116.Көмей қуысы. Көмейге кіреберіс, бөлімдері.
Көмей қуысы, cavum laryngis, көмей кірісі тесігінен, aditus laryngis, басталады. Көмей кірісінің алдыңғы қабырғасы: көмей қақпашығының жиегімен, артқы қабырғасы: ожаутәрізді шеміршектің ұшы және ожауаралық қатпармен, plica interarytenoidea бүйір қабырғасы: ожаукөмей қақпашығы катпарымен, plica aryepiglottica, шектеледі. Қатпарлардың аралығында алмұрттәрізді қалта, recessus piriformis, орналасқан. Көмей қуысының сыртқы пішіні кұмсағатқа ұқсас, жоғарғы кіреберіс бөліктен, vestibulum laryngis, ортаңғы бөліктен, cavum laryngis intermedium және дауысасты қуысынан, cavum infraglotticum, тұрады.
■Кеңдеу келген жоғарғы бөлігі көмей кіреберісі, vestibulum laryngis. Ол көмей кірісінен, көмей куысының бүйір қапталында орналасқан кіреберіс катпарына, plica vestibularis, дейінгі аралықта орналасқан. Қабырғалары: алдында көмей қақпашығының артқы беті, артында ожаутәрізді шеміршектін ұшы және ожауаралық қатпары, plica interarytenoidea, бүйір кабырғасы: талшшыкты-эластикалық жарғақтан, membrana fibroelastica laryngis, тұрады.
■Көмей қуысының ортаңғы тарлау келген бөлігінін кұрылысы күрделі. Себебі, мұнда меншікті дауыс аппараты, glottis, орналаскан. Көмейдің бұл бөлігі көмейдің кіреберіс бөлігі, vestibulum laryngis, мен төменгі бөлігінің, cavum infraglotticum, бүйір қапталында жұпталып орналаскан. Ол шырышты қабықпен көмкерілген жоғарғы кіреберіс және төменгі дауыс қатпарлары арқылы шектелген:
а) кіреберіс қатпардың, plica vestibularis, бір-біріне қараған жиектері көмей кіреберіс саңылауын, rima vestibularis, қүрайды;
ә) дауыс катпары, plica vocalis, кіреберіс қатпардан төмен, көмей қуысына жакын орналаскан. Бұл катпардың терең қабаты дауыс бұлшықетінен, т. vocalis тұрады, жиегі дауыс байламын, lig vocale, кұрайды. Дауыс байламының аралығы дауыс саңылауы, rima vocalis, деп аталады. Дауыс саңылауы топографиялық орналасуына карай, алдыңғы жарғақаралык бөлікке, pars intermembranacea, және артқы шеміршекаралық бөлікке, pars intercartilaginea, бөлінеді. Кіреберіс жэне дауыс қатпарларының аралығындағы қуыс, көмей қарыншасы, ventriculus laryngis, деп аталады.
■Көмейдің төменгі кеңдеу келген бөлігі, cavum infraglotticum жіңішкеріп, кеңірдекке жалғасады.
Достарыңызбен бөлісу: |