1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет124/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

Көмей бұлшықеттері:
Көмей бұлшықеттері келесі қызметтер атқарады: дауыс саңылауын кеңейтеді, дауыс саңылауын тарылтады, дауыс қатпарларын кереді.
Дауыс саңылауын тарылтатын бұлшықеттер:
1. Қалқанша-ожаутәрізді бұлшықет m.thyroarytenoideus жұп, қалқанша шеміршектің ішкі бетінен басталып жүзіктәрізді шеміршектің бұлшықеттік өсіндісіне бекиді.
2. Латеральді жүзік-ожаутәрізді бұлшықет m.cricoarytenoidеus lateralis жұп, жүзіктәрізді шеміршектің бүйір бетінен басталып ожаутәрізді шеміршектің бұлшықеттік өсіндісіне бекиді.
3. Көлденең ожаутәрізді бұлшықет m.arytenoideus obliguus жұп, ожаутәрізді шеміршектердің артқы беттерінде орналасқан.
4. Қиғаш ожаутәрізді бұлшықет m.arytenoideus obliguus, жұп, сол шеміршектің бұлшықеттік өсіндісінен басталып оң шеміршектің бүйір бетіне бекиді. Қарамақарсы бұлшықеттің жолы да дәл осылай, бірақ керісінше. Бұл бұлшықеттің талшықтарының бір бөлігі ожау-көмей қақпашығы бұлшықетіне m.aryepiglotticus жалғасады.
Дауыс саңылауын кеңейтетін бұлшықеттер:
1. Артқы жүзік-ожаутәрізді бұлшықет m.cricoarytenoideus posterior жұп, жүзіктәрізді шеміршектің табақшасының артқы бетінен басталып ожаутәрізді шеміршектің бұлшықеттік өсіндісіне бекиді.
Дауыс байламдарын керетін бұлшықеттер:
1. Дауыс бұлшықеті m.vocalis жұп, аттас қатпарда орналасқан. Қалқанша шеміршектің бұрышының ішкі бетінен басталып ожаутәрізді шеміршектің дауыс өсіндісіне бекиді.
2. Жүзік-қалқанша бұлшықеті m.cricothyroideus жұп, екі будадан құралған, жүзіктәрізді шеміршектің доғасынан басталып қалқанша шеміршектің төменгі жиегіне pars recta және төменгі мүйізіне pars obligua бекиді. Көмейді жоғарғы және төменгі көмей артериялары сыртқы ұйқы, бұғанаасты артерияларының тармақтарын қанмен қамтамасыз етеді. Веналық ағым аттас веналар арқылы жүзеге асады. Лимфа ағымы мойынның терең лимфа түйіндеріне бағытталады. Көмей жоғарғы және төменгі көмей нервтерімен Х-жұп, кезбе нервінің тармақтары симпатикалық сабаудың тармақтарымен нервтенеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет