1.2-тапсырма. Берілген сұрақтарға тәжірибеңізбен байланыстыра отырып, толық жауап беріңіз.
Жаңа сөздер қандай критерийлер арқылы таңдалады?
Балалардың сөздігін байыту, яғни оқушыларға олар бұрынғы білмейтін жаңа сөздерді үйрету, олардың мағынасын түсіндіру;
Сөздіктерін анықтау, яғни бұрыннан білетін сөздерінің мағына түсініктерін тереңдете түсу (мағыналарындағы түрлі айырмашылықтарды синонимдер, антонимдер арқылы көп мағыналы, басқа мәнділіктерді талдау арқылы т.б.).
Сөздіктерін қолдануға мүмкіндік жасау, яғни әрбір оқушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда, мүмкіндігінше, ыңғайына қарай көбірек қосып отыру;
Әдеби тілге жатпайтын сөздерді түзету, сөздердің айтылуын дұрыстау; Актив лексикалық минимум мен пассив лексикалық минимумды қалай таңдайсыз? Тәжірибеңізден мысал келтіріңіз.
Мысалы 1 –сыныпта актив лексикалық минимум мен пассив лексикалық минимум бірінші «Өзім туралы»бөлім бойынша 17 сөз. Екінші бөлім бойынша «Менің отбасым және достарым » 12 сөз, «Саяхат » бөлімі 16 сөз, «Талғам мен сусын» 14 сөз, «Тәні садың-жаны сау» 14 сөз. Барлығы 73 сөзді қамтиды. Сабақ сайын 3 немесе 4 сөзден аспауы керек.
Оқушыға бір сабақта қанша сөз меңгерткен дұрыс деп есептейсіз және неліктен?
Оқушылар бір сабақта 3-4 сөз меңгергені дұрыс деп ойлаймын. Өйткені олар сөйлем құрастырарда ұмытып немесе шатасып қалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |