1. Аналық малдың жыныс мүшелерінің анатомиясы – Сиырдың жыныс органдары



бет16/24
Дата01.03.2024
өлшемі109.36 Kb.
#493959
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
2 ВКЗ КАЗ

19. Ұрықтың органолептикалық қасиеті - Шəуетті алысымен тез арада оның көлемін, түсін, иісін жəне консистенциясын анықтайды. Шəуеттің түр-түсін, иісін шəует қабылдағышта анықтайды. Сонымен қатар ірің, зəр, қан араласса, оны анықтап, зерттейді. Шəуеттің түсі малдың түріне жəне спермийлердін шоғырлануына байланысты. Атап айтсақ, кошқардың шəуеті түсі ақшыл-сарғылт; бұқанікі көбінесе ақ түсті, кей кезде сарғылт; айғырдікі жəне қабандікі ақ-сұрғылт (сұйық, сүт тəрізді).

Шəуеттің иісі қалыпты жағдайда білінбейді. Тек қана кошқардың шəуетінде шайырдың иісі болады. Бұқаның шəуетінің иісі жаңа сауылған сүттің иісіне ұқсас болады. Шəуетте жағымсыз иістің болуы, аталық малдың жыныстық мүшелеріндегі қабыну үдерісін көрсетеді. Қызыл түс - жыныстық мүшелері зақымданғандағы қанның араласуынан болады. Қара қызғылт түс - несеп жыныс арнасындағы капиллярлардың жарылуынан болады, қызылкүрең түс - жыныстық мүшеде бұрын болған зақымданудың салдарынан. Патологиялық қоспалары бар жəне шірік иісті шəуетті ұрықтандыруға пайдаланбайды. Шəуеттің консистенциясы ондағы спермийлердің шоғырлануына байланысты. Қошқар шəуетінің қалыпты жағдайдағы консистенциясы кілегей тəрізді, бұқанікі кою сүтке ұқсайды, айғыр мен қабандікі су тəрізді болады. Айғырдың шəуетінде көпіршік бездерінің желім тəрізді қоспалары болады, ал қабан шəуетінде купер бездерінің желім тəрізді дəнді шырышының қоспалары кездеседі.


20. Қолдан ұрықтандырушы техниктің құқықтары мен міндеттері - Ұрықтандырушы-техник қызметін зооветмамандары, сондай-ақ орта білімі бар, мал шаруашылығында жұмыс тәжірибесі бар, арнайы курстарда дайындықтан өткен және қолдан ұрықтандыру әдісі бойынша сынақтан өткен, осы бағытта жұмыс істеуге құқық беретін аттестаты бар мамандар атқара алады.
Ұрықтандырушы-техник міндетті:
- сиырлар мен қашарларды қолдан ұрықтандыру бойынша қолданылатын инструкцияға сай жұмыс істу;
- пунктерді таза ұстау, айына 3 рет дезинфекция жүргізу;
- шәуітті қабылдап алу және оларды сақтау ережелерін бұзбау;
- Дьюар ыдысындағы сұйық азоттың деңгейін бақылап отыру;
- шәуітті шаруашылықтың селекциялы-асылтұқымдық жоспарына сәйкес пайдалану;
- шәуіттің сапасын әр алған сайын және сиырлар мен қашарларды ұрықтандырудың алдында микроскоппен қарап тексеру;
- күйіті келген сиырлар мен қашарларды анықтау жұмысын ұйымдастыру және жүргізу, бірнеше ұрықтандырылған сиырлар жайлы шаруашылықтың ветеринарына мағлұмат беру;
- күйіті келген сиырлар мен қашарларды уақытылы ұрықтандырып отыру;
- ұрықтандыру, суалту және төлдеу жорналында немесе арнайы карточкада ұрықтандырылатын сиыр бойынша мәліметтерді толтыру, сондай-ақ өндіруші бұқаның шәуітін пайдалану бойынша, сиырлардың буаздығын анықтауға жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін, сиырлар мен қашарлардың төлдеу мағлұматтарын уақытылы толтырып отыру;
- құрал-саймандар мен құрал-жабдықтар сатып алуға сұраныс білдіру;
- ай сайын шаруашылықтың бас маманына малдарды қолдан ұрықтандыру бойынша есеп беріп отыру;
- әрдайым өзінің біліктілігін жоғарлатып отыру;
Ұрықтандырушы-техник ферманың жұмыскерлеріне күйіті келген сиырлар мен қашарларды анықтау, малдарды ұрықтандыру бекеттеріне айдап алып келу және малдарды ұрықтандырудың алдында және ұрықтандырудан кейін күтіп-бағу жұмыстары бойынша тапсырмалар беруге құқылы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет