Көмей шеміршектерінің аралық буындары мен байламдары.
1. Жүзікқалқанша буыны, articulatio cricothyroidea, калқанша шеміршектің төменгі мүйізі, cornu inferius, мен жүзіктәрізді шеміршектің қалқаншалық буын бетінің арасындағы буын. Қалқанша шеміршек жоғарыда тіласты сүйегімен, алдында орталық қалқанша-тіласты байламымен, lig thyrohyoideum medianum, қалқанша шеміршегінің жоғарғы мүйізімен, cornu superior cartilago thyroideae, тіласты сүйегінің үлкен мүйізімен, латералді қалқанша-тіласты байламымен, қалқанша шеміршегінін бүйір капталы қалқанша-тіласты жарғағымен, membrana thyroidea, байланыскан. Сонымен қатар, латералді қалқанша-тіласты байламының терең қабатында көлемі бидайтәрізді шеміршек, cartilago triticea, орналасқан. Бүл буынның буын беттері, буын қапшықтары және буын қапшықтарының фиксациялык бірнеше байламдары ажыратылады. Қызметі: жоғары-төмен, алға-артқа қарай қозғалған кезде, дауыс байламы күрделі қозғалысқа келіп, тербелуіне ыкпал етеді.
2. Жүзік-ожау буыны, articulatio сгісоarytenoidea, ожаутәрізді шеміршектің ойыстау келген негізі мен basis cartilaginis arytenoideae, жүзіктәрізді шеміршектің дөңестеу келген ожау шеміршектік буын бетінің аралығындағы буын. Ожаутәрізді шеміршек жүзіктәрізді шеміршекпен эластикалық конус, conus elasticus, арқылы байланысқан. Бұл эластикалық дәнекер тін жүзіктәрізді шеміршек доғасынан тұйық түрде басталып, жоғары өтіп, тұйықталынып, дауыс байламын, lig vocale, құрайды. Дауыс байламы, қалқанша шеміршек пен ожаутәрізді шеміршектің дауыстық өсіндісінен, processus vocalis, горизонталді орналасқан. Дауыс байламының аралығындағы кеңістік дауыстық саңылау, rima vocalis seu glottidis, деп аталынады.
Буынның буын беттері, буын қапшықтары және буын қапшығының фиксациялық байламдары ажыратылады. Буын беттерінің түр ерешеліктеріне байланысты екі білікті буындарға жатады. Қозғалыс кезінде дауыс санылауын бірде ашып, бірде жауып, дауыс байламыныңтербелуін камтамасыз етіп, әсем үннің шығуына ықпал етеді. Көмей қақпашығы немесе бөбешіктің, epiglottis, алдыңғы беті тіласты сүйегімен тіласты-көмей қақпашығының байламымен, lig. hyoepiglotticum, және қалқанша шеміршекпен қалқанша-көмей қақпашығының байламымен, lig. thyroepiglotticum, арқылы байланысқан. Кенірдек, cartilagines tracheales, жүзіктәрізді шеміршекпен жүзік-кеңірдек байламы, lig cricotrachealis, арқылы байланысқан.
Достарыңызбен бөлісу: |