1. 2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік негіздері



бет6/7
Дата28.06.2016
өлшемі0.58 Mb.
#164144
1   2   3   4   5   6   7




Сурет 4. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары


Мұндай ұсыныстардың қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:

- қосылған құн тізбегі бойынша өнім шығаруды дамыту жолдарын айқындау. Яғни, өнімнің шикізат түрінен дайын өнімге айналуына дейінгі өндірістік процесті ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

- нан өнімдері тамақ өнімдерінің басқа да түрлері сияқты белгілі бір мөлшерде құнарлылық, энергетикалық құндылылық көрсеткіштеріне, пайдалану уақытына сай жарамдылық, сақталу мерзімі, дәмдік сипаттарына тәуелді. Осыған орай, дамыған елдерде қолданылып жүрген, өнімнің осы қасиеттерін жетілдіруге немесе жақсартуға мүикіндік беретін, инновациялық сипаттағы технологияларды пайдалану жолдарын қарастыру.

Инновациялық процестерді жетілдірудің жолы ретінде аймақтық ғылыми-өндірістік жүйені құруды ұсынуға болады. Бұл жүйе белгілі бір өңірдің (мәселен, Алматы облысының) нан өндіретін кәсіпорындары мен осы салаға қатысы бар ғылыми зерттеу мекемелері кіреді. Бұл мекемелердің өзара тығыз жұмысы әлемдік нан өндірісінің техникалық мүмкіндіктерін, өнімдерінің дайындалу ерекшеліктерін зерттеуге, жаңа жетістіктерді айқындауға және мүмкіндігінше сол пайымдаулардың нәтижелерін өндіріске енгізуге ықпал етеді. Аталған жағдай саланың өндірістік, экономикалық және ғылыми- техникалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға итермелейді. Нан өндіруші кәсіпорындардың қолдауымен ғылыми мекемелер өз зерттеулерін жүргізе отырып, маңызды ұсыныстарын тәжірибе жүзінде іске асыруға мүмкіндік алады.

Сонымен, нан өнімдерінің сапасын арттыру осы сала өндірісінің даму тұрақтылығы мен әлемдік нарыққа шығу мүмкіндігінің кепілі болатынын ескере отырып, бұл бағытта келесі нақты қадамдар шешімін табуы тиіс деп санаймын:


  • Отандық тауар өндірушілер өнімнің сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру;

  • Сыртқы нарыққа отандық тауарларды шығару және олардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру мақсатында мемлекеттік сапа жүйесін жетілдіру. Бұл жағдайда, Жапония және Еуропа мемлекеттерінің осы салаға қатысты тәжірибелерін негізге алу;

  • Тамақ өнімдерінің адам өміріне қауіпсіздігін, оның сапалық талаптарын ғылыми тұрғыдан негіздеу;

  • Нан саласына қатысты өндірістік және ғылыми-зерттеу мекемелерінің ортақ жүйесін құру;

  • Құрамында витаминдері, майлы қышқылдары, минералдық заттары бар өнімдер шығаратын технология дайындау;

  • Отандық қалыптасқан дәстүр бойынша халықтың тұтыну ерекшеліктеріне сай таза өнімдер шығару үрдісін ұстану;

  • өнімнің биологиялық құрамын табиғи түрінде сақтау үшін ғылыми негізделген жолдары мен әдістерін іздестіру;

  • өнімнің органолептикалық қасиеттерін жақсарту мақсатында қажетті табиғи қоспаларды пайдалану;

  • өнімнің сапасын көтеруде және адам өміріне қауіпсіздігін қалыптастыруда стандарттау мен сертификаттау талаптарын жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;

  • өнімді дайындау мен өңдеуде отандық және шетелдік жаңа, озат техника мен технологияларды пайдалану;

  • тұтынушылардың әртүрлі деңгейлеріне сай өнімнің жаңа түрлерін шығару арқылы ассортиментті кеңейту;

  • инновациялық озық үлгідегі құрал-жабдықтар мен қондырғыларды енгізуге қажетті қаржыларды тарту жолдарын іздестіру және белсенділік таныту.

Президенттің стратегиясына сәйкес біздің мемлекет қысқа уақытта әлемнің бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына енуі қажет. Кейбіреулері біздің ел дамыған мемлекеттердің қатарына кіргеннен кейін өмір сүру деңгейі автоматты түрде Жапония, Ұлыбритания, АҚШ деңгейлеріне жетеді деп ойлайды. Алайда, бұл жол ауыр ұрынуға болатын тастарға бай. Аналитиктер біздің ел БСҰ-ға кіргеннен кейін көптеген отандық компаниялар бәсекелестерге шыдамай, көп ұзамай банкротқа ұрынады деп бекітеді.

Тұтынушылар Ұлттық лигасы мен Қазақстанның мінсіз бизнес кәсіпорындар Ассоциациясының мамандарының мақұлдауы бойынша БСҰ-ға кірген кезде отандық кәсіпорындардың өнім мен қазметтің сапасы және бәсеке қабілеті үлкен мағынаға ие болады. Ең жақсы «елулік» мемлекетке кіргендегі қазақстандықтардың өздері де маңызды роль ойнаулары керек.

Қазақстанның мінсіз бизнес кәсіпорындар Ассоциациясына 30 отандық компаниялар мен фирмалар кіреді. Бірақ көптеген қазақстандық өндірушілер мен қызмет берушілер бұл қатарға кіруге қорқады ─ тұтынушылар алдындағы көп міндеттерді өз иықтарына артуға тура келеді. Одан басқа, мінсіз бизнесті қалыптастыру үшін елеулі ақша-қаражат қажет, ал олар тез арада ақталмайды. Сонымен бірге, жасырудың не қажеті бар, қазақстандық өндірушілердің көптеген өнімнің сапасы әлемдік стандарттарға тіпті жақындамаған.

Біздің елде отандық нарықта ұсынылған тауар мен қызметтің сапасын көтеретін механизмдер әлі де қалыптаспаған. Көптеген жағдайда өндіруші тұтынушының қажеттілігі не, оның қажеттілігін қанағаттандыруы үшін тауар мен қызметтің сапалық және бағалық параметрлері қандай болу керек екендігі білмейді. Қазақстандық өндірушілер сатып алушымен кері байланысты орнатуды құнттамайды. Біздің мемлекетте отандық өндірушілерге халықаралық деңгейге шығуға мүмкіндік беретін нақты бәсекеге қабілетті стандарттар жүйесі де жоқ.

Әрине, мұның бәрінде тек қана өндірушілерді кінәлауға болмайды. Мұнда мемлекеттің де, біздің, тұтынушылардың кінәсі да бар. Кей жағдайда алданған тұтынушылар өз құқықтарын сотта қорғайды. Қалғандары бір тауарда алданып, екінші тауарды сатып алады және өз ақшаларын сол қиянатшыл бизнеске салады. Дөрекілеу шындық: әрбір медальдың екі жағы бар. Сондықтан, Қазақстанның БСҰ-ға кіруі отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін, сонымен қатар, біздің өміріміздің сапасын көтереді.

Сапаны жоғарылату мәселесі ҚР Президентінің «Қазақстанның әлемдік бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына ену стратегиясында» кең қарастырылады. Тұтынушылар Ұлттық лигасы мен Қазақстанның мінсіз бизнес кәсіпорындар Ассоциациясының мамандарының ойынша отандық компаниялардың сапа стандарттарын тұтынушымен жөнделеген кері байланыс арқылы жоғарылатуға болады .

Бәсекеге қабілеттіліктін экономикалық параметрлерінің бірі болып өнімнің өзіндік құны саналады.

Өзіндік құнды талдау көрсеткеніндей 2010 жылы өнімнің өзіндік құнының өсу қарқыны 104,6%, натуралдық өнім көлемінің өсу қарқыны 104,23% ға жоғарылаған. Бұл өнімнің өзіндік құнының өскендігін көрсетеді.

Нанның 1 тоннасының 44,2 мың теңгеден 45,3 мың теңгеге ұлғайғанын өнімнің өзіндік құнын талдау бөлімінен көруге болады. Сондықтан, бағаны жақсарту үщін өнімнің өзіндік құнын төмендету қажет.

Экономикалық элементтері бойынша өзіндік құнды талдаудан көрініп тұрғанындай шикізат және материалдардың 103,6%-ға, амортизация шығындарының 108,5 %-ға, басқа да шығындардың 117,2 %-ға өсуі өнім өндіру көлемінің 104,1 %-ға жоғарылағанын көрінеді.

Егер «Жай нан» нанының бағасын 20 %-ға төмендетсек, өзіндік құнды азайтуға болады.

«Жай нан» нанының өзіндік құны 45,3 мың теңге



мың теңге

Жобаланған баға төмендегідей болады:



мың теңге

Тиімді рентабельділік нәтижесінде нан бағасы төмендегідей көрініс алады:



мың теңге

Баға 34,8+7,3 =42,1 мың теңге

Пайда 42,1-34,8= 7,3 мың теңге

Егер, барлық өндірілген өнімнің 40% «Жай нан» өнімі алатын болса, онда өндіріс көлемі былай өзгереді:

616*40 =246,4 тонна

1 тонна нанның орташа бағасы 50 теңге

Толық өзіндік құн жоба бойынша төмендегідей болады:

Өз.құн =34,8*246,4 =8574,72 мың теңге

Өткізу көлемі:

Өк 42,1*246,4 =10373,44 мың теңге

Өткізуден түскен түсім:

10373,44-8574,72= 1798,72 мың теңге

Өнімнің рентабельділігі:

Баға арасындағы айырмашылық:



Б= Б1-Б2

Мұндағы: Б1-прейскурант бойынша баға

Б2-жобаланған баға

Б =50-42,1= 7,9 мың теңге

1 тоннаның өзіндік құнының айырмашылығы:

Өз.құн= Өз.қ1-Өз.қ2

Мұндағы: Өз.қ1- нақты өзіндік құн (45,3)

Өз.қ2-жобаланған өзіндік құн (34,8)

Өз.құн=45,3-34,8 =10,5 мың теңге

Осыдан, жобаны енгізу нәтижесіндегі көрсеткіштердің өзгеруі:



Өк =7,9*246,4 =1946,56 мың теңге

Өз.құн =10,5*246,4 =2587,2 мың теңге

Өк2= 31030,0-1946,56 =29083,44 мың теңге

Өз.қ2= 27910,0-2587,2= 25322,8 мың теңге

П2= 29083,4-25322,8= 3760,6 мың теңге




Кесте 21

Шараны енгізгеннен кейінгі негізгі көрсеткіштердің өзгеруі




Көрсеткіштер

Өлшем

бірлігі


Шараны енгізгенге

дейін


Шараны

енгізгеннен кейін



Ауытқу

+,-


Натуралдық көріністегі

өнім көлемі



Тонна

246,4

246,4

-

Құндық көріністегі

өнім көлемі



Мың теңге

31030,0

29083,44

-1946,56

Толық өзіндік құн

Мың теңге

27910,0

25322,8

-2587,2

Өнімді өткізуден түскен түсім

Мың теңге

3120,0

3760,6

+640,6

Нан бағасы

Мың теңге

50

42,1

-7,9

1 теңге өнімге кеткен

шығын


теңге

89,9

87,1

-2,8

Өнім рентабельділігі

%

11,1

14,8

+3,63

3.2 «Мавид» ЖШС-ғында бәсекелестікті жоғарылату мақсатында өнім ассортиментін кеңейту және өндірістік қуаттылықты пайдалануды жетілдіру


«Мавид» ЖШС-гінде өндірілетін өнім ассортименті бойынша сұранысты талдауға жүргізілген нәтижелер келесідей қортынды жасауға мүмкіндік береді, яғни кәсіпорынның кондитерлік, нан және батон өнімдеріне сұраныстың жеткілікті түрде тұрақты екендігін көреміз, себебі бұл өнімдердің сапасы тұтынушылардың талаптарын қанағаттандырады және осы өнімдер бойынша кәсіпорын икемді маркетингтік саясатты жүзеге асырады.

Осыған сәйкес «Мавид» ЖШС-ғында осы өнімдер бойынша ассортименті кеңейтуге мүмкіндігі бар және сонымен қатар қолда бар жабдықтарды толық іске қосып қуаттылықты пайдалану коэффициенттерін ұлғайтуға және кәсіпорынның негізгі экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік туады.

Жоғарыдағы мәліметтерге сүйене отырып «Мавид» ЖШС-ғында өндірістік қуаттылықты жақсарту бойынша келесідей іс шараны, яғни мүлдем жаңа өнім түрін ұсынуға болады.

Ол үшін Мак қосылып өріліп пісірілетін нан ұсынылады.

Өріліп пісірілетін нанды 0,4 кг салмақта, ені 13 -14 см және 26 -28 см ұзындықта шығару жоспарланады.

Өріліп пісірілетін нан құрамы:

Жоғарғы сортты бидай ұны – 100 кг

Престелген нан ашытқысы – 1,0 кг

Ас тұзы – 1,5 кг

Қант – шекер – 4 кг

Ас маргарині – 2,5 кг

Мак – 1,0

Барлығы – 110 кг

Осы өнім түрін пісіруге де БН - 50 пешін пайдаланамыз.

Пештердің тәуліктік өнімділігі келесі формуламен анықталады:

Өт = 6*7*0,4*23*60/35*1000= 0,6624 тонн/ тәу


Пештердің жылдық өнімділігі:

Қжыл = Өт*күндер = 0,6624*259 = 171,5 тонна


Осыдан барып өндірістік бағдарлама 72,7 тоннаға тең болады.

Өбағ = 171,5*0,424 = 72,7 тонна

өндіру (шығу) нормасы 135 %

Вх = А*100/М


М = А*100/Вх = 72,7*100/135 = 53,4 тонна

Ұнның құны = 53,4 *30 = 1602 мың теңге

Нан ашытқысы = М* Др/100 = 53,4 *1,0/100 = 0,534 тонна

Нан ашытқының құны = 0,534*70 = 37,38 мың теңге

Тұз = 53,4 *1,5/100 = 0,801 тонна

Тұз құны = 0,801*32 = 25,6 мың теңге

Қант = 53,4 *4/100 = 2,136 тонна

Қант құны = 2,136*100 = 213,6 мың теңге

Ас маргарині = 53,4 *2,5/100 = 1,335 тонна

Ас маргарин құны = 1,335*300 = 400,5 мың теңге

Мак = 53,4 *1/100 = 0,534 тонна

Мак құны = 0,534*200 = 267 мың теңге

Барлығы = 2546,08 мың теңге

Қосымша шығын 20 % - 509,2 мың теңге

Негізгі еңбекақығы кеткен шығын:

ЕА = С ж* ЕАай*Сай

Мұндағы:

Сж – жұмысшылар саны

ЕА ай – минимальды айлық еңбекақы

С ай – жылдағы ай саны

ЕА = 2*29,3**12 = 703,2мың теңге

ЕАқос = 703,2*0,3 = 210,96 мың теңге

Еңбек ақыға кететін жалпы шығындар = ЕА+ЕАқос = 703,2+210,96 =

914,16,0 мың теңге

Әлеуметтік сақтандыруға кететін шығындар:

Шс = ЕА*Кс/100 = 914,16*26/100 = 237,6 мың теңге


Кесте 22

Мак қосылып өріліп пісірілген нан калькуляциясы




Калькуляция статьялары

Сомасы, мың теңге

Негізгі материалдар

1602

Қосымша материалдар

944,08

Негізгі және қосымша еңбекақы

914,16

әлеуметтік сақтандыруға аударымдар

237,6

Қосымша шығындар

509,2

Барлық шығындар

373,18

өндірістік емес шығындар

74,6

Толық өзіндік құн

3806,4

1 тоннаның өзіндік құны

52

Нормативті пайда

7,8

ҚҚС қосылмағандағы көтерме баға

59,8

ҚҚС 12 %

7,1

ҚҚС есептелгендегікөтерме баға

66,9

ҚҚС қосылмағандағы өнімді сатудан түскен табыс:

73,2*59,8 = 4377,36 мың теңге

ҚҚС қосылғандағы алынған табыс:

73,2*66,9 = 4577,36 мың теңге

Содан кейін пайданы анықтаймыз.

Пайда = жалпы табыс – өнімнің толық өзіндік құны

П = 4377,36-3806,4 = 570,96 мың теңге

Рентабельділік = 570,96/3806,4*100 = 15%
Кесте 23

Жаңа өнімнің бағасы




өнім түрі

Жылдық өндірілген өнім, тонна

ҚҚС

қосылма


ғандағы көтерме баға

ҚҚС қосылма

ғандағы өнімді өткізу көлемі, мың теңге



ҚҚС есептел

гендегі


көтерме баға

ҚҚС есептел

гендегі өнімді

өткізу көлемі


Мак қосылып өрілген нан

73,2

59,8

4377,36

66,9

4577,36

«Мавид» ЖШС-ғында өндірістік қуаттылықты пайдалануды жақсартуға ұсынылған іс шаралар нәтижесі бойынша келесідей қорытынды жасауға болады:

Біріншіден, жаңа өнім түрін енгізе отырып біз бұрын көп уақыт тоқтап тұрған БН – 50 пешін толық іске қостық. Соның нәтижесінде өндірілетін өнім көлемі 73,2 тоннаға ұлғайған және сәйкесінше жабдықтарды интенсивті пайдалану коэффициенті де ұлғайды.

Іс шаралар енгізгеннен кейін жабдықтарды интенсивті пайдалану коэффициенті 0,63 ке тең болды.

Ки = 22432 / 35392,5 = 0,63

Бұл іс шаралар ұсынылғанға дейігі коэффициентпен салыстырғанда 0,07 көп.

Екіншіден, нақты уақыт қоры ұлғайды, яғни жөндеу жұмысына арналған нақты уақыт қысқарды және кәсіпорынның жұмыс уақыты ұлғайды. Нәтижесінде, жабдықтарды экстенсивті пайдалану коэффициенті ұлғайады. Ол 0,88 ке тең болады.

Кэ = 230 / 259 = 0,88

Экстенсивті және интенсивті коэффициенттердің ұлғаюынан жалпы коэффициентте ұлғайды.

К жалпы = Ки*Кэ = 0,63*0,88= 0,71

3.3 Ұсынылған іс-шаралар тиімділігінің жинақ есебі
Осылай, осы іс-шараларды енгізгеннен кейін кәсіпорынның барлық техникалық-экономикалық көрсеткіштері өзгереді (кесте 24), яғни:


  1. өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық параметрлерін жақсарту

  2. «Мавид» ЖШС-ғында бәсекелестікті жоғарылату мақсатында өнім ассортиментін кеңейту және өндірістік қуаттылықты пайдалануды

Осылай, өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық параметрлерін жақсарту және өнім ассортиментін кеңейту және өндірістік қуаттылықты пайдалану бойынша шараларды іске асырғаннан кейін кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметі көпкөрім тиімді болды. Осыменен, НӨҚ-ды толық жүктеу есебінен өнімді шығару және өткізу көлемдері артты.
Кесте 24

Іс-шараларды енгізгеннен кейінгі кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштерінің салыстырмалы жинақ есебі




Көрсеткіштер



Өлш бірлік


Іс-шараны енгізген

ге дейінгі



Іс-шараны енгізгеннен кейінгі

Ауытқу

+/-

%

1

Өнімді өндіру көлемі

тонна

616

689,2

+73,2

111,8

2

Өнімді өткізу көлемі

Мың теңге

31030,0

33660,8

+2630,8

108,4

3

Адам саны

адам

34

36

+2

105,8

4

Еңбек ақы қоры

мың

теңге


11971,5

12674,7

+703,2

105,8

5

Бір адамға еңбек өнімділігі

Мың теңге

912,6

935,0

+23,6

102,5

6

Орта айлық жалақы

теңге

29342

29342

-

100

7

Өнімнің толық өзіндік құны

Мың теңге

27910,0

34303,6

+6393,6

122,9

8

1 теңгеге шаққандағы ӨӨҚ

тиын

89,9

86,3

-3,6

95,9

9

Негізгі қорлар

Мың теңге

9092,0

9092,0

-

100

10

Қор қайтарымдылығы

теңге

3,4

3,7

+0,3

108,8

11

Пайда

Мың теңге

3120,0

4331,6

+1211,56

138,8

12

Өнім рентабельділігі

%

11,18

18,63

+7,55

167,8

Осыған орай, ұсынылған шараларды іске асыру кәсіпорынның өнімді өткізу көлемін 2630,8 мың теңгеге өсіруге мүмкіндік береді. Осыдан кәсіпорынның барлық экономикалық көрсеткіштері жақсарады. Ал кәсіпорынның жұмысын мінездейтін негізгі жалпы көрсеткіш – жалпы табыс 1211,56 мың теңгеге немесе 38,8 пайыздық пунктке өскен.

Кәсіпорын бойынша жұмысшылардың саны 2 адамға артты, олардың орташа айлық жалақыларында өзгеріс болған жоқ, ал еңбекақы қоры жұмысшылардың санының көбеюіне байланысты 703,2 мың теңгеге жоғарылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет