1. 2-ресурс Жаңа сөздерді меңгерту жолдары



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата09.04.2024
өлшемі242.56 Kb.
#498092
түріСабақ
1   2
1.2-ресурс

қайнады – көзі ашылды. 


Жаңа сөздерді іс-әрекет немесе пантомима арқылы меңгерту. Іс-әрекет немесе 
пантомима арқылы көптеген етістіктерді меңгертуге болады. Бұл ретте жаңа сөздер іс-әрекет 
немесе пантомимада берілген етістіктерді тікелей көрсету арқылы енгізілуі мүмкін. Мысалы, 
отыру, жүру, шайнауды іс-әрекеттер арқылы көрсетсек, қайнау деген сөзді шайнектің қайнап 
жатқанын пантомима арқылы түсіндіруге болады. Адамның көңіл – күйін немесе эмоционалдық 
жағдайын білдіретін сын есімдердің мәнін ашу үшін қосымша ретінде мимиканы қолдануға 
болады, мысалы: ашулану,шаршау сөздерін мимика арқылы түсіндіру.
Жаңа сөздерді туынды сөздердің жасалу жолдарын талдау негізінде түсіндіру. Жаңа 
сөздерді туынды сөздердің олардың жасалу жолдары арқылы және жасалуын талдау негізінде 
түсіндіруге болады. Бұл тәсіл тілді үйренудің барлық кезеңінде қолданылады. Оқыту кезеңіндегі 
лексикалық минимумдар қазақ тілінің сөздік қорының бір ғана бөлшегі болып табылады. Осыған 
орай, оқу материалы бойынша берілген лексикалық минимумдар жаңа сөздері көп мәтінді 
түсінуге мүмкіндік бермейді. Тілді үйренушілердің сөз мағынасын сөзжасам элементтері арқылы 
анықтай алу қабілетін тілді үйренудің алғашқы сатысынан бастау қажет (2-сурет). 
2- сурет.
Жұрнақ арқылы туынды сөздің жасалуы 
Етік +ші 
Білім алушыларға қазақ тіліндегі туынды зат есім, сын есім, етістіктер бастапқы кезеңнен 
бастап осылай беріліп отырса, бұдан өзге де туынды сөздердің мағынасын олар түсініп 
отыратын болады.
Жаңа сөзді санамалау арқылы түсіндіру. Жаңа сөздерді санамалау арқылы түсіндіру. 
Бұл дегеніміз жалқыдан жалпыға көшу, бөлшектің бүтінге айналуы арқылы түсіндіріледі. 
Мысалы: Жиһаздың қандай түрлері бар? десеңіз, білім алушылар суретте көрсетілген 
жиһазды үстел, шкаф, диван деп санамалай 
жөнеледі. 
Сол 
сияқты 
киімдермен 
таныстырғанда көйлек, шарф, костюм, шалбар, қолғап деп бірінен соң бірін атай бастайды. 
Осылайша, тілді үйренушілерге апта күндері мен жыл мезгілдері, айлар деп жалпы 
атауларды берсеңіз, оған қатысты құбылыс пен заттың атауларын білім алушылар өздері 
сөздіктен тауып келетін болады. 
Жаңа сөзді мәнмәтін (контекст) арқылы түсіндіру. Қазақ тілінде кейбір сөздердің 
мағынасы сөйлем арқылы айқындалады. Бұл тұрғыда анық және түсінікті мәнмәтін 
қолданылуы қажет, демек, тілді үйренуші сөйлемнің білдіретін негізгі ойын, не туралы 
айтылғанын дұрыс түсіну үшін мәнмәтінді дұрыс түсінуі керек. Мысалы, оқу деген 
сөзді мәнмәтінге қарай әртүрлі түсіндіре аламыз: кітапты жылдам оқу, жоғары оқу орны, т.б. 
Сөздерді білдіретін мағынасына сипаттама беру арқылы түсіндіру. Бұл әдіс көбінесе 
тілді меңгеруді жалғастыру сатысындағы білім алушылар үшін қолданылады. Мысалы, 
шаңырақ, кереге деген сөздерді меңгерту үшін суреттермен шектелуге болмайды, білім 
алушыларға олардың мағынасын түсіндіру арқылы жеткізу қажет. Сол сияқты, салт-дәстүрге 
байланысты жар-жар, беташар, сүндет той, тұсау кесу, сүйінші, тоқым қағар деген 
сөздерге сипаттама беру арқылы түсіндіруге болады. Историзмдер мен фразеологизмдерді, 
фольклорлық лексика мен өзге тілден енген сөздерді тек түсіндіру, суреттеу арқылы және 
басқа да жолдармен негізгі білдіретін мағынасын жеткізген жөн [52]. 
Оқушылардың сөздік қорын аталып отырған жаңа сөздерді үйретудің тобына 


сүйене отырып, үлгілік оқу бағдарламасындағы лексикалық-грамматикалық минимум 
кестесінде көрсетілген сөздерге қоса күнделікті қолданылатын лексикалық тақырыптар 
бойынша да толықтырып отыру керек.
Оқушыларларға сөздерді беру барысында оларды төмендегі белгілер бойынша іріктеп отыру 
қажет: 

тілде жиі қолданылатын сөздер

оңай құралатын сөз тіркестері; 

тақырып, мәтінде кездесетін сөздер; 

сөз жасау жолдарын түсіндіру үшін қолданылатын сөздер. 
Сонымен қатар, мұғалім жаңа сөздерді үйретуде үнемі екі нәрсені есте сақтауы керек: 

білім алушы сөзді тыңдағанда, оқығанда мағынасын түсінуі тиіс. 

сөйлеуде сөздерді дұрыс, орынды қолдана білуі керек.
Сілтеме: Оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін мектептерде қазақ тілін 
аудармасыз оқытудың әдістемелік ұсынымдары. Әдістемелік ұсынымдар. – Нұр-Сұлтан: 
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2019. – 160 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет