Төменгі сагиталді койнау, sinus sagittalis inferior, үлкен ми сыңарасының төменгі бөлігін көлбей орналасып, тік қойнауға келіп қүйылады.
Көлденең қойнау, sinus transversus, шүйде сүйегінің жүлгесінде орналасқан. Ол ең ірі қойнаудың бірі болып табылады. Төбелік сүйегінің емізік бүрышында ол сигматэрізді қойнауына, sinus sigmoideus, үласады. Соңғы жүлге мойындырық саны лауына түсіп, ішкі мойындырық венаның жоғарғы буылтығына өтеді. Қойнау 2 эмиссарлы венаға ашылады да, бассүйектің сыртқы венасымен байланысады, оның бірі емізіктәрізді саңылаудың өсіндісінде, басқасы - айдаршық шұңқырынан тыс шүйде сүйегінде, көбіне симметриялық емес, айдаршық өзегінде орналасады.
Тік қойнау, sinus rectus, мишық шатырының ми арасында орналасады. Ол жоғарғы сагиталді қойнаумен бірге көлденең қойнауына құйылады.
Үңгірлі койнау, sinus cavernosus, ол өзінің атын көптеген жарғақтарына байланысты, үңгірлі қүрылымның қойнау түріне байланысты беріледі, бұл қойнау түрік ершігінің жанында орналасады. Көлденең бөлігінде ол үшбұрыштәрізді болады, оның үш кабырғасы ажыратылады: жоғарғы, төменгі және ішкі. Жоғарғы қабырғасы көзқимыл нервімен кесіп өтеді. Төмендеу, сыртқы койнаудың кабырғасы, шығыршык нерві мен үшкіл нервтің бірінші тармагы көз нервінен өтеді. Шығыршык пен көз нервінің арасында экететін нерв кіреді. Қойнау арасынан ішкі үйқы артериясы өзінің симпатикалык нерв өрімімен өтеді. Қойнау куысында жоғарғы венасы өтеді. Үңгіраралык койнауы, sinus intercavernosi, арқылы он және сол үңгір қойнау бірбірімен ертоқым диафрагмасының алдыңғы және артқы бөлігімен байланысады. Түрік ершігіндегі гипофиз шұңқырын коршайды.
Сына-тобелік койнау, sinus sphenoparietalis, жүп, сына сүйегінің кіші канатына медиалді түрде бағытталып, үңгір қойнауына кіреді.
Жоғарғы тасты койнау, sinus petrosus superior, ол да үңгір қойнауының бірі болып табылады. Ол самай сүйектің пирамидасының жоғарғы бетінде орналасып, үңгір қойнау мен көлденең қойнауын байланыстырады.
Достарыңызбен бөлісу: |