1. Антикалық кезеңдегі саяси-ой пікір. Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәүріндегі саяси ұғымдар


АҚШ-тағы тәуелсіздік үшін күрес кезеңіндегі саяси ой-пікірлер



бет4/5
Дата10.02.2024
өлшемі29.07 Kb.
#491562
түріУтопия
1   2   3   4   5
2 Саясаттану кезеңдері.

АҚШ-тағы тәуелсіздік үшін күрес кезеңіндегі саяси ой-пікірлер.
Жаңа заманды сөз еткенде ең алдымен Америка Құрама Штаттарындағы тәуелсіздік үшін кұрес кезіндегі саяси ілімнің алатын орны зор.
ХҮП-ХҮШ ғасырларда Солтүстік Американың Атлантикалық жағалауы Британия колонияларына айналды. Колониялар метрополиялардан толық тәуелді болатын. 1775—1783 жылдары Америка халқының ағылшындарға қарсы тәуелсіздік ұшін азаматтық соғысы болды. Бұл соғыс демократиялық идеялардың дамуына қуатты түрткі болды.
АҚШ-тағы қиян-кескі таптық күрес идеологияда да жаңғырық тапты. Алдыңғы қатарлы саяси пікірді Т. Джефферсон, Т. Пейн жақтаса, ірі буржуазияның саяси көзқарасын А. Гамильтон қорғады.
Америка халқының демократия жолында азаттық күресі Томас Джефферсонның (1743—1826) атына байланысты. Ол сол кездегі ұлы революциялық құжат — Америка Құрама Штаттарының "Тәуелсіздік Декларациясын" жазды. Мемлекеттік өкіметті кұрап, оны бақылау құқынан еш адамды шеттетуге болмайды. Егер өкімет халық құқын қорласа, ондай үкіметті ауыстырып, өзінің қалауына сай өзгертуіне болады. Мұнда Джефферсон рақымсыз билеушіге қарсы халықтың көтеріліс жасауға құқы барлығын дәлелдеп, халық егемендігін жақтады. Бұл дүние-жүзілік прогрестін рөлі АҚШ-тың Тәуелсіздік декларациясында одан әрі дамытылды. Онда теңдік, бостандық, көтеріліс жасауға құқы барлық халықтың ажыратылмайтын табиғи құқы деп есептелді. Адамдардың табиғи құқы мемлекет белгілеген заңдардан жоғары тұруы керек. Декларацияда жаратушы барлық адамдарды тең етіп жаратты және олардың өмірге, бостандыққа, бақытқа тырысуына кұқы бар делінген.
Джефферсон үкімет тарапынан жеке адамның құқын бұзу қаупі тумауы үшін мемлекеттік биліктің міндеттерін шектеуді талап етті. Ол ұсақ өндірушілердің мақсатын көздеп, фермерлердін демократиялық рсспубликасын аңсады.
Тәуелсіздік үшін күрес кезінде өзінің батыл идеяларымен Томас Пейн (1737—1809) көзге түсті. Ол Америка халқын азаттық күреске, отаршылдардан бөлініп шығуға шакырды. Адамның табиғи құқына еркіндікті, теңдікті, сөз, баспасөз, дінге сену бостандығын, рақатқа, бақытқа жету, т.б. жатқызды.
Пейн бірінші болып қоғам мен мемлекетті ажыратты. Мемлекетті қоғам тудырады. Үкіметтің мақсаты — қауіпсіздік пен бостандықты қамтамасыз ету. Оның саяси мұраты — жалпыға бірдей сайлау құқы, тең өкілдігі бар демократиялық республика.
Пейн соғысқа карсы болды, бейбітшілікке шақырды. Бейбітшілікті сақтамайтын үкімет құлатылуы керек. Бірак ол әділетті соғысты, азаттық үшін соғысты қолдады.
Т. Джефферсон мен Т. Пейннің қажырлы еңбегінін арқасында жазылып, 1776 жылы 4 шілдеде бекітілген Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік Декларациясының негізгі қағидалары мынадай: барлық адамдардың жаратылысынан өмір сүруге, бостандыққа, меншікке, бақытқа және қауіпсіздікке кұқы бар; халық — өкіметтің қайнар көзі және егемендік соған тән, үкімет — халықтың қызметшісі; барлық мемлекеттік билік халықтың пайдасына жұмыс істеуі керек, егер олай болмаса, халық өзіне ұнамсыз үкіметті жоюға еркі бар; билік заң шығаратын, атқарушы және сот өкіметі болып бөлінуі керек және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет