Орта таптың елімізге әсері. Біздің еліміздегі орта тап



Дата13.03.2024
өлшемі15.56 Kb.
#495370
Әлеуметтану орта тап


Жоспар:
1) Орта таптың елімізге әсері.
2) Біздің еліміздегі орта тап.
3) Еліміздің орта табын көбейту өз қолымызда.

Әлеуметтік жүйенің маңызды бөлігі саналатын қоғамның салмағы басым осы тобы бүгінде қай елде болмасын көптігімен ерекшеленеді. Тұрмысы жоғары және төмен тұратындардың ортасындағы белсенділер – орта таптың азаюы ел экономикасының құлдырауымен тікелей байланысты болады екен. Айтар болсақ, біздің елде орта тап туралы түсінік әлі де болса лайықты сипатқа ие болмай отырған сыңайлы. Себебі, еліміздегі жағдайы жақсы деген тұрғындардың шын мәніндегі тұрмыс деңгейі шетел азаматтарының төменгі табының критерийлерімен сәйкес келуі әбден мүмкін. Жалпы, орта таптың әр елде әралуан болатындығын ескеру қажет. Және де қоғамның әлеуметтік құрылымын сөз еткенде оның құрылым жағынан бірдей болмайтынын, адамзат тұрмысының арасында қашанда теңсіздік болатынын да ескеру маңызды сияқты. Сондықтан да олардың жіктелуі ғалымдар үшін ылғи да күрделі мәселе болып келді. Десек те, әлеуметтанушылар азаматтардың білімі, табысы, материалдық жағдайына байланысты бірнеше жіктерге бөліп қарайтын стратификациялық модельдерді ұсынады. Олардың қатарына жоғары тап, орта тап, жұмысшы табы және төменгі тап жатады. Қаржы және өнеркәсіп магнаттары, жоғары билік элиталары жататын жоғары тап туралы әңгіме қозғаудың жөні басқа. Тап солай табысы тұрақсыз, жұмыссыз, әлеуметтік аз қамтылғандар жайын да бөлек әңгімелемекпіз. Бұл ретте ауқымды топ – орта таптың қоғамда алар орны ерекше екендігі осыдан бірнеше ғасырлар бұрын-ақ белгілі болған. Осы орайда ұлы ойшыл Аристотель: «Кез келген мемлекетте үш топ бар. Біріншісі – байлар, екіншісі – кедейлер. Ал үшіншісі – ең жақсылары», деген екен. Тіпті, өткен XX ғасырдан бастау алған орта таптың ортасын көбейту мәселесі қашанда маңыздылығын жоймай келеді. Оған көптеген себептер де жоқ емес, әрине. Бірінші кезекте қоғамдағы әлеуметтік тәртіп пен тұрақтылықтың және экономиканың тірегі орта тап өкілдері екендігін ескере кеткен жөн. Сондай-ақ, қоғамның негізгі интеллектуалдық күші мен жоғары мамандарынан тұратын тобының кез келген мәселеде белсенділік таныта алатыны тағы бар. Бүгінде ғалымдар, жазушылар, суретшілер, дін қызметкерлері, оқытушылар, дәрігерлер, орта және шағын кәсіпкерлер мен маманданған жұмысшылар жататын орта таптың заман талабына сай өзіндік өмір сүру дағдысы бөлек және экономика мен саяси бағытта тәуелсіз екені белгілі. Халықтың неғұрлым көп бөлігі ауқатты болған сайын, қоғамның тұрақтылығы да нығая түсетіні дәлелденген. Яғни, қандай да бір меншікке ие азамат өзіне тиесілі игіліктердің сақталуына мүдделі.«Еліміздегі орта тап кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастырудың көзі ретінде қарастырылуы керек. Бұлар нағыз заңның салтанат құруына мейлінше мүдделі, мемлекеттің халыққа есеп беруін қалайтын, елдегі тұрақтылық үшін барымен күресетін үлкен күш», деді Елбасы сонда. Президенттің орта тап өкілдеріне берген сипаты бойынша, еліміздегі орта тап тұрғындары – бұл өзінің баспанасы, автокөлігі, бизнесі мен жалақысы қалыпты, отбасын асырап отырған, балаларын оқытуға, қыдыруға жағдайы толық келетіндер.


Бұл ретте Елбасы дәл осы тап тұрақтылықтың мейлінше жақтаушысы екендігін, Германияда ұлттық байлықтың 90 пайызын орта тап өкілдері құрап отырғанын атап айтқан болатын. Әлемнің ең дамыған жетекші елдерінде орта тап халықтың 60-80%-ын құрайды. Кем дегенде бұл көрсеткіш жартысына жуықтауы керек. Басылым беттеріндегі деректер бойынша, мемлекетімізде орта буынның қатары азайып келе жатқаны айтылуда. Соңғы жылдары теңге бағамы өзгергенге дейін олардың көрсеткіші 25-30% болса, қазіргі таңда 10-15%-ды құрайды. Мұның өте аз көрсеткіш екендігі белгілі. Және де алдағы уақытта олардың артатынына күмән да жоқ емес. Тіпті, бірқатар сарапшылар біздің елде орта тап туралы айтуға әлі ерте деп есептейді. Кейбірі мемлекетіміздегі орта таптың ұзақ уақыт бойы қалыптасу кезеңінде болатынын тұспалдаса, тәуелсіз мамандардың пікірі бойынша, елдің орта тап өкілдерін шетелдікімен салыстыруға келмейді. Сондай-ақ, елде қоғамның орта буындарының саны басым екендігіне және оның жылдан-жылға ұлғаятынына сенім білдіретін сарапшылар да жоқ емес. Десек те, бүгінгі таңда тек біздің елде емес, бірқатар мемлекеттерде алаңдатарлық ахуалға айналып отырған бұл мәселе көптеген шараларды қолға алуға итермелейді. Себебі, жаһандық сипат алған дағдарыс, мұнай бағасының құлдырауы әсіресе, экономиканың белін бүктіргені рас. Осы ретте оның салқыны бірқатар бизнес өкілдері мен кәсіпкерлердің жұмысын қиындатып, айтарлықтай соққы берді.Соңғы мамандарымыздың зерттеулерінде «Сіз өзіңізді қалай сезінесіз?», «Өзіңізді қай тапқа жатқызасыз?» деген сауалдарға халықтың басым бөлігі өзін жақсы сезінетінін, өзін орта тапқа жатқызатындығын айтқан. Ал ауылдағы орта тапқа жататын азамат пен қаладағы орта тап өкілі және Батыстың орта тап өкілдері арасындағы табыстары, көңіл-күйлері әртүрлі болып келеді, дейді сарапшылар.
Біз осы еліміздің дағдарысқа ұшырамауын алдын алуымыз керек.Өйткені,дамыған елдермен иық тірестіріп дамушы көшке адымдай ілескен соң, елдің орта табын көбейту және олардың тұрмыс сапасын көтеру де мемлекеттің және кез келген азаматтың міндеті деуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет