Жоғарғы жақсүйек, maxilla, құрылысы күрделі жұп қуысты сүйек. Жоғарғы жақсүйектің денесі мен төрт өсіндісі ажыратылады.
Өсінділері: маңдайлық (processus frontalis) таңдайлық өсінді (processus palatinus), ұяшықтық өсінді (processus alveоlaris) және беттік өсіндісі (processus zygomaticus)
Денесінде, corpus maxillae, үлкен ауалы куыс, sinus maxillaris орналасқан, ол кең тесік, hiatus maxillaris, арқылы кеңсірікке ашылады. Денесінің төрт беті болады. Төменгі самайлық бет, facies infratemporalis, алдыңғы бетінен бет өсіндісі арқылы бөлінеді және орта бөлігінде жоғарғы жақсүйек бұдыры, tuber maxillae орналасқан. Мұрын қуысына қараған беті facies nasalis, жоғары бөлігінің артқы бөлігінде жоғарғы жақсүйек қойнауы (aperture maxillaris) анық көрінеді. Жоғарғы жақсүйекқойнауы мен маңдай өсіндісінің арасында көзжасы жүлгесі, sulcus lacrimalis бар, жүлге алдында аралық кеуілжір қырқасы (crista ethmoidalis) орналасқан. Тегіс, жалпақ, көздік беті, facies orbitalis, үшбұрыш пішінді. Оның медиалды жиегінде, маңдай өсіндісінің артында көзжас тілігі, incisura lacrimalis, жатады, оған көзжасы сүйегі кіреді. Көздік бетінің артқы жиегінен көзұя асты жүлгесі, sulcus infraorbitalis, басталады, ол алдыңғы жағына қарай бұрын аталған foramen infraorbitale арқылы жоғарғы жақсүйектің алдыңғы бетінде ашылатын canalis infraorbitalis-ке айналады. Көзұя асты өзегінен алдыңғы тістерге баратын нервтер мен тамырларға арналған үяшықты өзектер, canales alveolares, шығады. Алдыңғы беті (facies anterior) көзұяның төменгі жиегінің астында ойыстау болып келеді. Алдыңғы бетінде көзұяның төменгі өзегінің сыртқы тесігі (foramen infraorbitale) және иттістік шұңқыры (fossa canina) орналасқан.
21.Төменгі жақсүйек, құрылысы.
Төменгі жақсуйек, mandibula, бассүйектің қозғалмалы сүйегі болып табылады. Ол шайнау аппаратының аса маңызды бөлігі. Төменгі жақ денесі, corpus mandibulae құрсақтық даму кезінде, ортаңғы сызықшаның бойында орналасқан екі жақ бөлігінің иектік шеміршек, symphisis mentalis бірігу нәтижесінде пайда болған.
Денесінің негізі basis mandibulae және альвеолярлық бөлігі pars alveolaris ажыратылады. Сыртқы бетінің ортаңғы бөлігінде иектік шығыңқы protuberentia mentalis, латеральды бөлігінде иектік тесік foramen mentale байқалады. Ол жақсүйек өзегінің canalis mandibulae, сыртқы тесігі болып саналады. Денесінің артқы беттінде ортаңғы бөлігінде иектік қылқан, spina mentalis орналасқан. Сол қылқанның төменірек бөлігінде екі қарыншалы бұлшықет орналасатын, алдыңғы қарынша шұңқыршасы fossa digastrica орналасқан. Төменірек жақасты сілекей безінің шұңқыршасы fossa submandibularis орналасқан. Жақсүйегінің бұтағы ramus mandibulae, денесімен тік бұрыш angulus mandibulae құрап сыртқа қарай қиғаш орналасады. Бұл сүйектің бұрышының сыртқы бетінде шайнау бұлшықет бұдыры tuberositas masseterica, ал ішкі медиалды бөлігінде қанат тәрізді бұлшықет бұдыры tuberositas pterygoidea айқын байқалады. Төменгі жақсүйек жоғарғы жақсүйекке екі өсінді арқылы бекінеді: Тәждік өсінді processus coronoideus, ол сүйірленіп орналасқан ұшы және негізі ажыратылады. Екінші өсінді артқы айдаршықты өсінді processus condylaris, оның буындық басы caput mandibulae, мойны collum mandibulae ажыратылады.
Достарыңызбен бөлісу: |