетін белок холинрецептор деп, ал адреналинмен немесе норадреналинмен өзара әрекеттесетін белок адренорецептор деп аталады. Адреналинмен норадреналин әсер ететін адренорецепторлардың да екі негізгі түрі бар: α және β. Бұлардың әр түрлі органдарда орналасуының өзіндік ерекшеліктері бар. Кейбір органдарда олардың екеуі де бар, олар бір не қарама-қарсы бағытты реакциялар тудырады; ал екінші біреуінде олардың біреуі ғана кездеседі. Мәселен қан тамырларында екі адренорецептор да бар. Осындағы α – адренорецепторлармен қосылыс түзетін симпатикалық медиатор артериолдарды тарылтады, ал β – адренорецепторлар оларды кеңітеді. Ішектеде α және β – адренорецепторлар болады және олардың екеуі де ішектің бірыңғай салалы еттерінде тежелу тудырады. Жүректе және бронхыларда α – адренорецепторлар болмайды. Мұнда адреналинмен норадреналин тек β – адренорецепторлармен өзара әрекеттесіп жүрек жұмысын күшейтеді және бронхыларды кеңейтеді.

7- дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет