Тәуелсіз қолданушы
|
B2
|
Тақырыбы өте таныс, күрделі аргументациямен оқылған көлемді баяндамалар мен дәрістерді түсінемін. Болған оқиғаларға байланысты көрсетілген барлық жаңалықтар мен репортаждарды түсінемін. Кейіпкерлері тек әдеби тілде сөйлейтін көптеген фильмдердің не туралы екенін түсінемін.
|
ДИАЛОГ
Дайындықсыз, сол тілде сөйлейтін адамдармен емін-еркін сөйлесе аламын. Өзіме таныс мәселе бойынша өткізілетін пікірталастарға қатысып, өз ойымды білдіре аламын.
МОНОЛОГ
Мені қызықтыратын көптеген мәселелер бойынша өз ойымды түсінікті және нақты жеткізе аламын. Өзекті мәселелер бойынша «дұрыс» және «бұрыстығын» анықтай отырып, өз ойымды білдіре аламын.
|
Мен қазіргі проблемаларға байланысты жазылған, авторлары атақты немесе ерекше ойды білдіретін мақалалар мен мәліметтерді, қазіргі қарасөзбен жазылған шығармаларды түсінемін.
|
Мені қызықтыратын көптеген мәселелер бойынша түсінікті толық мәлімдемелер жаза аламын. Кез келген мәселелерді нақтылай немесе «дұрыс» және «бұрыстығын» көрсете отырып, эссе немес баяндама жаза аламын. Хат жаза отырып, мен үшін өте маңызды оқиғаларды, алған әсерлерімді ерекше көрсете аламын.
|
B1
|
Жұмыста, мектепте, демалыс орындарында, т.б. жерлерде күнделікті естіп жүрген таныс, әдеби тілде айтылған сөздерді түсінемін. Радио, теле бағдарламаларда көрсетілген оқиғалардың не туралы екендігін және менің жеке немесе кәсіби қызығушылығыма байланысты айтылған әңгімелерді түсінемін. Бірақ ол үшін сөйлеушінің тілі нақты және баяу болуы қажет.
|
ДИАЛОГ
Мен күнделікті естіп жүрген және мені қызықтыратын (мысалы, «отбасы», «хобби», «жұмысым», «саяхат» т.б.) тақырыптар бойынша алдын ала дайындықсыз, емін-еркін сөйлесе аламын.
МОНОЛОГ
Бір нәрседен алған әсерім, басымнан өткен оқиғалар, арманым, тілегім туралы жай сөйлемдер арқылы шағын мәтіндер құрастыра аламын. Өзімнің көзқарасымды және тілегімді шағын түрде негіздей аламын. Болған оқиға туралы немес кітап, көркем фильмнің желісі туралы оған өз ойымды қосып айта аламын.
|
Күнделікті және кәсіби қатынастарда жиі қолданылатын тілдік материалындағы мәтіндерді түсінемін. Жеке бір тұлғаға арналып жазылған оқиға туралы, сезім, ниет білдірілген хаттарды түсінемін.
|
Мен өзіме таныс немесе өзімді қызықтыратын тақырыптар бойынша жай сөйлемдер арқылы мәтіндер құрастыра аламын.
Өзіме қатысты, тебірену, әсер алу сияқты сезімдерді білдіретін хат жаза аламын.
|
8.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, детальді ақпараттарды анықтау;
8.2.5.1 пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру
8.3.3.1 прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс-әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру
8.4.5.1 тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздер)
|
|
|