Базалық қолданушы
|
A2
|
Өзіме қатысы бар (өзім туралы, отбасым, сатып алынған заттар, тұратын жерім, жұмысым туралы) жеке тіркестер мн шағын сөйлемдерді түсінемін. Көлемі жағынан шағын, анық айтылған хабарландыруларда не туралы баяндалғанын түсінемін.
|
ДИАЛОГ
Өзіме таныс және қызметіме байланысты тақырыптар бойынша ақпаратпен алмаса аламын. Тұрмыстық тақырыптарға қатысты шағын сөйлемдер арқылы диалогке түсе аламын, бірақ біреудің көмегінсіз, өз бетіммен әңгімелесе алмаймын, өйткені барлық сөздерді түсіне бермеймін.
МОНОЛОГ
Жай тіркестер мен сөйлемдер арқылы өзімінің отбасым және басқа адамдар туралы, өмірім жайлы, оқуым, бұрынғы не қазіргі жұмысым туралы әңгімелерге қатыса аламын.
|
Мен көлемі жағынан шағын, жай сөйлемдермен жазылған мәтіндерді түсінемін. Жарнама, мәзір, кесте сияқты күнделікті кездесетін сөз және сөйлемдерден қажетті ақпараттарды таба аламын. Жеке тұлғаға қатысты хаттардың мағынасын түсінемін.
|
Шағын хаттар мен хабарламаларды жаза аламын. Өзіме қатысы бар (біреуге алғыс білдіру сияқты) шағын хаттар жаза аламын.
|
8.1.3.1 оқу-еңбек тақырыптарына байланысты күрделі сөздер мен тұрақты тіркестердің мағынасын түсіну
8.2.1.1 тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрау;
8.3.4.1 мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау
8.4.5.1 тақырып бойынша сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану
|
A1
|
Мен күнделікті өзіме, отбасыма немесе қасымдағы адамдарға асықпай және анық айтылған жеке таныс сөздер мен өте шағын сөйлемдерді түсінемін.
|
ДИАЛОГ
Егер менімен сөйлесіп отырған адам түсінбей қалған сөздерімді асықпай, баяу қайталап немесе басқа сөзбен түсіндіріп, маған ойымды жеткізуге көмектессе, мен ол адаммен сұхбаттаса аламын. Өзіме таныс және өзімді қызықтыратын тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, дәл сондай сұрақтарға жауап бере аламын.
МОНОЛОГ
Жай сөйлемдер арқылы өзімінің тұратын жерім, таныстарым туралы айтып бере аламын.
|
Мен хабарландыру және плакаттарға немесе түрлі каталогтарға жазылған таныс атаулар, сөздер, сондай-ақ таныс сөздері бар жай сөйлемдерді оқығанда мағынасын толық түсінемін.
|
Мен шағын (мысалы, мейраммен, туған күнімен құттықтау) ашық хаттар жаза аламын, формуляр толтыра аламын, өзімнің тегімді, ұлтымды, мекен-жайымды қонақ үйдің тіркеу парағына енгізе аламын.
|
8.1.5.1 тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау
8.2.1.1 тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрау
8.3.3.1 прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс-әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру;
8.4.5.1 тақырып бойынша сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану
|
Ә) Сіздің сыныбыңыздағы оқушылардың білім деңгейі осы құзіреттілік деңгейлеріне қаншалықты сәйкес келеді? Сәйкес келмесе, неліктен? Өз ойыңызды тұжырымдаңыз.
Менің сабақ беріп жүрген сыныбымда оқушылардың білім беру деңгейі осы құзыреттілікке сәйкес келеді. Себебі оқушылар сабақ барысында сабақ мақсатымен танысқан соң ,тапсырмаларды жеңіл орындайды. Тыңдалым ,айтылым,оқылым,жазылым тапсырмаларында мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, ақпараттың өзектілігін анықтайды, мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізеді, тақырып бойынша сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |