1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет110/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

Тік ішектің топографиясы. Тік ішек, rectum, кіші жамбас қуысының ішінде, сегізкөз мүйісі мен, promontorium, құйымшақтың аралығында орналасқан. Артқы беті сегізкөздің алдыңғы бетімен; алдыңғы беті ер адамдарда несепқуықпен, vesica urinaria, қуықасты безбен, glandula prostata, шәует қуықшасымен, vesicula seminalis\ әйел адамдарда жатырмен, uterus, жэне қынаппен vagina шектеседі.

98.Жіңішке ішектің тоқ ішектен айырмашылығы.


99.Бауыр, құрылысы, қызметі, ішастарға қатынасы.
Бауыр, һераг, адам организміндегі көлемі жағынан үлкен, салмағы 1500 г, жұмсақ, қызғылт түсті безді мүше ( №55, 56, 57 суреттер). Бауыр, оң қабырға астылық аймакта орналаскан. Бауырдың дөңестеу келген көкеттік беті, facies diaphragmatica, томен және артқа қарап орналаскан висцералді беті, facies visceralis; сүйір төменгі жиегі, margo inferior; доғалау келген артқы жиегі, margo posterior, ажыратылады.
Бауыр топографиясы (№ 56 сурет): Бауыр құрсақ қуысының жоғарғы оң бөлігінде, көкеттің астында орналасқан. Скелетопиясы: бауырдың жоғарғы және төменгі шекарасы бір-бірімен өзара түйісіп екі нүктеде: оң жағында X— қабырғааралык, сол жағында V— қабырғааралык нүктеде орналаскан. Жоғарғы шекарасы оң ортаңғы қолтық сызықта, linea axillaris media, X — қабырға аралықтан басталып, жоғары өтіп, он емшектік сызықта, linea mamillaris dextra, IV — қабырғааралыққа дейін көтеріледі. Одан әрі солға карай көлбеу өтіп, сол емшектік сызықта V - қабырғаны кесіп өтіп, төменгі шекарасына жалғасады. Төменгі шекарасы, ол да он ортаңғы қолтык сызыкта X — кабырғааралықтан басталады. Одан әрі солға қиғаш бағытта, он IX, X- қабырғалардың шеміршектік бөлігін кесіп өтеді. Одан әрі жоғары өтіп VII—қабырғанын тұсында қабырға доғасын кесіп өтіп, сол V — қабырғаның тұсында бауырдың жоғарғы шекарасына жалғасады. Синтопиясы: бауырдың жоғарғы және артқы беті көкетпен шектессе, төменгі немесе висцералді беті оңеш, асқазан, он екі елі ішек және оң бүйрекпен шектескен. Бауырдың фиксациясы келесі факторларға тікелей байланысты: -ішастармен жауып орналаспаған жеріндегі бауырдын дәнекер тінді кабықшасына; -бауыр веналарына, vv. hepaticae] -құрсак куысының кысымына; -бауырдын тәждік байламына, ligamentum coronarium hepatis; бауырдын он жэне сол үшбұрышты байламдарына, ligamenta triangularia, жэне орактәрізді байламдарға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет