1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет162/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

Артқы өтісті көтеретін бұлшықет, m. levator ani, -жұп, жіңішке үшбұрыш табак пішінді, кең бөлігімен жоғары қараған. Екі бұлшыкеттің төменгі бөліктері тарылып, тік ішекті ілмек түрінде қапсырады. Артқы өтісті көтеретін бұлшықет бірнеше будаларымен кіші жамбас астауының бүйір қабырғасынан басталады. Алдыңғы будалары қасаға сүйегінің төменгі тармағының ішкі бетінен, бүйір будалары- артқы өтісті көтеретін бұлшықеттің сіңірлі доғасынан басталады. Ал бұлшықеттің оң және сол будалары төмен және артқа бағытталып, өзара қосылып, тік ішекті жауып, кейін төмен және медиалді бағытталады. Артқы өтісті көтеретін бұлшықет жиырығанда жамбас астау түбі қатаяды және көтеріледі, тік ішектің соңғы бөлігі алға жәнежоғарытартылып, қысылады. Әйелдерде бұлшықетжиырылғанда қынап кіреберісін тарылтып, қынаптың артқы қабырғасын алдыңғыға жақындатады.


  • Құйымшақбұлшықеті, m. coccygeus, -жұп бұлшықет, шонданай білігінен және сегізкөзқылқан байламынан басталып, медиалді және артқа жүріп, құйымшақтың латералді жиегі мен сегізкөз ұшына бекиді. Бұлшықет будалары медиалді жағынан сегізкөз-қылқан байламында жатады, бір бөлігі байламға шырмалып, жамбас астау көкетінің артқы бөлігін катайтады.

    Фасциялары (сырттан, яғни тері жақтан жамбас қуысына қарай есептегенде):





    • Шатаралықтың беткей фасциясы (fascia perinei superficialis) – тері астында орналасқан, дененің жалпы беткей фасциясының жалғасы болып табылады.
    • Жамбас астау көкетінің төменгі шандыры, fascia diaphragmatis pelvis inferior шаттын беткей шандырының астында, оньң арткы бөлімінде орналасады. Бөксенің үлкен бұлшықетінің меншікті шандырымен бірігеді де, оның жалғасы болып саналады. Артқы өтістің сыртқы сфинктерінің сыртқы беткейіне өтіп, артқы өтісті қоршайтын шелмайда аяқталады. Кейін бұл шандыр шонданай-тік ішек шұңқырын жабады.




    • Жамбас диафрагмасының жоғарғы фасциясы (fascia diaphradmatis pelvis superior) – құрсақ ішілік фасцияның жалғасы жамбас астау фасциясының париеталді табағының бір бөлігі және m. levator ani-дың үстіңгі жамбас қуысы бетін жауып жатады. Артқы өтісті көтеретін бұлшыкетті жоғарыдан жабады.

    153.Несеп-жыныс үшбұрыштың бұлшықеттері және фасциялары.


    Беткей бүлшықеттеріне үш бұлшықет: шаттың беткей көлденең бұлшықеті, буылтықкеуек бұлшықеті, шонданай-үңгір бұлшықеті жатады.
    - Шаттың беткей көлденең бұлшыкеті, m. transversus perinei superficialis, - жұп, теріасты шелмайдың терең қабатында орналасады. Ол шонданай сүйегінің төменгі тармағынан бастау алып, қарама-қарсы бұлшықетке қарсы бағытталып, шаттьң сіңірлі орталығында аяқталады.
    - Шонданай-үңгір бұлшықеті, m. ischiocavernosus, - жұп, шонданай сүйегінің төменгі тармағынан бастау алады. Ерлерде аталық жыныс мүшесі түбіріне латералді жатып, алдыңғы шеттерімен аталық жыныс мүшесінің ерлердегі үңгірлі денесінің немесе әйелдердегі деліткінің ақ қабығына қоса шырмалады. Бүл бұлшықеттер жиырылғанда эрекцияны туғызады.
    - Буылтық-кеуек бұлшықеті, m. bulbospongiosus, екі бөліктен түрады, олар аталық жыныс мүшесі буылтығының төменгі бетіндегі жіктен басталып, аталық жыныс мүшесінің артқы бетінің беткей шандырына және оның ақ қабығына бекиді. Бұлшықет жиырылғанда эрекцияға қатысады. Әйелдерде буылтық-кеуек бұлшықеті -жұп бұлшықет, қынапты тесігі аймағында капсырып, m.constrictor cunni, sphincter vaginae, түзеді. Бүлшықет шаттың сіңірлі орталығынан басталып, деліткінің дорсалді бетіне бекіп, оның ак қабығына қоса шырмалады.
    Несепжыныс көкетінің терең бұлшықетіне шаттың терең көлденең бұлшықеті мен несеп шығаратын өзектің қысқышы жатады.
    - Шаттың терең көлденең бұлшықеті, m. transversus perinei profundus, шонданай және қасаға сүйектерінің тармақтарынан басталатын, жіңішке табақ түріндегі жұп бұлшыкет. Бұлшықеттер бір-бірімен шаттың ортаңғы сызығында қосылып, сіңірлі орталықтың түзілуіне қатысып, несепжыныс көкетін қатайтуға қатысады.
    - Несеп шығаратын өзектің қысқышы, m. sphincter urethrae, тақ бұлшыкет, талшықтары дөнгелек бағытта орналасып, ерлерде несеп шығаратын өзектің жарғақты бөлігін, әйелдерде қасаға сүйегінің төменгі тармағынан басталып, несеп шығаратын өзекті қапсырады. Ерлерде бұлшықет талшықтары қуықасты безге, әйелдерде-қынап қабырғасына косылады.
    Шатта беткей шандырды жэне жамбас астау көкеті мен несеп-жыныс көкетінің жоғарғы және төменгі шандырларын ажыратады.
    - Шаттың беткей шандыры, fascia superficialis, әлсіз көрсетілген, дененің көршілес бөліктерін жабатын жалпы теріасты шандырының туындысы. Бұл шандыр төменнен (сыртынан) несепжыныс көкетінің беткей топ бұлшықеттеріне жанасып, олардың меншікті шандырларымен бірігеді. Ерлерде шаттын беткей шандыры алдынан еркек жыныс мүшесінің беткей шандырына жалғасады. Шандыр бүйірінен шонданай төмпелеріне бекиді.
    - Жамбас диафрагмасының төменгі фасциясының беткей пластинкасы (lamina superficialis fasciae diaphragmatis pelvis inferior) – бұл фасция m. bulbospongiosus, m. ischiocavernosus et transversus perinei superficialis-тардың сыртқы яғни төменгі беттерін жауып жатады орналасады.
    - Несепжыныс көкетінің төменгі шандыры, fascia diaphragmatis urogenitalis inferior, membrana perinea шаттың терең көлденең бұлшықеті мен несеп шығаратын өзектің кысқышын төменнен жауып, беткей және терең бұлшықетердің аралығында орналасады.
    - Несепжыныс көкетінің жоғарғы шандыры, fascia diaphragmatis urogenitalis superior, шаттың терең көлденең бұлшықеттердің үстінде жатады. Несепжыныс көкетініңжоғарғы және төменгі шандырлары бүйірінен шонданай және қасаға сүйектерінің төменгі тармақтарының сүйектік қабағымен бітісіп кетеді.

    154.Әйел шатаралығының ерлер шатаралығынан айырмашықтары.


    Әйел шатаралығының ерлер шатаралығынан айырмашылықтарына тоқталатын болсақ жалпы әйел шатарылығында ерекшеліктер болады.
    Несепжыныс диафрагмасы енінің көлемі үлкен, ол арқылы несеп шығаратын өзек пен қоса қынапта өтеді. Бұл аймақтың бұлшықеттері ерлердің шатарлыңының бұлшыкеттеріне қарағанда нашар дамыған. Кей жағдайларда шаттың беткей көлденең бұлшықеттері мүлдем болмайды. Сонымен қатар, шаттың терең көлденең бұлшықеті де нашар жетілген. Керісінше, несепжыныс көкетінін жоғарғы және төменгі шандыры жақсы жетілген. Несеп шығаратын өзек (үрпі) қысқышының бұлшықеттік будалары қынапты қоршап, онын қабырғасына шырмалады. Шаттың сіңірлі орталығы қынап пен артқы өтіс аралығында орналасып, өзара қиылысқан сіңірлі және эластикалық талшықтардан тұрады.

    155.Нерв жүйесініңфилогенезі. Нерв жүйесініңжіктелуі.


    Қарапайым бір жасушалы амебада нерв жүйесі болмайды, олардың сыртқы ортамен арақатынасы гуморалдық жолмен іске асады. Нерв жүйесі дамуының бірінші сатысында - ең қарапайым нерв жүйесі ішекқуыстыларда (гидрада) пайда болып, тортәрізді құрылым түзеді: жасушалар өзара көптеген өсінділер арқылы байланысып тұрады. Филогенездің келесі сатысында нерв жүйесінің түйіндік түрі пайда болады.Нерв жасушалары жиналып түйіндер түзеді, бұл түйіндер бір – бірімен бойлық және көлденең орналасқан нервтер арқылы байланысады. Нерв жүйесінің бұл түрі сегменттік құрылымды организмдерге ( омыртқасыздарға – сақиналы құрттарға) тән. Көлденең орналасқан нервтер бір сегменттің түйіндерін, бойлық нервтер көршілес сегменттердің түйіндерін байланыстырып тұрады. Нерв жүйесі дамуының үшінші сатысында түтікті нерв жүйесі пайда болады. Нерв жүйесінің бұл түрі хордалылықтарға, соның ішінде адамға да тән. Олардың нерв түтігінің тұлғалық бөлігі жұлынды түзеді. Нерв түтігінің бас жағы жуандап ми дами бастайды (дөңгелекауыздыларда). Барлық бассүйекті жануарлар миында үш: ромбтәрізді (артқы), ортаңғы және алдыңғы көпіршіктер түзіледі. Осылардың ішінде ромбтәрізді мидың дамуы басым болады. Себебі (төменгі сатыдағы балықтарды) көпір мен мишықта есту және тепетеңдік сақтау орталықтары пайда бола бастайды. Эволюция барысында ромбтәрізді ми сопақша ми, myelencephalon, және көпір мен мишықтан тұратын артқы миға, metencephalon, бөлінеді. Сопақша мида өмірлік маңызды тыныс алу, ас қорыту, қанайналымды реттейтін орталықтар пайда болады. Осыған орай сопақша мида X жұп, кезбе нервтің, n.vagus, ядролары дамиды. Сондықтан сопақша мидың зақымдануы өлімге әкеліп соғады. Көру рецепторының дамуы ортаңғы мидың дамуына әсер етеді, мидың бұл бөлігінде қыртыс астылық көру және есту орталықтары пайда болады. Құрлықтағы жануарлардың иіс сезу қызметіне байланысты алдыңғы мидың құрамында иіс сезу миы, rhinencephalon , дамиды. Филогенездік даму барысында алдыңғы ми көпіршігі екі бөлікке: соңғы ми, telencephalon , және аралық миға , diencephalon, бөлінеді. Нәтижесінде, соңғы ми, аралық ми, ортаңғы ми, артқы ми және сопақша ми деп аталатын 5 ми көпіршіктері пайда болады. Кейінгі даму кезеңдерінде соңғы мидың дамуы басым болады да, амфибия, рептилий және құстарда қарапайым ми қыртысы қалыптасады. Даму барысында мидың барлық бөліктерінің құрылымы жетіле, күрделене түседі. Сүтқоректілерде соңғы мидың күшті дамуына байланысты,ол,мидың басқа бөліктерін жамылғы ( pallium) түрінде жауып жатады. Соңғы мида сезімталдықтың барлық түрлерінің орталықтары пайда болады. Яғни, мидың дамуы барысында, оның төменгі бөліктерінде пайда болған сезімталдықтың орталықтарына сәйкес орталықтар, мидың жоғарғы бөліктерінде де пайда болады. Мысалы, есту орталығы алғаш рет артқы мида дамыса, одан кейін ортаңғы, аралық және соңғы миларда пайда болады. Бұл жағдайда сезімталдықтытың мидың төменгі бөліктерінде орналасқан орталықтары бағынышты қызмет атқарады. Еңбек ету қызметі мен сөйлеу қабілеттерінің дамуына байланысты адамның ми қыртысы дамудың ең жоғары сатысына көтеріліп,организмнің саналы қызметін қамтамасыз ететін ағзаға айналды.
    Нерв жүйесі топографиясына байланысты орталықжәне шеткінерв жүйесі болып екіге бөлінеді. Орталық нерв жүйесіне (ОНЖ) ми және жұлын жатады. Шеткі нерв жүйесін (ШНЖ) 31 жұлын нервтері мен 12 жұп бассүйек нервтері құрайды.
    Қызметіне байланысты нерв жүйесі шартты түрде сомалық (анималдық)және автономдық (вегетативтік)болып екіге бөлінеді.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   205




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет