1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет101/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

Өңеш, esophagus, жұтқыншақ пен асқазан арасында орналасқан және асты асқазанға қарай өткізетін тар әрі үзын түтік болып табылады. Ол көмейдің жүзіктәрізді шеміршегінің төменгі жиегіне сәйкес келетін VI мойын омыртқасы деңгейінен басталып, XI кеуде омыртқасы деңгейінде аяқталады. Өңеш мойын аймағында басталып, кеуде қуысына өтіп, көкетті тесіп, іш қуысына кіретіндіктен, онда мына бөліктерді ажыратады: partes cervicalis, thoracica et abdominalis. Өңештің ұзындығы 23-25 см. Ауыз қуысы, жұтқыншақ және өңешті қосқанда алдыңғы тістерден басталатын жолдың жалпы ұзындығы 40-42 см.
Өңеш топографиясы. Өңештің мойындық бөлігі VI мойын омыртқасынан II кеуде омыртқасына дейін орналасады. Оның алдыңғы жағында кеңірдек жатады, бүйірінен қайырылма нервтері мен жалпы ұйқы артерия лары өтеді. Өңештің кеуделік бөлігінің синтопиясы оның түрлі деңгейлерінде түрліше: өңештің кеуделік бөлігінің жоғарғы үштен бірі кеңірдектің артында және солға таман жатады, оның алдында сол қайырылма нерв пен a carotis communis, арт жағында - омыртқа бағанасы, оң жағында - медиастиналды өкпеқап жанасып тұрады. Ортаңғы үштен бірінде өңештің алдында және сол жағында IV кеудеомыртқасы деңгейінде қолқа доғасы, сәл төмендеу (V кеуде омыртқасы) - кеңірдек айырығы мен сол басты бронх жанасып жатады; өңештің сол жағында және сәл артқа қарай қолқаның төмендеген бөлігі, оң жағында - оң кезбе нерв, оң жағы мен арт жағынан - v. azygos орналасады. Өңештің кеуделік бөлігінің төменгі үштен бірінде оның арты мен оң жағында қолқа, алдында - жүрекқап пен сол кезбе нерв, оң жағында - оң жақ кезбе нерв, сәл артқа қарай v. azygos жатады; сол жағында - сол жақ медиастиналды өкпеқап жайғасады. Өңештің іштік бөлігі алды мен бүйірлерінен ішастармен жабылған; оның алды мен оң жағында - бауырдың сол үлесі, сол жағында көкбауырдың жоғарғы шеті жанасыпжатады, өңештің асказанға ауысатын жерінде лимфа түйіндері тобы орналасады.
Қүрылысы. Өңештің көлденең кесіндісі мойындык бөлігінде көлденең саңылау (кеңірдектін кысуы салдарынан), ал кеуделік бөлігінде дөңгелек немесе жүлдызша пішінді. Өңеш кабырғасы мына кабыктардан түрады: ең ішкі кабык - шырышты қабык, tunica mucosa, ортаңғы қабык - бүлшықетті, tunica muscularis және сыртқы кабык - дәнекер тінді, tunica adventitia. Tunica mucosa-да өзінің секреті арқылы жүткан кезде тамақтың жылжуын жеңілдететін шырышты бездер болады. Шырышты бездерден баска өңештің төменгі және сирек жоғарғы бөлімінде күрылысы жағынан асқазанның кардиалды бездеріне үксас кішкене бездер орналаскан. Керілмеген кезде шырышты қабық бойлық катпарларға жиналады. Бойлық қатпарлық - сұйықтың өңеш бойымен қатпарлар арасындағы науашықтармен жылжуына және катты ас жентектері өткенде өңештің керілуіне көмектесетін - функционалдық бейімділік болып табылады. Бүған борпылдақ tela submucosa көмектеседі, соның жәрдемімен шырышты қабық көбірек қозғалмалы қасиетке ие болып, ал онын қатпарлары бірде оңай пайда болып, бірде жазылып кетеді. Бүл қатпарлардың түзілуіне шырышты қабық бірыңғай салалы талшықтары да, lamina muscularis mucosa, қатысады (205-сурет). Tunica muscularis, тағамды өткізу қызметін атқарған кезде кеңейіп және тарылып отыратын өңештің түтікті пішініне сәйкес екі кабатта орналасады: сыртқы, бойлық (өңешті кеңейтетін) қабат, және ішкі, циркулярлы (тарылтатын) қабат. Өңештің жоғарғы үштен бірінде екі қабат та көлденең-жолақты талшықтардан түзіліп, төмендеу жерде олар біртіндеп бірыңғай-салалы миоциттерге ауысады, сондықтан өңештің төменгі жартысының бұлшықетті қабығы тек қана еріксіз қимылдайтын бұлшықеттерден тұрады. Tunica adventitia, өңешті сыртынан қоршайды, борпылдақ дәнекер тіннен тұрады да, соның көмегімен айнала қоршаған ағзалармен байланысады. Бұл қабықтың борпылдақтығы арқасында өңеш тамақ өткен кезде өзінің көлденең диаметрінің шамасын өзгерте алады. Өңештің pars abdominalis-i ішастармен жабылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет