1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Аяқ басының бұлшықеттері. Аяқ басының синовиалді қынаптары



бет93/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

81.Аяқ басының бұлшықеттері. Аяқ басының синовиалді қынаптары.
Аяқ басының бұлшықеттері, mm. pedis топографиялық орналасуына қарай: аяқ басының сыртқы бетінің және табан бұлшықеттеріне бөлінеді
Аяқ басының сыртқы бетінің бұлшықеттері атқаратын қызметіне қарай аяқ басын жазушы бұлшықеттерден тұрады:
1. Башпайларды жазғыш қысқа бұлшықеті, т. extensor digitorum',
2. бас бармақ башпайын жазғыш қысқа бұлшықеті, т. extensor hallucis brevis,
3. сүйек аралық сыртқы бұлшықеті, т. interosseus dorsalis.
Табан бұлшықеті, m. plantis тұрақсыз,рудименттік бұлшықеттердің қатарына жатады.Бұлшықет талшықтары,ортан жіліктің латералды айдаршығынан және тізе буыны қапшығының артқы бетінен басталады.Төмен бағытта өтіп, өте жіңішкелеу келіп,балтыр бұлшықеті мен камбала тәрізді бұлшықеттің аралығында орналасқан сіңіршеге ұласып,сирақтың төменгі бөлігінде өкшелік сіңіршемен бітісе жалғасып, өкше сүйегінің бұдырына, tuber саlсапае барып бекиді.
Қызметі: тізе буынының қапшығын тартып,жаншылудан сақтайды.
Табанның бұлшық еттері үш топқа бөлінеді. Үлкен башпайдың бұлшық еттері:
1.Үлкен башпайды бүгетін қысқа бұлшық ет т. flexor hallucis brevis,
2.үлкен башпайды жақындататын бұлшық ет; т. adductor hallucis.
3.үлкен башпайды алыстататын бұлшық еттерт. abductorhallicis.
Кішкене башпайдың бұлшық еттері:
1.Кішкене башпайды бүгуші қысқа бұлшық ет;
2. кішкене башпайды алыстататын бұлшық ет.
Орталық топтағы бұлшық еттер:
1.башпайларды бүгуші қысқа бұлшық ет , т. flexor digitorum brevis
2.табанның шаршы бұлшық ет т. Quadratusplantae
3. құрт тәрізді бұлшық ет т. lumbricales
4.сүйек аралық бұлшық етт. interosseus plantaris.. Бұлшық еттердің атқаратын қызметтері аттарына сәйкес болып келеді.
Сирақтыңтөменгі бөлігінде, сирақ-асықты жіліктік буынның тұсында сирақ бұлшықеттер сіңірінің синовиалді қынаптары орналасқан. Негізгі қызметі бұлшықет сіңірлерінің қозғалысын жеңілдету. Топографиялық орналасуына қарай бұлшықетгік синовиалды қынаптары: алдыңғы, медиалды, латералды және табан маңындағы топтарға бөлінеді.
1. Алдыңғы бетінде өз алдына дербес үш синовиалды қынаптар ажыратылады: а) алдыңғы асықты жілікті бұлшықет сіңірінің қынабы, vagina tendinis ш. tibialis anterior; ә) башпайларды бүккіш ұзын бұлшықет сіңірі мен асықты жілік шыбығы үшінші бұлшықетінің жалпы синовиалды қынабы, vagina tendineum m. extensoris digitorum pedis longi et m. peroneus tertius; б) бас бармақ башпайын жазатын ұзынбұлшықет сіңірінің синовиалды қынабы, vagina tendinis m. extensoris hallucis longi.
2. Латералдық бетінде асықты жілікті шыбық бұлшықеттерінің жалпы синови- алді қынабы, vagina mm. peroneorum communis орналасқан.
3. Медиалды қапталында немесе сирақ-асықты буынының тұсында бүккіш бұлшықеттердің білезігінің астында, өз алдына дербес үш синовиалды қынап орналасқан: а) асықты жіліктің артқы бұлшықет сіңірінің қынабы, vagina synovialis tendinis т. tibialis posterior, э) башпайларды бүккіш ұзын бұлшықетсіңірінің синовиалды қынабы, vagina tendinum т. flexoris digitorum pedis, б) бас бармак, синовиалды қынабы, vagina tendinis m. flexoris hallucis longi орналасқан.
4. Табан бетіндегі сіңірлердің синовиалды қынаптары, vagina tendineum digitorum pedis, табан бетінде бойлай сүйекфиброздық өзекшелердің қабырғаларымен байланысқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет