1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет157/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

Бездің алдыңғы беті(facies anterior) қасаға симфизіне қараған, одан ішінде веналы көрім орналасқан борпылдак шелмаймен бөлінген. Қуықасты безінен қасаға симфизіне бүйір және орталық қасаға-куықасты байламдары (ligg. puboprostaticae) және касаға-қуықасты бұлшықеті (m. puboprostaticus) тартылған.
Қуықасты безінің артқы беті(facies posterior) тік ішектің кең жеріне (ампуласына) бағытталып, одан жамбас астау шандыр табақшасымен (septum rectovesicale) бөлінген. Тік ішекпен тұспалас орналасуы, тірі адамдарда тік ішектін алдыңғы кабырғасы арқылы қуықасты безін ұстап анықтауға мәжбүр етеді.
Төменгі бүйір беті(facies inferolateralis) дөңгеленіп, веналық өрім мен артқы өтісті көтеретін бүлшықетке қарайды. Қуықасты безінің ұшы(apex prostatae) төмен бағытталып, несепжыныс диафрагмасында орналасады. Несеп шығаратын өзек қуықасты безінің негізінен кіріп, оның үлкен бөлігі қуықасты безінің артында орналасқан және безден ұшы аймағында шығады.
Қуықасты безінің екі үлесі: оң (lobus dexter) және сол (lobus sinister) ажыратылады. Екеуінің шекарасы болып бездің алдыңғы бетінде орналасқан терең емес жүлге саналады. Без негізінің артқы бетінен шығыңқы орналасатын, несеп шығаратын өзекпен алдынан және шәует жіберетін түтіктің артынан шектелген бөлікті, қуықасты безінің қылтасы (isthmus prostatae) немесе бездің ортаңғы үлесі (lobus medius) дейді. Қартайған шақта бұл үлес гипертрофияға ұшырайды, сондықтан несептің шығарылуы қиындайды.
Куықасты безі қабырғаларының кұрылысы:
Қуықасты безі сыртынан қапшықпен(capsula prostatica) жабылады, одан бездің ішіне дәнекер тінді талшықтар-қуықасты қалқалары тармақталады. Ол безді тіннен (parenchyma glandulare) және бірыңғай салалы бұлшықеттік тіннен (substantia muscularis) құралған. Безді тіндер ұяшық-түтік құрылысты простата безшелері (үлесшелері) (glandulae prostaticae) түрінде жеке құрылымдарға топталады. Без үлесшелері 30-40 шамасында қуықасты безінің артқы және бүйір бөліктерінде орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет