1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет131/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

Қорыта келгенде, өкпенің кұрылысын бір сөзбен тұжырымдайтын болсам, өкпенің ацинустары өкпенің бөлшектерін, өкпенің бөлшектері жинақтала келе өкпенің сегменттерін, сегменттері одан әрі өкпенің бөліктерін, бөліктері одан әрі оң және сол өкпені құрайтындығы мәлім.


120.Өкпенің құрылысы және қызметі.
Өкпе, pulmo тыныс алу жүйесінің негізгі мүшесі. Ол кеуде қуысында, cavum thoracis, өкпеқаптың ішінде, pleura pulmonalis, орналасқан жұп мүше. Өкпенің сыртқы пішіні кесілген конустәрізді, екі өкпенің өкпе ұшы, apex pulmonis, және өкпе негізі, basis pulmonis, ажыратылады. Өкпе ұшы, apex pulmonis, алдынан қарағанда: І-кабырғадан 3- 4 см, немесе бұғана сүйегінен 2-3 см жоғары орналасады, артқы бетінен қарағанда, ол УІІ мойын омыртқаның көлденең өсіндісіне тұспалас орналасады. Өкпе негізі, basis pulmonis, жалпақ, көкетпен беттесіп орналасқан. Екі өкпенің дөңестеу келген қабырғалық беті, facies costalis, ойыстау келген төменгі көкеттік беті, facies diaphragmatica, және көкірекаралық беті, facies mediastinalis ажыратылады. Сонымен қатар, екі өкпе беттерінің бір-бірімен өзара беттескен жерінде өткірлеу келген алдыңғы жиегі, margo anterior, төменгі жиегі, margo inferior, доғалдау келіп, вертикалді орналасқан артқы жиегі, margo posterior, ажыратылады.
Өкпенің қабырғалық беті, facies costalis,дөнестеу келіп кабырғалардың ішкі бетімен және кабырғааралық бұлшықеттермен беттесіп орналасқандықтан, қабырғалардың батыңқылары айқын байқалады.
Өкпенің медиалді беті, facies medialis, ойыстау келіп, артында омырткалық бөлікке, pars vertebralis, алдында көкірекаралық бөлікке, pars mediastinalis, бөлінеді. Медиалді бетінің ортаңғы бөлігінде өкпе батыңкысы немесе өкпе қакпасы, hiluspulmonis, орналаскан.
Көкеттік беті, facies diaphragmatica, ойыстау келіп көкеттің дөңестеу келген бетімен беттесіп орналасқан.
Өкпенің шекаралары:
1.жоғарғы-алдында linea parasternalis – артында linea paravertebralis/ scapularis
2.алдыңғы-онжақ linea mediana anterior – солжақ linea mediana anterior/ linea parasternalis
3.төменгі-оң/солжақ linea paravertebralis/ medioclavicularis/ axillaris ant et media et pos
4.артқы артқы қырының сызықтарымен бірдей.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет