1 -тарау ќылмыс ќїрамы


ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................49 БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ТІЗІМ



бет2/15
Дата22.12.2023
өлшемі317.5 Kb.
#487567
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Дип.-Қылмыс-құрамы

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................49


БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ТІЗІМ.........................................................................51


ҚОСЫМШАЛАР..................................................................................................53


КІРІСПЕ
Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына он жылдан аса уақыт болды. Осы жылдар ішінде көптеген іс тындырылғаны мәлім. 1997 жылы шілденің 16-сында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап занды күшіне енді.
Қазақ ССР - інің 1959 жылы қабылдаған Қылмыстық кодексінің нормалары өмірімізде орын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай келмегендіктен, жаңа кодекстің қабылдауына байланысты өз күшін жойып, 1998 жылдың 1 қаңтарынан әрі қарай қолданылмады. 1959 жылғы Қылмыстық кодекс кеңестік таптық идеология түрғысында, әкімшілдік - әміршілдік жүйе мен орталықтандырылған жоспарлы экономика принциптеріне нсгізделгсн еді. Сондықтан өмірдің өзі ескі идеологиядан арылған, нарықтық қатынастар жағдайына үйлесетін, адам құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық - құқықтық қорғауды барынша қамтамасыз ететін жаңа қылмыстық заңның болуын қажет етті. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі Қазақстан Республикасы Конституциясының және халықаралық құқықтың жалпы жүрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген.


1 – ТАРАУ. ҚЫЛМЫС ҚҮРАМЫ
1.1. Қылмыс құрамының түсінігі мен маңызы
Қылмыстың анықтамасы кез - келген қылмысқа тән құқықтық және әлеуметтік белгілерін көрсетеді. Бұл белгілер (қылмыстық құқыққа қарсылық, қоғамға қауіптілік, кінәлілік және жазалық) басқа қылмыс болып табылмайтын құқық бұзушылық пен қылмыстық әрекеттерді бір-бірінен ажыратуға көмектеседі. Бірақ көрсетілген белгілер бойынша бір қылмысты екінші қылмыстан ажыратуға болмайды. Мысалы, ұрлықты тонаудан, я болмаса кісі өлтіруден. Себебі аталған қылмыстар қылмыс түсінігін құрайтын белгілерге ие.
Көптеген қылмыстардың ішінен нақты бір қылмыстарды бір - бірінен ажырату үшін (мысалы, кісі өлтіру мен зорлауды немесе қорқытып алушылық пен алаяқтықты) қылмыс құрамы деген түсінікті пайдаланамыз.
Қылмыстық құқық ғылымында қылмыс құрамын ғылыми негізді зерттеуде А.Н. Трайнин үлкен үлес қосқан1.
Қылмыстық құқықтық теориясында қылмыс құрамы деп, қылмыс болып табылатын қоғамға қауіпті әрекетті сипаттайтын, қылмыстық заңмен белгіленген объективтік және субъективтік белгілердің жиынтығы деп түсіндіріледі. Қылмыс құрамының түсінігі, теорияға қылмыс құрамының элементтері деп аталатын белгілердің төрт тобын құрайды. Бұл қылмыстың объектісі, объективтік жағы, субъектісі және субъективтік жағы. Яғни, бұл элементтердің жалпы құрамын құрайтын белгілердің мазмұны бойынша бір қылмыс екінші бір қылмыстан ажыратылады. Қылмыс объектісі - қылмыстық қол сұғушылықтың нәтижесінде зиян тигізілетін немесе тигізілуі мүмкін және осы қол сұғушылықтан қылмыстық кодекстің 2 - бабының 1 - ші бөлігінде көрсетілген: адам мен азаматтың қүқықтары, бостандықтары мсн заңды мүдделері, меншіктің, үйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, қоршаған орта, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастағы, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделері және бейбітшілік пен адамзат мүдделері.
Қылмыстың объективті жағы - қылмыс объектісіне зиян тигізетін немесе зиян тигізу қаупін туғызатын, сонымен қатар белгілі шартты жағдайларда осы зиянды тигізетін қылмыстық заңмен қарастырылған қоғамға қауіпті әрекеттердің немесе әрекетсіздіктің сыртқы сипаттамасы. Сонымен қатар қылмыстың объективті жағының белгілеріне қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздіктен және қоғамға қауіпті зардаптың басқа қоғамға қауіпті әрекет пен қоғамға қауіпті зардаптың арасындағы себептік байланыстар, қылмыс жасаудың әдісі, құралдары мен қарулары, орны, уақыты және жағдайлары жатады.
Қылмыс субъектісі болып, дені сау, қылмыс жасаған және жасаған әрекеті бойынша қылмыстың жауаптылыққа тартылуға қабілеттілігі бар жеке түлға. Мұндай қабілеттілік қылмыстың жауаптылық басталатын жас шамасымен (ҚР ҚК-нің 15-бабы) және тұлғаның ақыл-есінің дұрыстығының, яғни өзінің істеген іс-әрекетіне жауап беретін және оны басқара алатындығымен анықталады. Мүндай қабілеттілікті жоққа шығаратын ақыл-есінің дүрыс еместігі жөнінде ҚР ҚК-нің 16-бабында көрсетілген. Кейбір шет ел мемлекеттерінің қылмыстық заңдарында жеке тұлғалардың жауаптылығымен бірге заңды тұлгалардың қылмыстық жауаптылығы бар екендігі жөнінде айта кету керек. Айталық, Нью-Йорк штатының ҚК-де кейбір қылмыстардың субъектісі болып корпорациялар табылады. Яғни оларға арнайы айып, өндірісті тоқтату тағы басқа сол сияқты санкциялар қолданылады. Заңды тұлғаларға қылмыстық - қүқықтық санкцияларын қолдану (мысалы, экологиялық зиянды өндіріс орындарына) ондай өндіріс орындарының иесіне немесе басшысына "тисін" деген мақсатпен емес, сол өндіріс орнының барлық қызметкерлеріне бірдей экологиялық зиянды өндіріспен айналысу экономикалық пайдасыз екенін көрсету.
Еуропа кеңесінің жанындағы қылмыс мәселелері жөніндегі комитет 1978 жылы еуропалық мемлекеттің заңгерлеріне заңды түлғаларды экологиялық қылмысы үшін қылмыстық жауаптылықтың субъектісі деп тану жолына тұру керек дегенді үсынған. Мүндай үсыныс қазіргі кезеңде Англияның қылмыстық заңдарында және Францияның жаңа қылмыстық кодексінде жүзеге асырылған. Әрине, заңды тәжірибеде жеке түлғаның жауаптылығымен бірге занды тұлғаның жауаптылығын көрсету, бүл прогресс пен демократияның салмақты жетістігі болып табылады. Сондықтан да ол жалғыз ғана мүмкіндік болып табылатын жерлерде, ол мүлтіксіз болу керек. Ал, өмірдің өзі осы қағиданы пайдалануды яғни заңды тұлғаларды қылмыстық жауаптылыққа тартуды ұсынса, онда ол алғашқысымен бірге өмір сүре алады және ол оны толықтыра түседі. Қылмыс қүрамының субъективтік жағы қылмыскердің қоғамға қауіпті әрекетіне немесе әрекетсіздігіне олардан туатын қоғамға қауіпті зардаптарына байланысты психикалық қатынасын сипаттайтын жағдайлар болып табылады. Бұған кінә және оның нысандары, қылмыстың жасау мақсаты мен себептері жатады (ҚК-тің 19,20, 21-баптары).
Қылмыс құрамы - бұл көрсетілген объективті және субьективті белгілердің міндетті жиынтығы. Ол осы белгілердің тұтастығы арқылы болады. Сонымен қатар әрбір құрамның белгісі басқа белгілермен тығыз байланыста болады және олардың қылмыс құрамынан тысқары өз алдында болуы мүмкін емес.
Қылмыс құрамының белгілері қылмыстық заңмен реттеледі, соның ішінде ең алдымен ҚК-тің ерекше бөлімімен құрастырылады. Бірақ қылмыс құрамының белгілерін көрсететін белгілер ҚК-тің жалпы бөлімінде де бар. Көбіне олар қылмыс құрамының көпшілігіне немесе барлығына тән ортақ белгілеріне арналған. Мысалы, ҚК-тің 2-бабының 1-ші бөлігінде қылмыс объектісінің түрлері туралы 19-22-баптарда қылмыстың субъективті жағының белгілері туралы 14-16-баптарда қылмыстың субъектісі туралы, 27-31-баптарда алдын - ала және бірлесіп жасаған қылмыстың әрекеттері туралы айтылады.
Қылмыс құрамының белгілері екі топқа бөлінеді: қажетті және факультативті. Ешқандай құрамның сол белгілерсіз сипаты болмайтын белгілер қажетті деп аталады. Сондықтан олар кез - келген қылмыс құрамының белгісі болып табылады. Мұндай белгілердің жоқтығы кез-келген қылмыс құрамының жоқтығын көрсетеді. Мұндай белгілер мысалы, кінә және қылмыстың заңмен рұқсат етілмеген әрекет еткен адамның ақыл - есінің дұрыстығы.
Факультативті белгілер деп қылмыс құрамы үшін міндетті, ал екінші бір қылмыс құрамы үшін міндетті емес белгілерді айтамыз. Мысалы, ауырлататын мән - жайлар арқылы қасақана кісі өлтіруге, пайдақорлық немесе бұзақылық сияқты себеп ең керектісі болып табылады және ол ҚР ҚК-нің 96-бабының 1-ші бөлігі "3" және "И" тармақтары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады, ал қасақана ұрып соққаны үшін (ҚК-тің 106-бабы) себеп қылмыс құрамына ықпал етпейді, сондықтан да ол факультативті болып табылады. Бірақ қылмыс құрамының бар ма, жоқ па екеніне әсер етпесе де факультативті белгілер қылмыстық жауаптылықтан тысқары қала алмайды. Олар жаза тағайындаған кезде жауаптылықты жеңілдете немесе ауырлата алады.
Айтып өткендей қылмыс құрамының белгілері қылмыстық заңда қаралады. Бұл барлық белгілер ҚК-тің арнайы баптарының дизпозициясында міндетті түрде аталады деген сөз емес, бірақ қылмыс құрамының көпшілігіне байланысты бұл жағдайлар ҚК-тің диспозициясында көрсетілген. Бұл бойынша В.Н.Кудрявцев былай дейді, "заң шығарушы шын мәнінде құрамды емес, қылмыстық - қүқықтық нормаларды құрайды, ал оларда қылмыс құрамының белгілері аз мөлшерде немесе көп мөлшерде болсын толығымен айтылады. Бұл белгілер адамның санасынан тысқары объективті өмір сүреді, сонымен қатар олар әрбір нақты қылмысқа тән, заң шығарушының міндеті, бұл жерде, заңда осы белгілерді дәл және тереңірек тауып анықтау болып табылады. Сондықтан да заңның баптарының дизпозициясы, қылмыс құрамының элементтерін ғана көрсетеді, оның өзі толығымен емес"1. Сонымен, қылмыс құрамының қажетті немесе факультативті белгілерін анықтау қылмыстық заңға түсінік беру барысында пайда болады.
ҚР ҚК-нің 3-бабында, қылмыс жасау, яғни осы кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден - бір негізі болып табылады, - деп атап өткен. Қылмыс құрамы қылмыстық жауаптылықтың негізі екендігі туралы қылмыстық іс жүргізу заңдарында да нақты айтылған. Сондықтан да оның нормаларына сәйкес, егер жасалынған әрекетте қылмыс құрамы болмаса қылмыстық іс қозғалмайды, ал қозғалған қылмыстық іс қылмыс құрамы жоқ болғандықтан өндірістен қысқартылуға жатады. Сонымен қатар сот үкім шығарған кездегі ең басты міндеті сол істелінген әрекетте қылмыс құрамы бар ма, жоқ па соны анықтау деп көрсетілген. Егер жасалынған іс - әрекетте қылмыс құрамының жоқтығы анықталса, онда сот ақтау үкімін шығарады. Ал қылмыс құрамының жоқтығы деп біз жеке тұлғаның істеген іс-әрекетінде жоғарыда атап өткен қылмыс құрамының бір белгісінің болмауын айтамыз. Демек қылмыстық қүқықтағы қылмыс құрамының мәні сол, ол қылмыстық жауаптылыққа тартудың бірден - бір және жеткілікті көрсеткіші болып табылады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет