1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет21/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

Маңдай сүйектің қойнауы, sinus frontalis,ол тыныс алу жүйесінің қарқынды түрде дамуына байланысты, маңдай сүйектің екі жақтық бөліктерінің бір-бірімен өзара түйіскен жерін- де екіжақтық қуыстық немесе қойнау орналасқан. Маңдай сүйегінің қойнауы, сүйектік табақша арқылы ассиметриялық жағдайда орналасқан, оң және сол жақтық қуыстықтан тұрады. Ішкі беттері шырышты қабықшалар мен көмкерілген. Бүл қойнау мұрын қуысының ортаңғы өту жолы мен, маңдай сүйегі қойнауының апертурасы,apertura sinus frontalis, арқылы жалғасады. Қызметі: мұрын қуысы арқылы өтуші салқын ауаны жылыту қызметін атқару.

18.Шүйдесүйегі, құрылысы.
Шүйде сүйегі, латынша osoccipitalе, жұп сүйектерге жатады. Ми сауытынын арткы бөлігінде орналаскан. Шүйде сүйегінде 4 бөлігі ажыратылады: Олар:негізгі бөлігі,жұп бүйір бөліктері және қабыршақтық бөлігі. Бөліктері бірігіп, шүйде сүйегінің үлкен тесігін (foramen magnum) құрайды.
Шүйде сүйектің негізгі бөлігі (pars basilaris)калыңдау,төрт бұрыш тәрізді болып келген. Негізгі бөлігінің бірнеше беттері ажыратылады:
1) Алдыңғы беті бұдырлау келген
2) Артқы беті тегістеу,доға тәрізді иілген,шүйде сүйегінің үлкен тесігінің, foramen
magnum, алдыңғы қабырғасын құрауға катысады.
3) Жоғарғы беті,сына сүйектің бетімен бірлесіп, ылдиын(clivus) құрайды.
4) Төменгі бетінде жұтқыншақтық төмпешік(tuberculum рһаrungeum)орналасқан.
5) Бүйір бөлігінде самай сүйектің тастақ бөлігінің төменгі қойнауының жүлгесі (sulcus sinus petrosa inferioris)орналасқан.
Шүйде сүйегініңжұп бүйір бөліктері(partes laterales)негізгі бөлікті қабықшалық бөлікпен байланыстырып, шүйде сүйектің үлкен тесігін (foramen magnum) құрайды.Латеральды жиектерінде мойындырықтық тілік(incisura jugularis), оның жиегіндемойындырық аралық өсіндісі (processus intrajugularis) орналасқан. Мойындырықтық өсіндінің артында сигма тәрізді қойнаудың (sulcus sinus sigmoidei)жүлгесі, ал алдында мойындырықтық төмпешік (tuberculum jugularis),ал төменгі бетінде шүйделік айдаршық (condylus ossipitalis) көрініп тұрады. Айдаршықтың артқы бөлігінде айдаршық шұңқыры (fossa condylaris),оның түбінде айдаршық өзегі(canalis condularis) байқалады.Айдаршықтың терең қабатында, горизонтальдібағытта, XII жұп тіласты ми жүйкесі өзекшесі (canalis hypoglossalis)орналасқан.
Шүйде сүйектің қабыршақты бөлігінің(parssguama occipitalis) пішіні үшбұрыштәрізді.Cыртқы беті дөңестеу, бұдырлы шүйде сүйегінің үлкен тесігін (foramen magnum) құрайтын қабыршақтық жалпақ табақша. Қабыршақты бөліктің ламбда тәрізді жоғарғы жиегі (margo lambdoideus)төменде шүйде-емізік жиегі ( margo mastoideus) ажыратылады.Сыртқы беті дөңестеу келген, орталық бөлігінде шүйде сүйегінін сыртқы шығыңқысы (protuberantia occipitalis externa) орналасқан.Сыртқы шығыңқыдан шүйде сүйектің үлкен тесігіне қарай бағытталған сыртқы шүйделік қырқа (crista occipitalis externa) орналасады. Осы қырқаға перпендикуляр орналасқан төменгі желкелік сызық (lineae nuchae inferior) пен ең жоғарғы сызық (lineae nuchae suprema) және жоғарғы желкелік сызық(lineae nuchae superior) бар. Қабыршақты бөліктің ішкі немесе ми сауытына қараған бетінде кресттәрізді көтеріңкі (eminentia cruciformis)орналасқан. Крест тәрізді көтеріңкінің ортасында шүйде сүйектің ішкі шығыңқысы(protuberantia occipitalis interna), ал бүйір бөлігінде көлденең қойнаудың жүлгесі(sulcus sinus transversus) орналасқан. Ішкі шығыңқы жоғарғы жағынан жоғарғы сагитальды қойнауға (sinus sagitalis superior) жалғасса,төменде шүйде сүйектің ішкі қырқасын(crista occipitalisinterna)құрауға қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет