33.Сүйек қосылыстарының анатомиялық жіктелуі. Үздіксіз сүйек қосылыстары.
Үзіліссіз байланыстардыңүш тобын – фиброзды (егер туғаннан кейін сүйектер арасында дәнекер тін қалса, онда сүйектер дәнекер тін арқылы қосылады.), шеміршекті (егер сүйек арасында дәнекер тін шеміршек болса, онда сүйектер шеміршек тіні арқылы байланысады.) және сүйекті (сүйектер арасында дәнекер тін сүйек тініне ауысса немесе алдымен шеміршек кейін сүйек тініне ауысса, онда сүйектер сүйек тіні арқылы қосылады.) деп ажыратады.
Фиброзды байланыстар - синдесмоз,(junctura fibrosa seu syndesmosis) сүйіктердің меншікті дәнекер тіндер арқылы байланысы. Синдесмоздарға жалғамалар, сүйек аралық жарғақтар, еңбектер, жіктер және қағулар жатады.
Жалғамалар (ligamentum) - коллаген немесе эластикалық талшықтарға ие дәнекер тіндерден құралған анатомиялыққұрылым. Коллаген талшықтарынан түзілген жалғамалар созылу күшін тежейді, ал иілгіш талшықтар созылмалы, олар жүктемелер аяқталған соңқысқарып, өз қалпына келе алады. Жалғама ұзындығы талшыққа байланысты. Кей жерлерде (омыртқа доғасы арасында) байламдар серпінді дәнекер тіннен тұрады және сарғыш түсті болады.
Сүйек байланыстарыныңөзіндік түрі ретінде жалғамалар келесі қызметтерді атқарады:
1. фиксикалық рөлі (сегізкөз-төмпелік, сегізкөз-қылқандық, қылқан аралық, көлденең аралық және т.б.);
2. Бұлшықеттердің басталу және беку жерлері түрінде жұмсаққаңқа рөлі (қол - аяқ, омыртқа бағанының жалғамалары және т.б.);
3. Пішін түзуші рөлі, олар сүйектермен бірігіп, күмбездер мен қан тамырлар мен жүйкелер өтетін тесіктер түзеді (жауырынның жоғарғы көлденең жалғамасы, жамбас сүйектері жалғамалары және т.б.).
Жарғақтар (membranae) – дәнекекр тін сүйектер арасындағы ірі кеңістіктерді толтыратын сүйек аралыққосылыстар. Жарғақтыңқұрамындағы дәнекер-тінді талшықтар көбінесе - коллагенді. Олар сүйектерді қалыпты жағдайда ұстауға көмектеседі және бұлшықеттердің басталу жерлері, қан тамырлар және жүйкелер өтетін тесіктер түзеді. Мысалы, білекте немесе сирақта.
Еңбектер (fonticuli) - ұрықтың, нәрестенің және 1 жасқа дейінгі баланың бас сүйек сүйектері арасындағы дәнекер тінді құрылымдар. Еңбектер туу кезінде сүйектердің бір-біріне ығысуын және туылғаннан кейін сүйектердіңқарқынды өсуін қамтамасыз етеді.
Жіктер (suturae) - бас сүйек сүйектері арасында аралық дәнекер тін жұқа қабатша сипат алып, пайда болады. Жіктер пішіндеріне қарай: тісті (sutura serrata), қабыршақты (sutura squamoza) және жалпақ (sutura plana) болады. Жіктер бас сүйек сүйектерініңөсу зонасы және қозғалыс кезінде амортизатор қызметін (миды, көру ағзасын, тепе-теңдік және есту ағзасын зақымданудан сақтау) атқарады.
Қағу, тіс-ұяшықтық синдесмоз (gomphosis, syndesmosis dentoalveolaris) - тістердің тіс ұяшықтары қабырғасымен байланысы. Бұл өте берік байланыс, оны периодонт деп атайды, амортизатор қасиетіне ие. Периодонттың бағыты жақ сүйектердіңұяшықтары қабырғасынан тіс түбіріне дейін перпендикуляр жатады. Талшықтардың арасында қан тамырлар мен жүйкелерге бай қоймалжың дәнекер тін болады. Жақ сүйектерді қатты қысқанда антагонист-тіс қысымының нәтижесінде периодонт қатты езіледі және тіс ұяшыққа 0,2мм-ге дейін кіреді.
Жас ұлғайған сайын қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі бұзылады, тістер қозғалмалы келеді және түсіп қалады.
Шеміршекті байланыстар – синхондроз,(articulatio cartilaginea) сүйектердің шеміршек тіні арқылы үзіліссіз қосылуы және шеміршектің физикалыққасиеті арқасында серпінді қосылуы. Шеміршек тіні қасиетіне қарай: гиалинді синхондроз (1-қабырға мен төссүйек арасында) және талшықты синхондроз (механикалықәсерге кедергі көп жерде, мысалы омыртқа денелері арасында) деп бөлінеді.
Белгілі мерзімге байланысты: тұрақты(бүкіл өмір бойы болады; Мысалы: самай сүйегі пирамидасы мен сынатәрізді сүйек, пирамида мен шүйде сүйегі арасында) және уақытша(белгілі бір жасқа дейін болады, кейін синостоздарға айналады; Мысалы: эпифиз бен метафиз арасындғы не бір жамбас сүйекке қосылатын жамбас белдеуінің 3 сүйегі арасындағы синхондроздар) деп бөлінеді.
Синостоз (juncture ossea seu synostosis ) – үзіліссіз байланыстар ішіндегі серпімділік және амортизатор қасиеті жоқ, ең берік байланыстар. Қалыпты жағдайда уақытша синхондроздар, сонымен бірге жіктер мен еңбектер сүйектенеді. Кейбір аурулар(Бехтерев ауруы, остеохондроз) кезінде барлық синхондроздармен қатар синдесмоздар да сүйектенуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |