Қазақ халқының озық ұлттық этикалық құндылықтарын сақтап, дамыту– қоғамдық сана жаңғыруының алғышарты және негізі.
Ежелгі замандағы Қазақ дəстүрлі мəдениетінің этикалық құндылықтарына – бостандық жатады. Кез келген қазақ бір түн ішінде өз киіз үйін жинап, отбасымен басқа ауылға немесе шексіз далаға көшіп кете алатын болған. Әрине, бұл қазірде тұрғын үйде тұрып жатқан қазақтарға келмейді, алайда, мал бағып, шет жақта тіршілік ететін отбасыларға өте ыңғайлы. Өзара көмек, қазақтың әйгілі "асар" салты, бүкіл ауыл өртеніп кеткен тұрғын үйдің немесе жұт табынынан қырылған малдың орнына үй салуға немесе жаңа табын жинауға көмектескен. Бұл салт әлі күнге жалғасын тауып келеді, үй салу үшін «асар» жасап, көмекке шақырып жатады. Жаңашаланған түріне жағдай төмен отбасыларға қаражат жинап, үй алып беріп жүрген бірлестік қорларын айтуға болады.Қонақжайлылық – шөлді даладағы кез келген саяхатшының құндылығына байланысты әдет-ғұрып. Құдайы қонаққа тамағын беріп, жолын көрсетіп жіберетін бұл құндылық қазақ халқының ерекше мәдениеті десе болады. Үлкендерге құрмет – белгілі бір шектерде ұрпақты байланыстыратын өте жағымды құбылыс. Жалпы қазақ халқы дәстүрге ерекше мән берген халық. Бала туыла сала шілдехана, бесік той, қырқынан шығару, тұсаукесер, сүндет той секілді сал-дәстүрге негізделген жиылыстан бастау алады. Одан кейін айттыру, сырға салу, қыз алып қашу, құда түсу секілді тойларға заманға сай өзгертулер енсе де әлі күнге сақталып келеді. Осы және басқа да бірқатар құндылықтар бүгінгі күнге дейін өзекті болып қала береді.
Сонымен қатар, қазіргі заманғы шындыққа сәйкес келмейтін құндылықтар да бар. Мысалы, трайбализм – біртұтас ұлтты ру бойынша бөлу, рулық негізде әртүрлі артықшылықтар беру, бұл, әсіресе, мемлекеттік қызметте қолайсыз. Әрине, рудың жөні бір бөлек. Жеті атаға дейін қыз алыспау, бұл әлі күнге сақталған. Ол біздің дәстүріміздің тазалығы және ұрпағымыздың жалғасының кепілі десек болады. Әмеңгерлік – ағасы дүниеден өткен соң, жесірін жылатпау үшін, жетімдерді елге қаратпау үшін, ағасының әйелін кейінгі інісне алып беретін болған. Бұл дәстүр қатаң сақталмаса да еліміздің кейбір жерлерінде кездеседі. Себебі бұл сол кезеңде де, бұл кезеңде де болатын жағдайлар.
Қазақтың дәстүрлі құндылықтарының тізіміндегі қоғамдық санада сақталғандардың бірі "Жеті қазына". Әрине, бұл жылқы – жүйрік ат. Содан кейін қырағы қыран бүркіт, құмай тазы. Көбісі оларды этнографиялық призма арқылы қабылдайды және олар ескірген деп санайды. Бірақ бұл объектілер қазақ дәстүрлі қоғамының мәдениетінде рухани құндылықтарды айқындайтынын ұмытпайды. Мысалы, жылқы бұл адал дос қана емес, сонымен бірге кез келген уақытта алыс қашықтыққа саяхаттауға таптырмас көлік, ішсең сусын, жесең тамақ. Қазақта тазы жай ғана ит емес, ол ешқашан сәтсіздікке ұшырамайтын сенімді, адал, ақылды дос. Осындай терең философиялық мазмұн "жеті қазынаның" әрбір құрамдас бөлігінің артында тұр.
Этникалық мәдениет әлі де ұлттық құндылықтарда көрінеді. Әлем жаһанданған сайын, яғни адамдардың әлем бойынша еркін қозғалуы және ақпараттың еркін ағымы, моральдық-этикалық құндылықтарды біріктіріп, жалпы адамзаттық құндылықтарға айналадырады. Бұл біздің, қазақ халқының мәдениетінің сол заманнан бар екендігің айнасы. Дәстүрдің сақталуы, оның осы күндегі жалғасы, ол біздің тарихымыздың өшпегені деп білемін. Ал тарихы бар ел, болашағы мен бүгіні бар мемлекет.
Достарыңызбен бөлісу: |