Торлы қабық (arachnoidea) – мимен жұлынды қоршаған, созылмалы талшықты тіннен құралған және қатты қабық астында орналасқан біршама жұқа жарғақ. Торлы қабық қатты қабықтан қатты қабық астындағы кеңістікпен (spatium subdurale) бөлінген. Қалыпты жағдайда, бұл кеңістік болмайда (сондықтан оны жиі «болуы мүмкін кеңістік» деп атайды). Қатты қабық пен торлы қабық бір-бірімен тығыз жанасқан, сонымен қатар оларды байланыстыратын түзілістер де болмайды. Торлы қабық астындағы кеңістік, шағын қысымы бар ми-жұлын сұйықтығымен толған. Сұйықтықтың қысымы торлы қабықты сыртқа қарай итеріп оны қатты қабықпен тығыз жанастырады.
Торлы қабық астында жатқан жұмсақ қабықпен (pia mater) өте нәзік аралықтар арқылы байланысқан. Осы қабықтар бір-бірінен іші ми-жұлын сұйықтығымен толған торлы қабық астындағы (spatium subarachnoidale) кеңістікпен бөлінген. Жұмсақ қабықтың торлы қабықтан ерекшелігі ол ми мен жұлынның өне бойы бетімен тығыз қосылған және жұмсақ қабық астроциттерден беткей қабатымен қосылып пиаглиальді жарғақ деп аталатын түзіліспен байланысқан. Торлы қабық астындағы кеңістіктің кейбір бөліктері кеңейіп цистерналар түзеді.
Осы аталған қабықтардың барлығы мидың аттас қабығына жалғасады. Жұлын мен мидың топографиялық ерекшелеріне қарай жұлын және ми қабықтары болып ажыратылады.
Жұлынның қатты қабығы және омыртқалар арасында, май және борпылдақ дәнекер тінмен толған бос кеңістік пайда болады. Осы кеңістікте қатты қабықпен омыртқаның сүйекқабын ажырататын веналық тамырлардың өрімі орналасады,оны эпидуралді кеңістік(cavitas epiduralis) деп атаймыз.
Ал мидың қабыттарына келетін болсақ олар бассүйектің сүйекқабымен бірге бітіседі. Бұл жерде кеңістік болмайды, бірақ бұл жерде қатты пластинкалар арасында мидың қатты қабығының қойнауы (sinus durae matris) болады.Бұл жерде эпидуралді кеңістік болмайды. Торлы және қатты қабық арасында болатын кеңістікті субдуралді кеңістік деп атайды,онда ми мен жұлыннан шығатын нерв түбірі өтеді. Қатты қабықтан нервтермен тамырлар өтеді осының арқасында олар сыртқы қынаты түзеді. Қатты және жұмсақ қабықта нерв пен тамырлар болады, ал торлы қабықта тамырлар болмайды. Жұмсақ қабық жұлын мен миды жауып тастамай,жүлгелер ішіне кіреді.
179. Цистерна туралы түсінік. Субарахноидалді кеңістік цистерналары.
Торлы қабық астындағы кеңістіктің кейбір бөліктері кеңейіп цистерналар түзеді. Бұндай цистерналар ми бетіндегі әр жүлгемен саңылаулардың үстінде орналасқан және олардың атауы жатқан орнына байланысты болады. Бірақта тұрақты аттары да бар, олар тек ең ірі цистерналарда болады:
Достарыңызбен бөлісу: |