1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет60/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

53.Көкет, тесіктері, әлсіз жерлері.
Көкет, diaphragma немесе кеуде-кұрсақ аралығы-кеуде куысын кұрсақ қуысынан бөлетін, тыныс алуға, құрсақ қуысындағы қысымды реттеуде елеулі қызмет атқаратын жалпақ, бұлшықет-апоневрозды мүше. Кеуде қуысына қараған беті дөңестеу, құрсақ қуысына қараған беті-ойыстау. Сыртқы пішіні күмбез тәрізді, бұлшықеттік талшықтары жұқалау әрі жалпақтау. Бұлшықеттері кеуде қуысының төменгі апертурасынан басталуына байланысты үш бөлігі: белдік, қабырғалық жане кеуделік бар.
  • Белдік белігi, рars lumbalis, оң және сол жақ аяқшаны құрап, бел омыртқалардан тұрады. Оң жақтық аяқшасы, crus dextrum diaphragmatis, I-IV бел омыртқаларынан басталса, сол жақтық аяқшасы, crus sinistrum diaphragmatis, сәл жоғарырақ I-III бел омыртқалардан және доға тәрізді иіліп орналасқан медиальды және латеральды байламдардан, lig. arcuatum medialis et lateralisбасталады.


  • Медиальді доға тәрізді байламы, lig.arcuatum mediale, доға тәрізді иіліп, тығыз дәнекер тканнан тұратын байламы. Үлкен бел бұлшықеттің, m.psoas mаjor, тығыз тканды шандырынан басталып, I-бел омыртқасының көлденең өсіндісіне бекіп орналасқан.


  • Латералді доға тәрізді байламы, lig.arcuatum laterale. Белдің текше тәрізді бұлшықетінің, m.quadratuslumborum сыртқы бетін бүркемшелей келіп, I-беломыртқасының қабырғалық өсіндісінен басталып, XII-қабырғаға барып бекиді. Диафрагманың бел бөлімінің медиалды бұлшықет талшықтары өрлеме бағытта өтіп, бір-бірімен өзара айқасып қолқалық саңылауды, hiatus aorticus құрайды. Бұл тесікшеден жоғарырақ, медиалды аяқшалары алшақтап, бір-бірімен өзара айқасып, өңеш, esophagus пен кезбе нервтің, n.vagus сабағы өтетін өңештік саңылауын, hiatus esophagus құрап, одан әрі диафрагманың шандырына ұласады.


Сонымен қатар, диафрагманың белдік бөлігінің екі жақтылық аяқшасы мен қабырғалық бөліктерінің аралығында бел-қабырғалық үшбұрыш, trigonum lumbocostalis орналасқан. Бел-қабырғалық үшбұрыштың немесе саңылаудың кеуде қуысына қараған беті тек қана кеуделік фасциялық қабықшамен және плеврамен жауып орналасса, құрсақ қуысына қараған беті, құрсақтық фациялық қабықшамен және ішастармен көмкерілген.


  • Қабырғалық бөлігі, рars costalis, кеуде торының VI-VII төменгі кабырғалардың ішкі бетінен және құрсақтың көлденең бұлшықетінің тісшеленіп басталатын аралығынан басталып, өрлеме бағытта көкеттің шандырлы қабықшасының орталығына, centrum tendineum ұласады.


  • Төстік бөлігі, рars sternalis, өте нәзік, жіңішкелеу болып орналасқан. Ол төс сүйегінің семсерлік өсіндісінен басталып, диафрагманың шандырлық орталығында аяқталады. Сонымен қатар, төстік бөлігі мен қабырғалық бөліктің аралығында, төс-қабырғалық үшбұрыш, trigonum sternocostalis байқалады. Төс-қабырғалық үшбұрыштардың кеуде қуысы мен құрсақ қуысына қараған беттері, фасциялық қабықша мен сероздық қабықша арқылы көмкерілген. Бұл үшбұрыштардың маңында диафрагмалдық жарық жиі байқалады.


Шандырлық орталықтың, centrum tendineum сыртқы пішіні күмбез тәрізді, дөңес жағы кеуде қуысына, ойыс жағы құрсақ қуысына қарап орналасқан. Кеуде қуысына қараған беті жүрекпен беттесіп орналасса, құрсақ қуысына қараған беті бауыр, асқазан, көкбауырмен беттесіп, орналасқан. Сонымен қатар, диафрагманың күмбезінің оң жақтық және сол жақтық бөлігі ажыратылады. Оң жақтық күмбездің төбесі IV-қабырғалардың тұсында орналасса, сол жақтық күмбез V- қабырғаның тұсына сәйкес келеді. Диафрагма бұлшық еттері жиырылғанда шандырлық орталығы жалпайып, кеуде қуысы кеңейіп, тынысты кеңейтіп, терең тыныс алуға жағдай жасайды.


Қызметі: көкет- тыныс алу бұлшықеті. Ол жиырылғанда күмбезі 1-3 см түсіп, жалпаяды, соның нәтижесінде кеуде куысынын көлемі ұлғайып, тыныс алу жүреді. Көкет босаңсығанда ол жоғары көтеріледі, соның нәтижесінде кеуде куысы кішірейеді. Диафрагма тыныс алу мен іштің қуысындағы қысымды реттеуші бұлшық еттік мүше болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет