1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Мұрын қуысы, қабырғаларыныңқұрылысы, тесіктері, олардың маңызы



бет31/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

30.Мұрын қуысы, қабырғаларыныңқұрылысы, тесіктері, олардың маңызы.
Мұрын қуысы — cavitas nasi, бет сүйектердің жоғарғы бөлігінің орталығында орналасқан.Мұрын қуысыныңқабырғалары, сүйектік және шеміршектік бөліктен тұрады. Бұл қуыстың кіретін сүйектік тесігін алмұрт тәрізді апертура apertura piriformis дейді. Бүл мұрынның сүйектік қуысының алдыңғы тесігімен сосын мұрын сүйегінің төменгі жиегімен шектеседі. Артқы немесе жұтқыншақпен жалғасатын тесігін "хоан" сһоапае депатайды және хоаналар оң және сол болып бөлінеді. Бұл жоғарыдан сына тәрізді сүйек денесімен төменнен таңдай сүйектің горизантальды табақшасымнен шектелген. Мұрын
қуысының жоғарғы, төменгі, бүйір және аралыққабырғалары ажыратылады. Жоғарғы қабырғасы мұрын сүйегінен, тор сүйектің горизонталді табақшасынан және сына сүйегі мен шүйде сүйектің денесінің мұрын қуысына қараған бетінен тұрады. Төменгі қабырғасы сүйектік таңдайдан palatum osseum тұрды. Аралыққабырғасы кеңсірік сүйек пен тор сүйектің перпендикулярлық табақшасынан тұрады. Бүйір қабырғалары жоғарғы жақ сүйекпен, тор сүйек лабиринтінің мұрын қуысына қараған бетінен және таңдай сүйектің перпендикулярлық табақшасы мен төменгі кеуілжір сүйегінің мұрын қуысына қараған беттерінен құралған. Мұрын қуысының бүйір қабырғасының мұрын қуысына қараған бетінде жоғарғы, аралық және төменгі кеуілжірдің аралығында,мұрыңқуысыныңүш өту жолы болады. Мұрынның жоғарғы жолы meatus nasi superior мен ортаңғы кеуілжірдің concha nasalis medius аралығында орналасқан. Мұрын қуысының бұл өту жолы, сына сүйектіңқойнауы мен және тор сүйектің артқы ұяшығымен жалғасады. Мұрынның ортаңғы жолы meatus nasi medius ол аралық кеуілжір мен төменгі кеуілжірдің аралығында орналасқан. Бұл өту жолмаңдай, жоғарғы жақ сүйегініңқойнауы мен және тор сүйектің лабиринтінің алдыңғы, аралықұяшығымен жалғасады. Мұрынның төменгі өту жолы meatus nasi inferior төменгі кеуілжір мен таңдайдың аралығында орналасқан. Бұл өту жол көзшарасы мен мұрын-көзжас өзегі — canalis nasolacrimalis арқылы мұрын қуысы мен ауыз қуысы мен күректістік өзекше — canalis incisivus арқылы жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет