1. 5-ресурс. Кіріктіру мен пәнаралық байланыс 2-тапсырма



Pdf көрінісі
Дата27.05.2023
өлшемі274.51 Kb.
#474379
1.5-ресурс. Кіріктіру мен пәнаралық байланыс



 
1.5-ресурс. Кіріктіру мен пәнаралық байланыс 
2-тапсырма:
Берілген мысалды қарастырып, пәндердің өзара байланысын 
талдаңыз. Осы тапсырманы орындау үшін оқушы қандай білімді меңгеруі тиіс? 
Тапсырма деңгейін анықтаңыз. 
 
 Ортақ тақырыптар – оқу пәндерін өзара байланыстыру әдістерінің бірі. Әртүрлі 
пәндерде ұқсас тақырыптар оқытылады, бірақ әр пәннің ақпараттық мазмұны әртүрлі 
болып келеді. Сондықтан ортақ тақырыптар мен оқу пәндерінің өзара байланысы 
(интеграциясы) жаңартылған оқу бағдарламаларының негізгі ұғымдары болып табылады.
Мұғалімдердің міндеті – оқушыларды белгілі бір тақырыптың жалпы мазмұн-
мағынасын түсінуге және оның пәндік тұрғыдан мазмұнын ажырата білуге үйрету. 
Сонымен қатар оқушыларға бұл ақпаратты өмірлік жағдайларда қалай пайдалана 
алатынын түсіндіру керек. 
Деңгейлес жоспарлау – ұжымдағы барлық педагогикалық және психологиялық 
процестердің байланысы. Оны бір деңгейлес (параллель) сыныптарда сабақ беретін 
мұғалімдер құрастырады, белгілі бір білік-дағдыларды әртүрлі пәндік мазмұнда 
дамытады.
 


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет