Қолдалынған әдебиеттер:
1.Ырғызбек Әміреұлы статистиканын жалпы теориясы, Алматы: Экономика 1998 ж.- 245б.
2. Громыков А. Общая теория статистики , М.: 2000.- 340б.
Өзіндік бақылау сұрақтары:
-
Статистикалық график дегеніміз не?
-
Графикалық әдіс түрлеріне сипаттама бер?
-
Статистикалық методологияға түсініктеме дегеніміз не?
-
Қазақстанда өңдеу стстистикасының қалыптасуы мен дамуы қандай?
Ұсынылатын әдебиет:
1. УММ, Сейлгазина С.М.,2010,145б
2. Викторов П.И. Методика и организация зоотехнических опытов, М., ВО «Агропромиздат», 1991, 110 с.
3. Овсянников А.И. Основы опытного дела в животноводстве, М. «Колос», 1976, 302 с.
Дәріс 14
Тақырыбы: Рефераттың жазылу әдістемесі
Дәріс жоспары:
1. Реферат туралы түсінік.
2. Реферат құрылымы.
1. Реферат (от лат. refero - «баяндаймын») - ғылыми проблемалар (жағдай) мен ғылыми конференциялардың қорытындысы жөніндегі мәліметтер мен қандай да бір кітаптардың қысқаша түріндегі жазбаша немесе ауызша мазмұны.
ЖОО рефератының көлемі 20 беттен тұрады.
Рефератты жазу үшін:
Тақырыпты таңдау. Ол қызықты және өзекті болуы қажет
Ең бірінші осы тақырып бойынша әдебиет іздейміз және қазіргі заманғы әдебиеттерді қолдануға тырысамыз.
Рефераттың негізгі бөлімінің жоспарын сызып қоямыз.
Негізгі бөлімін жазғаннан кейін кіріспені жазамыз, өйткені рефераттың міндеттері сәл өзгеруі мүмкін және кіріспені өзгертуге тура келеді.Алғашқы жазылғанды оқытушыға көрсетеміз.
Аяқталған жұмысты шығарып, қысқаша баяндама жасаймыз (5-7 мин), ол рефератты қорғау кезінде қажет
2. Реферат құрылымы.
КІРІСПЕ. Тақырыпты таңдауды негіздеу, оның өзектілігі.жұмыстың мақсаты мен міндеттері Қолданылған әдебиетке қысқаша шолу жасау.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ . тақырыпты ашу, әрбір бөлімінң соңында қорытында жасау
Қорытынды. Келелі мәселені шешуде өзінің көзқарасы
Рефератты безендіру.
Сыртқы парақ оқу орнының стандарттары бойынша жасалады, келесі мәліметтерді құрайды:
ЖОО атауы
Факультет және кафедра атауы
Реферат атауы
Орындаушының фамилиясы и тобы
Тексерушінің фамилиясы және ғылыми дәрежесі
Сыртқы парақ бірінші болып саналады, бірақ бетке номер қойылмайды.
МАЗМҰНЫ – беттің номерленген белгілерінің мазмұны.
Мазмұны бірінші бет болып саналады
Жұмыс мәтіні (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды).
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ – толық бибилиографиялық мәліметтері көрсетілген тізім.
Өзіндік бақылау сұрақтары:
1. «Реферат» термині нені білдіреді?
2. Реферат қандай пунктерден құралады?
3. Реферат қалай рәсімделеді?
Ұсынылатын әдебиет:
1. УММ, Сейлгазина С.М.,2010,145б
2. Викторов П.И. Методика и организация зоотехнических опытов, М.: ВО «Агропромиздат», 1991.- 110 с.
3. Овсянников А.И. Основы опытного дела в животноводстве, М. «Колос», 1976, 302 с.
Дәріс 15. Ғылыми дипломдық жұмысты (жоба) дайындау.
Дәріс жоспары:
1. Мақсаты, дипломдық жұмыстың міндеттері
2. Дипломдық жұмысты орындауға дайындық
3. Дипломдық жұмыстың құрылымы және талаптары
1.1 Дипломдық жұмыс түлектің квалификационды жұмысы болып табылады, оның жалпы теориялық және профессиональді дәрежесінің дайындығын көрсетеді. Орындалу дәрежесі және мемлекеттік емтихан нәтижесі бойынша комиссия түлекке сәйкес квалификация мен дипломды беру (өте жақсы, жақсы, бакалавр) тағайындайды.
1.2 Дипломдық жұмыстың жазылу мақсаты – білім стандарт талаптарына сәйкесінше түлектердің дайындық дәрежесін көрсету және мамандықтың квалификационды мінездемесі, ол сәйкесінше квалификацияны тағайындау және дипломды беру қызметін атқарады.
1.3 Дипломдық жұмыстың жазылу мақсатқа жету үшін студент-түлек міндетті:
- заңдылықтарды және нормативтік актілерді, қазіргі әдебиет және шет ел авторларын , оның формаларын, бағыттарын,факторларын т.б. меңгеру;
- жинау, жалпылау және нақты шаруашылықтың мәліметтерін сараптама жасау немесе зерттеу обьектісі болатын басқа субьект экономикасы, тенденцияны анықтау үшін және процестің немесе құбылыстың даму заңдылықтарын оқу ;
1.4 Дипломдық жұмыстың мазмұны және қорғау кезінде қарастырады:
- білім дәрежесі, түлектің мамандық бойынша білімі;
- білім аймағына сәйкес әдебиет көздерін жалпылау;
- ғылыми зерттеуді өзі жүргізу қабілеті, жүйелеу және мәліметтерді жалпылау;
- қорытынды жасау, тәжірибелік рекомендация және дипломдық зерттеу нәтижелері бойынша басқару шешімі.
1.5 Дипломдық жұмыс келесі талаптарға:
- келелі мәселелерді қарастыру;
- ғылыми зерттеу элементтерін және өзекті тақырыптарды орындау;
- нақты құрылымға жауап беру
- экономикалық-математикалық әдістерді және модельдерді қолдану арқылы орындау;
- нақты аргументтерді келтіру, кестелерді,графиктерді,схемаларды қолдану;
- рекомендациямен және дәлелденген қорытынды арқылы аяқталады.
2 Дипломдық жұмысты орындауғы дайындық
2.1 Дипломдық жұмысты орындауға дайындық келесі этаптардан тұрады:
- тақырып таңдау;
- дипломдық жұмысты осы тақырып бойынша орындауға рұқсат алу үшін өтініш жазу;
- дипломдық жұмысты орындауға тапсырма құру.
2.2 Дипломдық жұмысты орындауда тақырыпты таңдау жауапты кезең болып табылады. Дипломдық жұмыс тақырыбы келесі талаптарды қанағанттандыру керек:
- мамандыққа сәйкес болуы;
- өзекті болуы;
- технология, техника, ғылымның перспективті дамуы және қазіргі жағдайға сәйкес болу керек;
- шаруашылыққа, ұйымға қызығушылық туғызу керек.
2.3 Дипломдық жұмыс тақырыбын таңдау кезінде ескеру қажет:
- өңдеу дәрежесін және әдебиетте зерттелетін келелі мәселелердің жариялылығы;
- дипломдық жұмыстарды орындауға қажетті мәліметтерді алу мүмкіндіктері;
- қызығушылық және қажеттілік;
- студенттің қабілеттілігі, оның теориялық және практикалық дайындығы.
2.4 Дипломдық жұмыстың тақырыбы кафедрада өңделеді және факультет Советінде бекітіледі. Студент өзінің дипломдық жұмысының тақырыбын ұсынуға мүмкіндігі бар.
2.5 Студент дипломдық зерттеу тақырыбын таңдағаннан кейін кафедраның меңгерушісі атына өтініш жазады. Студенттің тақырыбы және ғылыми жетекшісі бекітіледі.
2.6 Күндізгі оқу бөлімінің студенттеріне дипломдық жұмыстың тақырыбын өндірістік тәжірибеге дейін бекіту қажет.
2.7 Дипломдық жұмыстың жетекшілері студенттің келісімімен университеттің профессорлық-оқытушылық құрамынан , сонымен қатар ғылыми қызметкерлер және университеттің жоғары квалификациялы мамандары тағайындалады.
2.8 Дипломдық жұмыстың жетекшілері міндетті:
- студентпен бірге дипломдық жұмысқа тапсырма беру және құру;
- дипломдық жұмысты орындауда календарлық жоспар-графигін жасауға студентке көмектесу;
- студентке қажетті негізгі әдебиеттерді мүмкіндігінше ұсыну;
- жоспар-графикке сәйкес консультация жүргізу;
- жұмыстың орындалуын қадағалау және сапалы,уақытында орындалуына жауапкершілікпен қарау;
- дипломдық жұмысты тексеру,ескертулер жасау және жетіспеушіліктерін айту;
- дипломдық жұмысқа пікір жазу;
- дипломдық жұмысты қорғау кезінде .
3 Дипломдық жұмыстың құрылымы және оның элементтеріне талаптары
3.1 Дипломдық жұмысқа кіреді: а) сыртқы парақ; б) дипломдық жұмысқа тапсырма; в) реферат; г) мазмұны; д) кіріспе; е) негізгі бөлім; ж) қорытынды; з) қолданылған әдебиеттер тізімі; и) қосымша.
3.2 Сыртқы парақ дипломдық жұмыстың бірінші беті болады және қосымша А бойынша жасалады. Сыртқы парақ жалпы дипломдық жұмыстың нумерациясына кіреді.
3.3. Дипломдық жұмысытң тапсырмасы қосымша Б типтік бланкіде жасалады, бітіруші қол қояды, жетекші және кафедра меңгерушісімен бекітіледі.
3.4 Реферат 2 тілде орындалады: орысша және ағылшынша. Реферат құралады: а) жұмыс көлемі (беті), бекітілген иллюстрация саны (суреттер), кесте, қосымша, қолданылған әдебиет; б) қортынды сөз тізімі ; в) реферат мәтіні.
3.4.1 қортынды сөз 5 тен 15-ке дейін болуы
3.4.2 Реферат мәтінінің оптимальді көлемі 1500-2000 баспа таңбалары ( 1 беті) Жұмыс мақсаты, әдісі немесе жұмысты өткізу әдістемесі, алынған нәтиже және оның жаңалығы , енгізу дәрежесі және ұсыныстар, техникалық-экономикалық және әлеуметтік жұмыстың мәні, дипломдық жұмыстың нәтижесі және оның өзіндік орындалуы болуы қажет.
3.4.3 Беттің номерлері «ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСҚА ТАПСЫРМАДА» және «РЕФЕРАТ» қойылмайды, жалпы беттің номерациясына «РЕФЕРАТ» қана кіреді.
3.5 Мазмұнында дипломдық жұмыстың барлық басы көрсетіледі (Қосымша Г): кіріспе, номерлер және бөлім басы , бөлімшелер, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі және бет номері көрсетілген қосымша.
3.5.1 Мазмұндағы барлық бастары (бiрiншi-тiркеу қағазы) кiшi әрiптермен жазады.
3.5.2 Беттің төменгі бөлігінің ортасына таман араб санымен «б» әрпінсіз номер қойылады.номері
3.5.3 «Мазмұны» деген сөзді басына бас әріптермен жазылады.
3.6 Кіріспеде таңдалған тақырыптың мәні және жұмыста қаралатын келелі мәселелері, өзектілігі, зерттеу мақсаты мен маіндеттері, зерттеу обьектісінің экономикалық қысқаша мінездемесі беріледі.
3.7 Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімі 3 бөлімді құрайды, олар әрқайсысы 2 ден төмен емес бөлімшелерден тұрады.
3.7.1 Бірінші бөлім теориялық-методологиялық мінездемені құрайды. Бұл келелі мәселелерді оқудағы теориялық және методологиялық бөлім болып саналады
3.7.2 Екінші бөлім аналитикалық мінездемені құрайды. Онда зерттеу обьектісінің техникалық-экономикалық мінездемесі беріледі, онда әртүрлі әдістерді қолдану арқылы терең сараптама жүргізіледі.
3.7.3 Үшінші бөлімде нақты ұсыныстар негізделеді және өңделеді, сонымен қатар оның бағыттары және зерттелетін мәселенің шешу жолдары
3.8 Дипломдық жұмыс бойынша қорытынды нәтижесін жасау. Қорытында және ұсыныстар нақты, дәлелденген болуы тиіс.
3.9 Қорытындыдан кейін қолданылған әдебиеттер тізімі орналастырылады.
3.10 Қосымша мазмұны бойынша әртүрлі мысалы аралық есептер, әдістер,акт енгізу, алгоритм сипаттау және бағдарламар және т.б. Форма бойынша олар мәтін, кесте, иллюстрация (графиктер, схемалар, диаграммалар,сызбалар т.б)
3.11 Дипломдық жұмыстың көлемі – қол жазба мәтінмен 100 немесе баспа мәтіні 70-80 бет, 1,5 аралықта болуы тиіс.
3.12 Дипломдық жұмыс қатты тыста болуы қажет
Өзіндік бақылау сұрақтары:
-
Дипломдық жұмыстың міндеттері мен негізгі мақсаттары ?
-
Дипломдық жұмысты орындау қандай пунктерден тұрады?
-
Дипломдық жұмысқа қандай бөлімдер кіреді?
-
Дипломдық жұмыстарды орындауда қанадай талаптарды білесіз?
-
Дипломдық жұмыс пен дипломдық жобаның ерекшелігі қандай?
Ұсынылатын әдебиет:
1. УММ, Сейлгазина С.М.,2010,145б
2. Викторов П.И. Методика и организация зоотехнических опытов, М., ВО «Агропромиздат», 1991, 110 с.
3. Овсянников А.И. Основы опытного дела в животноводстве, М. «Колос», 1976, 302 с.
3 Тәжірибелік сабақатар
Тәжірибелік сабақ 1, 2
Тақырыбы: Ғылыми зерттеуді ұйымдастыру және жоспарлау
Тәжірибелік сабақтың мазмұны:
1. Ғылыми зерттеуді ұйымдастыру.
2. Ғылыми зерттеуді құру схемасы
Сабақтың мақсаты: ғылыми зерттеуді жоспарлау және ұйымдастыруды үйрену.
Ғылым тарихи дамуда қалыптасқан және табиғат, қоғам, ойлау заңдары жүйесінің қоғамдық тәжірибе негізінде үздіксіз дамуы.
Ғылыми пән материяның әртүрлі формадағы қозғалысы және адам санасындағы осы формалардың бейнесі. Ғылым олардың шығу тегімен дамуына дұрыс тсініктеме беріп, құбылыстар арасындағы байланысты ашады. Және адам білімін әлемдегі тәжірибеде қолдану мақсатында толықтырады.
Ғылым техника өндірісте біркелкі жүйе қалыптасады.
Ғылым білімдердің жинақталған жүйесі ретінде анықталады және бірмезгілде білімдерді алуға бағытталған ұйымдасқан жүйе.
Ғылымның жалпы жіктелуі: 3 бөлімнен тұрады:
1 Жаратылыс тану ғылымдары
2 Қоғамдық ғылымдар
3 Философия
Ғылымның басты қызметі мен мақсаты қоршаған әлемді тану болып табылады. Ұрпақтан ұрпаққақалдыру ғылым дамуының заңдылықтары мен басты факторлары.
Ғылымның басқа басты заңдылықтары болып, жаңа ғылымдардың негізі болып табылатын жеке салалардың байланысы.
Ғылымның дифференциациясы мен мамандандырылуында бірізділік байқалады. Және сол уақытта олардың даумынада жағдай туады. Ғылыми техикалық прогресс әрқашан дами бермейді, олардың баяулауы келесідей қалыптардан тұрады: шектелу, ақпарат өте қатты тасқында берілу және ғылыми зерттеудегі асигновацияның жеткіліксіздігі. Ғылымның дамуы мен мақсаттарға жетуі ғылыми зерттеу жолымен яғни ғылыми әдістердің үрдістердің қорытындының әртүрлі факторларға әсер ету көмегімен жүреді. Мақсаты, нақты объекті жан жақты дұрыс анықтау және оның құрылымын сипаттамасын оқыту ғылымдағы өңделген принциптер мен әдістерждің байланысын білу сонымен қатар пайдалы қорытындылар алып, оны өндіріске енгізу болып табылады. Ғылыми зерттеудегі тапсырмаларды орындаудың басты қызметін білудің логикалық әдісі жатады. Ол үрдістер құбылыстардағы ойды және ұсыныстарды өзгертуге және өзгерістердегі шешімдерді қабылдауға мүмкіндік туғызады. Ғылыми зерттеуге берілетін басты талаптардың бірі болып қарастырылатын құбылыс арасындағы байланыс пен тәуелділікті орнатудың мүмкіндігі табылады. Ғылыми зерттеудің сатысы неғұрлым жоғары болса, нәтижесі де соғұрлым терең болады. Ғылыми зерттеу тақырыптарына келесідей талап қатарлары беріледі. Акуалдылығы, экономикалық тиімділігі мен маңызы, енгізудің шындығы, тұрақтылығы мен болашағы.
Ғылыми зерттеудің жоспарының формасы: жеке жоспар- тізімі, мазмұны және жұмыстың орындалу көлемі, осы көрсетілген жұмыстардың барлығының орындалу уақыты.
Жұмыс жоспары-кешендердегі шаралартізімі қабылданған болжамдардың дамуы мен тесерілуі жөніндегі. Ол өз кезегінде сұрақ тарихын, зерттелетін тақырыптың теориялық және тәжірибелік мағынасын қарастырады.
Өзіндік бақылау сұрақтары:
-
Ғылыми зерттеуді дұрыс ұйымдастыру?
-
Ғылыми зерттеу дегеніміз не?
-
Ғылыми зерттеуге қойылатын талаптар қандай?
-
Тәжірибені қоюда қандай талаптарды орындау қажет?
Ұсынылатын әдебиет:
1. УММ, Сейлгазина С.М.,2010,145б
2. Викторов П.И. Методика и организация зоотехнических опытов, М., ВО «Агропромиздат», 1991, 110 с.
3. Овсянников А.И. Основы опытного дела в животноводстве, М. «Колос», 1976, 302 с.
Тәжірибелік сабақ 3, 4
Тәжірибені қою әдісін құру
Тәжірибелік сабақтың мазмұны:
-
Зерттеу әдісі.
-
Тәжірибені қою әдісі.
-
Бақылау топтары және кешенді тәжірибелер
Сабақ мақсаты: Тәжірибені қою әдісін үйрену .
Өсімдіктерге тәжірибелік жұмыстарды сәтті өткізу бірінші кезекте тәжірибені өткізу әдісін дұрыс таңдауға байланысты.
Тәжірибелік жұмысты ұйымдастыруда тәжірибе нұсқаларының біреуі бақылау, ал екіншісі – тәжірибелік болып қабылданады.
Қазіргі уақытта өсімдіктерге тәжірибе жұмысын жүргізгенде қорытындылаған ғылыми сызбанұсқалар мен ғылыми – шаруашылық тәжірибелерді қолданады, яғни ол топ аналогтары мен топ – периоды (кезең) принципіне негізделген.
Топ аналогтарының принципі 2 әдіспен : ерекшеленген және интегралды топтан тұрады.
Бақылау сұрақтары:
-
Зерттеу әдісіне анықтама беріңіз.
-
Тәжірибені қою әдісін атаңыз?
-
Қандай тәжірибені қою әдістерін білесіз?
-
Жұп- аналог әдісі дегеніміз не?
Ұсынылған әдебиет:
1 Викторов П.И. Методика и организация зоотехнических опытов, М., ВО «Агропромиздат», 1991, 110 с.
2 Овсянников А.И. Основы опытного дела в животноводстве, М. «Колос», 1976, 302 с.
Тәжірибелік сабақ 5, 6. Абсолютті, салыстырмалы және орташа тәуліктік өскіндер
Тәжірибелік сабақтың мазмұны:
Сабақ мақсаты:тәжірибе нәтижесін жалпылайтын және жүйелейтін техниканы меңгеру .
Тәжірибе мәліметтерін жалпылау ең маңызды кезең боолып саналады. Жұмыс кезінде және тәжірибе аяқталған кезде бақылауды біріктіреді. Әрбір тәжірибенің қорытындысын оны жүргізген кезден бастап өңделеді. Қорытынды жасағанда барлық материалдар қолданылады: өлшеу нәтижесі, суреттері, үлгілері және т.б Тәжірибе мәліметтерін кесте және график арқылы көрсеткен дұрыс. Салыстырмалы өскін дегеніміз- таза салмағының айырмашылығы. Орташа тәуліктік өскін мына формула бойынша анықталады :
D = W1 – W0
t
Салыстырмалы өскін С. Броди формуласы бойынша анықталады:
К= W1 – W0 х 100, где
(W1 + W0)
2
D – таза массаның орташа тәуліктік өскіні (г);
K – таза массаның салыстырмалы өскіні (%);
W0 – малдың бастапқы массасы (кг);
W1 – малдың соңғы кезеңіндегі таза салмағы (кг);
t – өлшеу арасындағы уақыт (тәулік).
Бақылау сұрақтары:
-
Абсолютті өскінге сипаттама беріңіз
-
Салыстырмалы өскінге сипаттама беріңіз.
-
Орташа тәуліктік өскінге сипаттама беріңіз.
Ұсынылатын әдебиет:
1 Викторов П.И. Методика и организация зоотехнических опытов, М., ВО «Агропромиздат», 1991, 110 с.
2 Овсянников А.И. Основы опытного дела в животноводстве, М. «Колос», 1976, 302 с.
Тәжірибелік сабақ 7, 8. Тәжірибе нәтижелерінің экономикалық тиімділігінің есебі.
Тәжірибелік сабақ мазмұны:
-
Экономикалық бағаның негізгі көрсеткіштері
Сабақ мақсаты - тәжірибе нәтижелерінің экономикалық тиімділігінің есебінің әдісін меңгеру.
Ғылыми зерттеу нәтижесін бақылаудың негізгі экономикалық көрсеткіштеріне: 1. өнімді өндіру өсімі; 2. оның сапасын жақсарту; 3. алынған жылдық экономикалық тиімділік жатады.
Аяқталған ғылыми жұмысты өндіріске енгізу үшін экономикалық бағалауға: 1. Өнімділікті жоғарылату 2.Өнімді өндіру өсімі 3.Өнім сапасын жақсарту 4. Бір бас немесе бірлік өнімге кеткен шығынды төмендету 5. Өнімнің өзіндік құнын төмендету 6. Жалпы жылдық экономикалық тиімділік қажет.
Өзіндік құн - бұл бір өнімге кеткен шығынның ақшалай көлемі. Жылдық экономикалық тиімділік (тенге)- барлық өндірістік шығындарды есептегендегі жиынтық пайда. Рентабелділік – барлық кеткен шығынның таза пайдаға пайыздық қатынасы.
Бақылау сұрақтары:
-
Өзіндік баға дегеніміз не?
-
Еңбек өнімділігі дегеніміз не?
-
Жылдық экономикалық тиімділік дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиет:
1. Трифонова М.Ф. Основы организации научных исследований в сельскохозяйственных вузах, М., 1985,67 с.
Тәжірибелік сабақ 9, 10 Тәжірибе нәтижесін биометриялық өңдеу
Тәжірибелік сабақтың мазмұны:
1. Биометриялық өңдеуді ұйымдастыру
Сабақ мақсаты: Вариационды статистика тәжірибиесінің нәтижесін биометриялық өңдеу техникасын меңгеру
Ғылыми зерттеу жұмысы аяқталғаннан кейін алынған эксперименталды материалдар вариациалық статистика тәсілімен өңделеді. Вариациалық статистика дегеніміз- сандық мәндердің өзгергіштігі. Биометриялық өңдеу көмегімен әр түрлі статистикалық көлемдердің ауытқу шамаларына көз жеткізуге болады.
Биометриялық өңдеу кезінде әртүрлі формулалар қолданылады. Ондағы әріптік белгіленулер.
n- барлық бақылаулар саны
M- вариациалық қатардың орташа арифметикасы
δ- орташа квадраттық ауытқу
Cv-өзгергіштік коэффициенті
m-қателік
td- дұрыстық айырмашылығы
Есептеу формулалары:
M =∑V/ n ; C = ∑V² -(∑V)²/n ; δ = √ С/ n-1;
mM = δ / √ n-1; Cv = δ / M *100; td = M2 - M 1 / √ m²2 + m²1 .
Бақылау сұрақтары:
-
Биометриялық өңдеуге түсінік.
-
Мәліметтерге биометриялық өңдеу жаса
Ұсынылатын әдебиет:
-
Меркурьева Е.К. Биометрия в селекции и генетике сельскохозяйственных животных, М., «Колос», 1970, 422 с.
Тәжірибелік сабақ11, 12. Тәжірибе нәтижелерінен ғылыми мақала даярлау.
Тәжірибелік сабақ мазмұны:
1. Ғылыми мақала құрылымы
Сабақ мақсаты – студент өзі жасаған ғылыми тәжірибесінің нәтижелерінен ғылыми мақала даярлап үйрену.
Жазылған ғылыми мақалада мынадай мәселелер рет- ретімен, көрсетіліп белгілі бір тәртіп сақталуы тиіс:
1.Мақаланың аты;
2.Авторлары;
3.Кіріспе;
4. Зерттеу және зерттеу әдістемесі;
5. Зерттеу нәтижесі және оны талдау;
6. Қорытындылар мен ұсыныстар;
7. Қолданылған әдебиет тізімі
Мақаланың аты « әрі қысқа, әрі нұсқа» дегендей және мақаланың мазмұнын дәл көрсетілуі керек. Кіріспе бөлімінде зерттелетін мәселенің мән-маңызын , зерттелу деңгейін, және жарияланған ғылыми мақалардың бағасын ашып жазуы қажет. Әрі қарай өз тәжірибесінің мақсат- міндеттері жазылады.
Келесі бөлімінде тәжірибедегі зерттеу оны зерттеу әдістемесі көрсетіледі.
Бұдан кейінгі 2 бөлім –негізгі бөлім болып есептеледі. Мұнда автор өзі жүргізген зерттеуден алынған нәтижелерді көрсетіп, оларға талдау жасайды.
Қорытындылар мен ұсыныстар тек автордың өз зерттеулерінен ғана шығуы керек және дәлелдемелердің статистикалық көрсеткіштерінің сенімділігі жеткілікті дәрежеде жоғары болуы қажет. Бұлар да түсінікті, «әрі қысқа, әрі нұсқа» болуы шарт.
Әр мақала қолданылған әдебиеттер тізімімен аяқталуы тиіс.
Мақала басынан аяғына дейін біртұтас дүние болуы керек. Автор ойын анық жеткізуі және сөйлемдерді қайталамауы тиіс. Басқа авторлардың зерттеулерін , еңбектерін, әдістемелерін талдауға немесе басқа бөлімдеріне қосса, міндетті түрде оған сілтеме жасауы және ол еңбектер әдебиеттер тізімінде болуы қажет. Әдебиеттер тізімінде мақалада сілтеме жасалмаған еңбектерді, оқулықтарды, энциклопедияларды, сөздіктерді, ғылыми-көпшілік және күнделікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтерін кіргізудің қажеті жоқ, ал автор , қажет деп тапса, оны мақаланың мәтінінде көрсетіп кетуге болады.
Бақылау сұрақтары:
-
Ғылыми мақала дегеніміз не?
-
Ғылыми мақаланы рәсімдеу жолдары.
-
Ғылыми мақаланы жазу үшін қолданылатын әдіс- тәсілдер қандай?
-
Ғылыми мақаланы жариялау үшін қандай жұмыстар атқарылуы тиіс?
-
Ғылыми мақаланы шет елдік және Қазақстандық ғылыми журналдарға шығаруда сақталынатын талаптар дегеніміз не?
-
Аннотация дегеніміз не?
-
Патент дегеніміз не? Ғылыми жұмысқа патент алуды қалай түсінесіз?
Ұсынылатын әдебиет:
-
Джаманов А.Х. Основы учебно-исследовательской работы студентов.А.,1989,190с.
Тәжірибелік сабақ 13, 14. Әдістеме
Тәжірибелік сабақ мазмұны:
-
Методология ғылым ретінде
Сабақтың мақсаты: методология принциптерін меңгеру.
«Әдістеме» – тәжірибелік қызметтің және теорияның құрылуының ,ұйым тәсілдерінің және принциптерінің жүйесі.
«Әдістеме педагогикасы –ол педагогикалық білімді оқу және оны алу процессі, яғни педагогикалық таным. Оған кіреді:
1) педагогикалық білімнің функциялары және құрылымы, сонымен қатар педагогикалық келелі мәселелер;
2) фундаментальді, жалпы ғылыми және педагогикалық ережелер (теориялар, концепциялар, гипотезалар);
3) педагогикалық таным әдістерін оқу .
Әдістеме 4 кезеңге бөлінеді:
– философиялық;
– жалпы ғылыми;
– нақты-ғылыми;
– технологиялық (нақты әдістемелер және зерттеу ттехникасы).
Бақылау сұрақтары:
1. Методология ғылым ретінде қарастыру?
2. методологияның даму тарихы.
3. Методология қандай этаптардан тұрады?
Достарыңызбен бөлісу: |