1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет44/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

Кәрі жілік білезік буыны (лат. articulátio radiocárpea) – табиғаты жағынан күрделі буын болып табылады. Ол екі білікті буындардың эллипс пішінді түріне жатады. Осы пішініінң арқасында кәрі жілік- білезік буыны фрондальді білік бойынша қолды жазады және бүгеді, сагитальді білік бойынша қолды әкеледі және әкетеді. Буынның құрылысына көшсек:
Буынның басы қайықша, үшқырлы және жарты ай пішіні буын беттерінінен тұрады.
Буынның ойысы кәрі жіліктің білезіктік ойыстау болған буын беті мен буындардың арасында дисктен тұрады. Буынның беттері гиалин шеміршегінен құралып, бір-біріне сәйкес орналасады.
Буын қапшығы сәл бос және буын бетінің жиектерінде орналасады. Оны мықтап қстап тұру үшін байламдар ажыратылады:
1) Коллатералдық кәрі жілік білезік байламы, латынша атауы ligaméntum collaterále cárpi radiále
Басталуы: Кәрі жілік сүйегінің біз пішінді өсіндісі
Бекіну жері: Қайықша және трапеция тәрізді сүйектер.
Атқаратын функциясы: Қозғалысты тежеу, яғни қол басы сүйектерінің ішкі бағытта тартылуын шектеу.
2) Коллатералдық шынтақ жілік білезіктік байламы, латынша атауы ligaméntum collaterále cárpi ulnáre
Басталуы: Шынтақ сүйегінің біз пішінді өсіндісі.
Бекіну жері: Үш қырлы немесе бұршақ пішінді сүйектер.
Атқаратын функциясы: Қозғалысты тежеу, яғни қол басы сүйектерінің сыртқы бағытта тартылуын шектеу.
3) Алақандық кәрі жілік білезіктік байламы, латынша атауы ligaméntum radiocarpéum palmáre
Басталуы: Кәрі жілік сүйегінің біз пішінді өсіндісі.
Бекіну жері: Үш қырлы немесе жарты ай пішінді сүйектер.
Атқаратын функциясы: Қозғалысты тежеу, яғни білезік аралық буын қозғалысын шектеу.
4) Сыртқы кәрі жілік байламы, латынша атауы
ligaméntum radiocarpéum dorsále
Басталуы: кәрі жілік сүйегінің дистальді ұшының сыртқы беті.
Бекіну жері: Үш қырлы , жарты ай пішінді және қайықша сүйектер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет