41. Қазақ салты бойынша бала туылған күні отбасында той жасалып, туыс-туғандар сол үйге жиылып босанған анаға арнап қой сою кәдесі не деп аталады?
A.жарыс қазан B.бәсіре C. қалжа D. құрсақ той
42. Алғашқы кезде адамдар оң қолдарын жоғары көтерген, ол «міне, көрдің бе, қолымда дәнеңе жоқ, қарусызбын» дегенді білдірген. Бұл ненің белгісі?
A.танысу B.қоштасу C.қошемет D. сәлемдесу
43. Жастар арасында қол беріп амандасу ненің белгісі?
Адамгершіліктің B. достықтың, сыйластықтың C. туыстықтың D. адалдықтың
44. Мұсылман халқында амандасу «Ассалаумағалейкум» деген сөз нені білдіреді?
A. Сізге Алланың нұры жаусын B. Алланың атымен ант етемін
C. Алла өзі жар болсын D. Алланың аманатын орында
45. Президент сөзі қай тілден алынған және ол қандай мағынаны білдіреді?
A. грек сөзі, «тұңғыш» B. латын сөзі, «алдында отырған»
C.неміс сөзі, «бірінші» D. парсы сөзі, «басында тұрған»
46. Көк байрағымызда ұлттық өрнек бейнеленген. Бұл ненің белгісі?
A. қазақ халқының өмірлік серігі B. даналық пен арманның
C. еркіндік пен бостандық D. арман мен мақсат
47. Қазақстанның мемлекеттік туы аспан түстес көгілдір. Туымыз бір түсті, қоспасы жоқ. Ол нені білдіреді? A. көп ұлтты екендігімізді B.халқымыздың болашағын
C.мемлекетіміздің мықтылығын D. халқымыздың бірлігін, тұтастығын
48. Құстың атауын тап
A.томаға B.ақбөкен C.сұңқар D.керік E.алаша
49. Қимыл-қозғалысты білдіретін сөзді тап. A.әупілдек, томаға B.сергу, айығу
C.ақбөкен, ләйлек D.кілем, бесін E.алаша, ақберен
50. Тиісті жіктеу есімдігін тап. ... жазамын. А.біз В.мен С.сен D.сіз E. біз
Ережепова А.О.
Достарыңызбен бөлісу: |