1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Білек сүйектерінің қосылысы және кәрі жілік білезік буыны



бет43/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

43.Білек сүйектерінің қосылысы және кәрі жілік білезік буыны.
Адам организмінде тірек қимыл жүйесінің негізгі аппараты – қаңқа сүйектері болып табылады. Алайда, қаңқа сүйектері толықтай адамның қозғалысын қамтамасыз ету үшін сүйектердің арасын байламдар, буындар және шеміршектер байланыстыруы қажет. Осы құрылымдарды жжалпылама сүйек қосылыстары деп атайды және оларды артрология деген анатомияның бір саласы зерттейді.
Білек сүйектері бірнеше құрылымдардың көмегімен байланысады. Олар:
• Құрама және үйлесімді сипатты проксимальді және дистальді кәрі жілік сүйегі мен шынтақ сүйектерінің жіліктік буындары арқылы;
• Сүйекаралық жрғақтар арқылы;
Енді осы құрылымдарға жеке тоқталып кетсек:
1. Дистальді, яғни орталыққа жақын орналасқан кәрі жілік шынтақ буыны
articulatio radioulnaris distalis
Буынның пішіні цилиндр тәрізді, қозғалыстар тек тігінен осьте мүмкін . Буынның беттері біріне сәйкес емес болғандықтан , олардың сыртқы пішіні үшбұрышты және аралары буын аралық диск арқылы толтырылған (discus articularis). Дисктің жоғарғы жағын дисатльді кәрі жілік шынтақ буыны articulatio radioulnaris distalis қуысымен, ал төменгі жағын кәрі жілік білезік буыны articulatio radiocarrea шектейді. Бірлескен буын капсуласы өте бос және дорсальды жағында едәуір қалың, буын беттерінің шеттеріне бекітілген болып келеді. Кәрі жілік пен шынтақтың арасында синовиальды сөмке бар. Бұл буында байламдар жоқ. Буынның буын бетінің пішіні цилиндр тәрізді болғандықтан қозғалыс тек вертикальді білік бойынша жүзеге асады.
2. Білек сүйектерінің қосылуында коллаген талшықтарынан тұратын сүйекаралық жарғақ немесе мембрана (membrana interossea) басым болады . Бұл жарғақ, қырқалы шынтақ және сәуле сүйек арасында тартылған, ол жіліктің қозғалысын ұстап қалады. Сүйекаралық жарғақ шығу тегі бойынша фиброзды табақша болып келеді. Білектің жоғарғы бөлігінде сүйекаралық жарғақта артқы интеркостальды артерияның өтуі үшін тесік бар. Жоғарғы жағында бұл тесік мембранамен шектелмейді, бірақ қиғаш хорда chorda obliqua деп аталатын қалыңдатылған талшықты сәулемен шектеледі.
Кәрі жілік – білезік буынына келетін болсақ:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет