1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет108/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

Colon sigmoideum, сигматәрізді жиек ішек, төмендеген жиек ішектің жалғасы болып табылады, тік ішектің басталатын жеріне дейін созылады. Іші бос көлемі орташа сигматәрізді ішектің көп бөлігі әдетте кіші жамбас астау қуысында орналасып, оның оң қабырғасына жетеді; осы жерде ол қайыра бүгіледі де, томен және солға қарай бағыт алып, тік ішекке ауысады. Қуық толғанда немесе ішектің өзі толғанда сигматәрізді ішек бұл қалпын оңай өзгертіп, қасаға симфизінен жоғары орналасады. Сигматәрізді ішек алдыңғы жағынан жіңішке ішектермен жабылып тұрады.
Жиек ішектің ішастарға қатынасы былайша қалыптасады: көбіне colon ascendens алды мен бүйірлерінен ішастармен мезоперитонеалды жабылады, оның артқы бетінің сірлі қабығы болмайды; сирек жағдайда colon ascendens-тің қысқа шажырқайы болады (35% жуық). Colon transversum барлық жағынан ішастармен интраперитонеалды жабылған және ұзын шажырқайы бар, сол себепті жиек ішектің бұл бөлімі едәуір қозғалмалы. Colon descendens-тің ішастарға қатынасы шамамен colon ascendens сияқты; онда шажырқай сирек кездеседі (25%-ке жуық). Colon sigmoideum. барлық жағынан ішастармен жабылған, едәуір білінетін шажырқайы бар, сондықтан тоқ ішектің осы бөліміне тән S - тәрізді қисықтық түзе, жеңіл қозғалады, аты осыдан шыққан.
Жиек ішектің бөлімдерінің алдыңғы іш қабырғасына қатынасы былай болады: жоғарғылаған жиек ішек regio abdominalis lat. dext-re; көлденең жиек ішек - regio umbilicalis-ке; төмендеген жиек ішек regio abdominalis lat. sin-rc, сигматәрізді жиек ішек - regio inguinalis sin-re проекцияланады. Сигматәрізді ішектің тік ішекке ауысатын бөлігі regio риЬіса-ға проекцияланады.

97.Тік ішек: топографиясы, ішастарға қатынасы.


Тік ішек. Тік ішек, rectum, ас корыту жүйесінің соңғы бөлігі (№53 суретті караныз). Сыртқы пішіні жағынан ток ішектен бұрын, аш ішекке ұқсас болып келуі, қабырғаларынын бойында бойлық қабатының біркелкі орналасуына байланысты, таспалары, tenia coli, және кампаймалары, haustrae coli, жок. Жамбас қуысының мүйісі, promontorium, мен тік ішектің артқы отісінің, anus, аралығында орналаскан. Тік ішек жамбас куысы мүйісінің түсында кіші жамбас куысына өткеннен кейін, алдынан артқа қарай бағытталған тік ішектік екі иілімді: жоғарғы сегізкөз сүйегіне қарай иіліп орналаскан сегізкөздік иілімді, flexura sacralis; және төменгі алдына қарай иіліп орналаскан, шат иілімін, flexura perinealis, қүрайды. Тік ішек орналасуына карай: жоғарғы кіші жамбас куысы бөлігіне, pars pelvina, және төменгішат бөлігіне, pars perinealis, бөлінеді. Шат бөлігінің оту жолы 8-16 см-дей кеңейіп, тік ішек кеңжерін (ампуласын), ampulla recti, құрайды. Тік ішек “қатқанда” немесе атония болған жағдайда кеңжерінін өту жолы 30-40 см-ге дейін кеңеюі мүмкін. Тік ішек томен бағытталынып, жіңішкелеу келіп, тік ішектің артқы өтіс тесігімен, anus, аякталады. Тік ішектің жалпы ұзындығы 13-16 см, жамбас қуысындағы ұзындығы 2,5-3 см; шат маңындағы ұзындығы 10-13 см. Практикалық хирургияда, тік ішекті 5 бөлікке: ампула үстілік немесе сигма-тік ішектік, жоғарғы ампулалык, ортаңғы ампулалык, төменгі ампулалык және шатаралык боліктерге бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет