1 – тақырып«Математиканы оқыту әдістемесі»-бастауыш мектептегі математика әдістемесінің негіздері жайлы ғылым Мақсаты


Мектепалды дайындық пен бастауыш мектептен кейінгі сыныптардың математика бағдарламалары



бет5/6
Дата20.05.2022
өлшемі26.91 Kb.
#458271
1   2   3   4   5   6
1 – та ырып«Математиканы о ыту дістемесі»-бастауыш мектептегі м

3.Мектепалды дайындық пен бастауыш мектептен кейінгі сыныптардың математика бағдарламалары.

Оқу әдісі — білім игеру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған оқытушы мен оқушының іс-әрекеттік қимыл-тәсілдері. Оқу мақсаты жолындағы ұстаздың оқыту жұмысы мен шәкірттің оқып – үйрену әрекетінің нәтижелі немесе нәтижесіз болуы осы оқу әдісінен көрінеді.


Оқу әдістерін топтастырудың үш жолы кеңінен қарастырылады.
1.Оқу әдістерін дидактикалық мақсаттарға орай топтастыру. Мұндай топтастыруда ең алдымен оқу мақсатын назарға алады. Оқу мақсатына қол жеткізуге бағытталған мұғалім әрекетіне көп көңіл бөлінеді. Бұл әдістер тобына енетіндер:
- білім жинақтау әдісі (мысалы, 4 сынып математикасында алдымен «1-3 сыныптарда өтілген сандар және шамалар, олармен жүргізілетін амалдар»тақырыбы бойынша алған білімдерін жинақтап, қайталайды да келесі тақырыпта қолданыс табатын мәселелерге ерекше назар аударылады);
- ептілік және дағды қалыптастыру әдісі (мысалы, математиканы оқытудың алғашқы күнінен бастап ауызша есептеу дағдысын қалыптастыру);
- білімді қолдану, пайдалану әдісі (мысалы, амалдардың қасиеттерін есептеулерде пайдалану);
- білім, ептілік, дағдыларды бекіту мен тексеру әдістері (мысалы, есепті теңдеу құру арқылы шығару бойынша оқушылардың білімдерін бекіту және тексеру);
2. Оқу әдістерін білім көзі бойынша топтастыру.
Тәжірибеде негізгі үш білім көзі нақты танылған: сөз, көрінекілік, іс-әрекеттік (практика). Бұл үш әдіс түрі де бастауыш мектеп математикасын оқыту барысында кеңінен қолданылады. Осыған орай бастауыш мектеп математикасын оқытуда қолданылатын сөздік әдістер тобына жататындар: әңгіме, түсіндіру, сұхбат, кітаппен жұмыс т.б. Бастауыш мектеп оқушыларының көру арқылы еске сақтау ерекшелігіне қарай көрінекілік әдістің (көрінекі құралдар пайдалану) орны маңызды. Сонымен қатар бастауыш мектеп математикасын оқыта отырып оқушының математикаға қызығушылығын арттыруда іс-әрекеттік әдістердің (білім және ептіліктер ойын, оқу, қарапайым еңбек) орны ерекше
Әдістемелік сипаттағы проблемаларды шешу үшін төмендегідей әдістер қолданылады: эксперимент; шетел және еліміздің оқыту тәжірибелерін қарастыру және пайдалану; оқушылар мен ұстаздар арасында әңгіме, сауалнама жүргізу, анализ, синтез, моделдеу, және т.б.
Математиканы оқыту әдістемесінің зерттеу әдістері теориялық методиканы жасауда жиі қолданылады. Зерттеу әдісі мен білім беру әдісінің объектілері әр түрлі. Білім беру әдістері мектепте математикадан теориялық білім мен дағдыны қалыптастыруда іске асырылады. Зерттеу әдістері математиканы оқыту әдістемесін теориялық жағынан байытуда жиі пайдаланылады. Зерттеу әдісінің мәні – жаңа проблемаларды шешуге байланысты оқушылардың іздену, шығармашылық іс-әрекетті тәсілдерін ұйымдастыру.
Ғылыми жоба жазуда математиканы оқыту әдістемесінде болжамды тұжырымдарды дәлелдеу үшін эксперимент қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет