1. Аналық малдың жыныс мүшелерінің анатомиясы – Сиырдың жыныс органдары


Қолдан ұрықтандыру кезіндегі негізгі қателіктер -



бет22/24
Дата01.03.2024
өлшемі109.36 Kb.
#493959
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
2 ВКЗ КАЗ

34. Қолдан ұрықтандыру кезіндегі негізгі қателіктер - Ұрықтандыру кезінде жиі жіберілетін қателіктер:
1. Катетерді жатырға көлденең немесе аздап жоғарырақ қаратып енгізгенде катетердің ұшы соқыр қуысқа кіріп кетуі мүмкін , мұндай жағдайда жатыр мойынын қолмен құрсақ қуысына көтеріп, катетердің ұшын аздап төмен түсіріп, содан соң ғана катетерді жатыр мойынына жылжытуды қажет етеді.
2. Қынапқа катетерді төмен қаратып енгізгенде, ол қуықтың саңылауына кіріп кетуі мүмкін , ондай жағдайды болдырмау үшін катетерді қынапқа 45 0 -қа жоғары қаратып сұғып, содан соң ғана алдыға қарай итеру икемдеу қажет.
3. Жатыр мойынын қынап жағынан немесе жатыр денесінің артынан өте алыс ұстаған жағдайда, жатыр мойынының артқы бөлігі төмен түсіп тұрады, мұндай жағдайда жатыр мойынына катетерді еңгізуге мүмкіндік болмайды, катетерді еңгізу үшін жатыр мойының алақанмен толығымен қысып ұстап, кішкене саусақтың көмегімен катетерді жатыр мойынына бағыттау қажет.
4. Буаз сиырды ұрықтандыру . Сиырларда буаздығының 4 – 4,5 айлығында кейбір физиологиялық қасиеттеріне байланысты жыныстық күй белгілеріне ұқсас белгілер байқалады (жалған күйге келу). Егер сиырлардың буаздығын анықтау бойынша зерттеу уақытылы жүргізілмесе, онда жалған күйді табиғи күйүге келгенмен шатастырып, буаз сиырды қайта ұрықтандырып, қоюға болады, бұндай жағдайда сиыр түсік тастайды.


35. Сиырлардың жыныстық күйітінің синхронизациясы - бұл жануарлар тобында эструсты бір уақытта көрсету үшін сиырлар мен қашарлардың гормоналды күйін түзету.
Сиырлардың күйітін синхрондаудың міндеттері:
1. Қысқа мерзімде көптеген жануарларды ұрықтандыру.
2. Экономикалық мақсатта сүтті мал шаруашылығында жаппай төлдеу кезеңін ауыстыру.
3. Бірқатар өндірістік себептерге байланысты, сондай-ақ Қызмет көрсету кезеңін қысқарту үшін жыныстық күйітті анықтау қиын немесе мүмкін емес жағдайларда жануарлардағы эструсты синхрондау.
Күйітті синхрондау технологиясы-бұл жануарлардағы эструстың клиникалық көрінісіне қарамастан, қатаң белгіленген уақытта гормондық инъекциялар және жасанды ұрықтандыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет