1. 2-ресурс Жаңа сөздерді меңгерту жолдары



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата09.04.2024
өлшемі242.56 Kb.
#498092
түріСабақ
  1   2
1.2-ресурс



1.2-ресурс 
Жаңа сөздерді меңгерту жолдары 
Жаңа сөздерді көрнекі құралдар пайдалану арқылы меңгерту. Бұл ретте көрнекілік 
арқылы, мысалы, зат, іс-әрекет суреттерін көрсете отырып, сөздердің мәнін ашу қажет. 
«Қазақ тілі» сабақтарында қай сыныпта болса да, көрнекілікті қолдануға болады. Себебі 
көзбен көріп, қолмен ұстаған заттардың атауы білім алушылардың есінде тез әрі ұзаққа 
сақталады. 
Көрнекілік құралдары, әсіресе, нақты зат есіммен берілген қарапайым ұғымдарды 
енгізу кезінде көмектеседі. Алғашқы сабақтарда, мысалы, «Менің мектебім» ортақ тақырыбы 
бойынша меңгерілетін 17 сөзге қоса сыныптардағы заттарды қөрсету арқылы тағы көптеген 
сөзді түсіндіруге болады. Мысалы, қазақ тілінде: тақта, терезе, есік, орындық, кітап, 
қалам, сөздік, қағаз, т.б. сөздерді меңгерте отырып, сол сөздер арқылы кейбір етістіктердің 
мағынасын да түсіндіруге болады. Мұны жоғарыда аталып өткен заттарды ашып, жауып, 
тазалап, отырып, жазып, оқып көрсету арқылы етістіктерді өткенде пайдалануға 
болады. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі үстеулерді де аталған заттар арқылы, мысалы, 
үстелдің алдында, шкафтың артында, тақтаның ортасында деп заттың орналасқан орнын 
көрсету арқылы түсіндірсек, ал сын есімдерді заттың түр-түсін, пішінін, сапасын, көлемін 
сызба, іс-қимыл, ым-ишара арқылы көрсетуге болады. 
Бұл ретте айта кететін жайт, жаңа сөздерді көрнекі құралдар пайдалану арқылы 
меңгерту тек суреттерді немесе заттарды көрсетіп қана қоймай, ойын түрінде өткізілгені 
жөн. 
Қазақ тілін оқытуда сөзді тұтас қабылдап оқыту әдісі, яғни сөзді суретпен түсіндіру - ең 
тиімді әдістердің бірі. Себебі, бала суреттен көргенді көз қаперінде қабылдап, оны қайталау 
арқылы айтылуын есте сақтайды. Аталған әдіс тілді меңгертудің ұтымды әдісі болып 
табылады
Жаңа сөздерді синонимдер арқылы меңгерту. Аталған әдісті бастапқы кезеңде қазақ 
тіліндегі жаңа сөздерді түсіндіру барысында пайдаланудың қажеті жоқ, себебі білім 
алушылардың сөздік қоры төмен болғандықтан, олар сөздің синонимін таба алмайды. Бұл әдісті 
сөздік қорын байыту үшін, оқытуды жалғастыру кезеңі мен жоғары кезеңінде белсенді 
түрде қолданған жөн. Мысалы: мұғалім – ұстаз; оқушы – шәкірт. 
Бірақ, синонимдерді пайдалану кезінде олардың ұғымдары мен стилистикалық тұрғыда 
әртүрлі қолданылатындығы және сөздермен таңдап тіркесетіндігін ұғындыру, түсіндіру 
қажет. Ондай жағдайда суреттерді қолдана аламыз. Мысалы, ежелгі (көне) қала – ескі кітап 
(киім, жиһаз) деп бұл сөздердің қай сөздермен тіркесе алатындығын айта отырып, бұл 
сөздердің барлық сөздермен тіркесе бермейтінін түсіндіреміз. Яғни, ескі шал немесе ежелгі 
ата деп айта алмаймыз. 
Сонымен қатар, синонимдерді мәтінде бір рет пайдаланылған сөзді қайталамау үшін және
бір ұғымды түрлі белгілермен жан-жақты сипаттау мақсатында қолданылатындығын назарда 
ұстау керек. 
Жаңа сөздерді антонимдер арқылы меңгерту. Аталған әдісті де синонимдер 
сияқты бастапқа кезеңде қазақ тіліндегі жаңа сөздерді түсіндіру барысында пайдаланудың 
қажеті жоқ. Тіл үйренушінің лексикалық қоры кеңейген сайын, соғұрлым, антоним сөздерді 
көбірек пайдалануға болады. Егер, жаңа сөздер құрамында, мысалы, қыс − жаз, ақ − қара, түн 
− күн, қымбат –арзан, оңай − қиын, келу – кету деген сөздер болса, онда оларды ойын 
түрінде өткізу арқылы білім алушылардың сөздік қорын кеңейтуге болады. Антонимдерді 
суреттер немесе заттарды көрсету арқылы меңгертуге де болады. Антонимдер арқылы сөздерді 
таныстыра отырып олардың, әсіресе, мақал-мәтелдерде жиі қолданылатынын айту қажет. 
Мысалы, «Көз – қорқақ, қол – батыр». Сонымен қатар, жоғары сыныптарда антонимдер арқылы 
сөздік қорын байыту барысында қазақ тілінде фразеологиялық антонимдер де көптеп 
кездесетінін ескерту қажет, мысалы: аты шықты – аты өшті, жүрек жұтқан – су жүрек, соры 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет