1 -тарау ќылмыс ќїрамы


Кылмыстық субъективтік жағының түсінігі және оның маңызы



бет13/15
Дата22.12.2023
өлшемі317.5 Kb.
#487567
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Дип.-Қылмыс-құрамы

3.5. Кылмыстық субъективтік жағының түсінігі және оның маңызы
Егер қылмыстың объективті жағы - қылмыстың сыртқы сипаты болса (қоғамдық қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік, қоғамдық қауіпті салдар, себепті байланыс, қылмыс жасау орны, уақыты, тәсілі, жағдайы, қаруы мен, құралдары), субъективті жағы оның ішкі (объективті жаққа қатыстылығынан) сипаты. Бұл қылмыскердің өзі жасаған қылмысқа ішкі, яғни кінәмен, ниетпен және мақсатпен сипатталатын адамның қылмыс жасау кезіндегі психикалық қатынасы. Қылмыстың субъективті жағын құрайтын белгілерге, аталып өткендей, қылмыстық кінәсі, себебі мен мақсаты, сонымен қатар, қылмыс жасау кезіндегі тұлғаның сезім күйі жатады. Бұл белгілердің әр түрлі мазмұнына қарамастан олар субъективті жағын құрайтын бір топқа бірігеді, себебі олардың барлығы қылмыс жасаушы тұлғаның психикасында болатын процестерді сипаттайды.
Психика адам өмірінің ішкі мазмұнын, оның ойын, сезімдерін, ниетін, еркін білдіреді. Психикалық процестер, әдетте, интеллектуалдық, сезімдік және еркіне қарай болып бөлінеді. Сөйте тұра мұндай бөліңу шартты түрде ғана екенін, мұндай процестер жекелеп (әрқайсысы өз бетімен) өмір сүрмейтіндігін ескеру керек. Тек бірлікпен, интеллект (таным), сезім мен еріктің тығыз бірлігімен ғана адамның психикасының түрі, қылмыстық, тұтас алғанда, субъективті жағы сияқты, оны құрастырушы белгілердің де мағынасы мен мазмұнын анықтау үшін, психиканы құрастырушы элементтерге көңіл аудару пайдалы ғана емес, қажет те.
Қылмыстың субъективті жағын құрайтын белгілердің әрқайсысы қылмыстың психикалық мазмұнын сипаттайды, бірақ әрқайсысы өзінше сипаттайды. Мысалы, кінә - бұл тұлғаның өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс-әрекетіне (әрекетіне немесе әрекетсіздігіне) және оның қасақаналық немесе абайсыздық нысанындағы салдарына психикалық қатынасы. Кінә қылмыстың субъективті жағының, тіпті оны толық қамтымаса да, негізгі белгісі. Қасақана сияқты, абайсыз кінәні де құрастыру кезінде заң шығарушы психиканың екі интеллектуалдық және еркіне қарай элементтерін пайдаланады. Қасақаналық пен абайсыздықтық қылмыстық-құқықтық сипаты үшін психикалық процестердің сезімдік мазмұны есепке алынбайды. Керісінше, әрекеттің қоздырушы себебі және субъективті жағының белгісі болғандықтан, қылмыстық сылтауында қылмыс жасаушы тұлғаның психикасында болып жатқан, көбінесе, сезім процестерінің таңбасы болады. Жеке жағдайларда қылмыс жасаушы тұлғаның сезімінің күйі (мысалы, аффект күйінде болуы, яғни аяқ астынан пайда болған жан күйзелісі), дербес қылмыстық-құқылық мағынаға ие болады (ҚР ҚК-нің 98-бабы), қылмыстың мақсаты, кінә сияқты, интеллектуалдық және еркіне қарай мазмұнымен шектеледі.
Кінә - қылмыстың субъективті жағының міндетті белгісі. Кінә болмаған күнде қылмыстық құрамы да болмайды және болуы да мүмкін емес. Бұл субъективті жақтың қылмыстық істі қылмысты емес істен ажыратып, бөліп отыратын негізгі белгісі. Заң шығарушының кінәға маңызды мағына беретіндігі соншалық, тіпті кінәлі жауаптылық қылмыстық Кодекстің қағидасына дейін көтерген. ҚР ҚК-нің 19-бабының 1-бөліміне сәйкес адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс. Осы баптың 2-белімінде объективті анықтауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық қолданылмайтыны атап көрсетіледі.
Кінәлік жауаптылық қағидасы - заңгерлердің ойлап шьғарғаны емес, бұл - адам қылығын заңды және әлеуметтік адамгершілік тұрғыдан дұрыс бағалаудың қарапайым шарты. Көрнекті Кеңес психологі С.Л. Рубинштейн атап өткендей, "жалган, абстрактілі "обьективизмге" қарама-қарсы айтылатыны: қылықты багалау кезінде өзіне орын алғанының түгел барлығына емес сол объективті түрде өзінше орын алғанның ішінен қайсысы алдын-ала ескерілуі мүмкін еді - тек соған сүйену керек"1.
Осыған байланысты, қылмыстық құқық теориясы мен құқықтық тәжірибе, қылмыстық жауаптылықтың тұлғаның жасайтын қоғамдық қауіпті іс-әрекетіне (әрекеті немесе әрекетсіздігіне) және оның салдарынан психикалық қатынасын (қасақаналық немесе абайсыздық күйінде) ескерумен ғана шектелмейтініне сүйенеді. Жасалган қылмыстың кез келген жағдайы (әсіресе ауырлататын) соттың оларға байланысты кінәлі қатынасын, яғни қасақаналық немесе абайсыздық түріндегі психикалық қатынасын, анықтауынан кейін ғана айыпқа жүктеле алады (заң шығарушының бұл жағдайларды қылмыстық құқықтық нормаларда құрастыру ерекшеліктеріне байланысты).
Қылмыстық мақсаты, себебі мен қылмыс жасау кезіндегі тұлғаның сезім күінің кінәдан айырмашылығы - олар қылмыс құрамынық қажетті белгілері болып табылмайды. Заң шығарушы оларды барлық емес, тек кейбір қылмыстардың ғана құрамының белгілерінің қатарына қосады және бұл жағдайларды оларда қылмыстық жауаптылықтың негізіне айналады. Қылмыс құрамының белгілері болмағаны күнде де олар жеңілдетуші не ауырлатушы жағдай ретінде, жазаның тағайындалуына айтарлықтай ықпал жасайды. Тіпті, бұл белгілердің қылмыстық жауаптылық пен жаза үшін жеке мағынасы болмаган жағдайда да, олардың қылмысты анықтаудағы, қасақана кінэ мен абайсыздықты ажыратудағы мағынасының маңыздылығы сирек емес. Сондықтанда қылмыстық құқық кінәлі жауаптылық қағидасымен ғана шектеліп қоймайды, бірақ субъективті жүктеу көзқарасын үстайды. Оның мағынасына кешеек, қылмыс жасаған тұлғаның қылмысты жауаптылығы мен оны жазалау мәселесін шешер кезде тұлғаның өзі жасаған қоғамдық қауіпті іс-әрекеті (әрекеті мен әрекетсіздігі) мен оның салдарына кінәлі қатынасы ғана есепке алынбай, қылмыстың субъективті жағының басқа элементтері де, яғни қылмыстың себебі мен мақсаты, тұлғаның қылмыс жасау кезіндегі сезімінің күйі де ескеріледі. Тергеу мен сот үшін анықтау және дәлелдеу жұмыстары кезінде қылмыс құрамының барлық элементтерінің ішіндегі ең күрделісі – дәл осы субъективті жағы болып табылады. Бұл түсінікті де, себебі қылмыс жасаушының ойына, ниетіне, тілегіне, сезіміне жол табу, қылмыстық объективті жағын анықтаудан анағұрлым қиындау. "ішінде не барын кім білсін" деген бекер емес шығар. Сондықтанда, тұлғаның өзі жасаған қоғамдық қауіптә іс-әрекеті мен оның салдарына психикалық қатынасының қандай да болмасын түрін анықтауда, оның себебін, мақсатын, сезімдердің ("әдетте осылай болады", "көбіне осылай жасайды" деумен дәлелденетін), анықтауда барлығына ортақ қолдануға болмайды және олай болуы мүмкін емес. Орыстың көрнекті әдебиет сыншысы В.Г. Белинскийдің әр-түрлі адамдардың қылығын бақылау үшін бірдей тәсіл қолдануға қарсы: "Түлғалар сансыз және алуан түрлі, адам рухының әр-түрлі жағы сияқты, оның барлық жағының да жасап келе жатқандығы - оның қажеттілігінен... Сондықтан, біреудің тұлғасын басқаның тұлғасына шақтаудан асқан әділетсіздік жоқ, ол, бәрі-бір, ешқашан дәл келмейді, бәрі-бір болады"1. Сондықтан, қылмыстың субъективті жағын бағалауға біркелкі (жеке басқа бейімделмеген) келу, қылмыстық заңды, одан келіп қылмыстық істер бойынша әділ сот аясындағы адам құқығын пайдалануда өте өрескел қателерге соқтыруы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет