1. Өз шығармасында автор көзқарасы қалай көрініс табуы мүмкін?
2. Ұлы адамдар туралы бірнеше пікір сол тұлға бейнесін аз да болса қалыптастыруға
әсер ете ме?
3. Өз кейіпкерлеріне берген бағасы автордың өмірлік ұстанымын аңғартуы мүмкін
бе?
4. Автор бейнесін анықтау үшін оқырманға нені/нелерді білгені, оқығаны дұрыс?
2-аспект: Ғылымды дамыту мақсаты. 1-тапсырма
Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге ала жүретін екі түрлі ұлттық асылым бар: бірі – «Манас», бірі – Мұхтар Әуезов.
Ш. Айтматов
Күнкенің аулына Абай келісімен, Құнанбай мұны Құлыншақ аулына жұмсады. Әкесінің Құлыншаққа айтатын сөздерін Абай ұғынып ап тысқа шыққанда, мұнымен бірге барғалы Қарабас әзір тұр екен.
Абай Құлыншақтың ренжіген жайын ұғады. Өз басы ренжітейін деп те ойлаған емес. Басында әке сәлемімен келсе де, мұңын арты үп-үлкен шаруа жайы екенін онша бағалаған жоқ-ты. Енді мынандай үлкен, нағыз адамның амалсыз ренішіне қарай, өзі айтқан жайдың ауырлығын ұқты.
Абайдың жалпы шығармашылық мұрасына арналған ғылыми еңбектердің ішіндегі ірісі – М.Әуезовтің осы монографиясы. Он тараудан тұратын бұл жұмыстың бастапқы үш тарауында абайтанудың ең алғашқы қадамдарынан бастап, елуінші жылдарға дейінгі бұл игілікті іске қосылған ірілі-ұсақты зерттеулер, сын мақалалар.
Мен оның (Мұхтар Әуезовтің) шығармаларын туған еліме таныстырушы болуды өзіме үлкен аброй санаймын. «Абай», менің ойымша, XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі. Бұл шығарма совет әдебиеті туындыларының маңдай легінен орын алады деу аздық қылады, әлемде онымен тең түсетін шығарманы табу қиын.
Луи Арагон