1. Антикалық кезеңдегі саяси-ой пікір. Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәүріндегі саяси ұғымдар



бет3/5
Дата10.02.2024
өлшемі29.07 Kb.
#491562
түріУтопия
1   2   3   4   5
2 Саясаттану кезеңдері.

Кайта өрлеу дәуірінін көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ғылымның негізін салушы Никколо Макиавелли (1469—1527) болды. Оның атақты шығармалары "Патша", "Тит Липийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар", "Флоренцияның тарихы".
Макиавелли діни көзқарасқа қарсы болды. Шындықтың белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Ол мемлекет деген атауды ғылымға, әдебиетке бірінші боп кіргізді. Мемлекетті билік жұргізуші мен оған бағыныштылардың қарым-катынасы деп ұқты. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, тендікті қалады. Мемлекет ерікті болса ғана қуатты, абыройлы бола алады. Патша рақымсыз, саран, опасыз, каһар болмай, қайырымды, адал, қамқоршыл, мырза болуға тырысуы керек. Бірақ елдің бірлігі мен қол астындағы адамдардың берілгендігіне келгенде, Макиавелли әділдік пен адамгершілік емес, алға қойған саяси мақсат тұрғысынан қарады. Ол мақсатқа жету үшін амал, айланың қай түрін болса да қолдануға кеңес берді. Мемлекеттің басын қосып, жаңарту үшін сөзге түсінбейтін кертартпалармен күресте жауыздық пен кушті пайдалануға болады. Қаталдық өзіңе бағыныштылардың пайдасы ушін бірақ рет колданылуы керек. Бірак Макиавеллидің бул ескертпесі көп жағдайда еске алынбай, "мақсат әдіс, тәсілді ақтайды" деген кағида кейін макиавеллизм деген атпен тарап кетті. Кейбір жауыз патшалар Макиавелли де қаталдықты қолдаған деп, ездерінің қара ниеттерін ақтағылары келеді.
Жаңа замандағы саяси ой
XVII ғасырда буржуазиялық революция Еуропа көлемінде ең бірінші Англияда болды. Ол феодализмге күйрете соққы беріп, капиталистік қатынастардың тез дамуына жол ашты.
Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс (1588—1679) еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім бойынша патшаға (не мемлекет ұйымдарына) жеке адамдардың кұқы тапсырылады. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке берді. Ол монархиялық мемлекетті ұнатты.
Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи Монтескье (1689—1775) әр халыктың адамгершілік бейнесін, оның зандарының айырмашылығын, коғамның дамуын географиялық ортаға (ауа райына, топырағына, жер бедеріне, көлеміне, т.б.) байланыстырды. Бостандық — заң неге ерік берсе, соны істеу. Саяси бостандық экономиканың, өндірістің, сауданың дамуына әсер етеді. Ол сөз, баспасөз, ұждан бостандығын жақтады. Мемлекет азаматтарды өмірге кажетті каражаттармен камтамасыз етуге міндетті. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын, атқарушы және сот билігі етіп бөлу керек деді.
Францияның ойшыл-ағартушысы Жан Жак Руссо (1712— 1778) ұсак буржуазияның, шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен теңдікті ең жоғарғы игілік деп санады. Еркіндіктің кепілі теңдік, ал теңдік саясатта ғана емес, мүлікте де болуға тиіс. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей, адамдар арасында теңдікті сақтауы керек.
Руссо тікелей халық билігін ұсынды. Егер елдің жері үлкен болса, халықтың өкілдігін қолдануға болады. Бірақ бұл ретте депутат халық қызметшісі болуға тиіс. Руссо оқтын-оқтын халық жиналысын өткізіп, онда үкімет есеп беруін талал етті.
Жаңа заманда саяси санада айтарлықтай із калдырған немістің классикалық философиясының негізін салушы Иммануил Кант (1724 — 1804). Оның саяси пікірлері "Космополиттік көзқарас жөніндегі жалпы тарихтың идеялары", "Өмірлік бейбітшілікке" деген еңбектерінде баяндалған.
Канттың әлеуметтік көзқарасының негізгі кағидалары: әрбір адам ар-намысының, шексіз құндылықтың иесі; қандай игілікті жоспар болмасын адам оны жүзеге асыру жолында әдіс, айла, кұрал болуға тиіс емес. Адам бір іс істегенде өнегелік, адамгершілік заңын басшылыққа алуы керек. Кант мұны "категориялық императив" деп айтады. Онын мәні — әрбір адамның іс-әрекеті басқаға үлгі боларлықтай болуға тиіс.
Кант басып алушы, тонаушылық соғысты, оған дайындықты әшкерелейді. Ол әр түрлі мемлекеттер үшін өзара пайдалы халыкаралық сауда мен өзара қарым-қатынасты, бейбітшілікті орнату мен сақтаудын құралы деп біледі.
XVIII ғ. аяғы — XIX ғ. бірінші жартысында Батыс Еуропада капиталистік мәдениет заманалық екі қозғаушы күштің әсерімен дамыды. Оның біріншісі — капиталистік қатынастарға жол ашқан Ұлы Француз революциясы. Екіншісі — алдымен Англияда, сосын Франция және басқа Батыс Еуропа елдеріндегі күрделі өнеркәсіп өзгерістері (ірі машиналы индустрияның мануфактуралық өндірісті алмастыруы) капитализмді одан әрі нығайтты. Бұған орай жаңа қоғамдык кұрылыс пайда болды. Өсіп келе жатқан буржуазия еркіндікке, жылдам алға дамуға, зандылыққа тырысты. Сондықтан бұл кездегі буржуазиялық саяси идеологияның бас бағыты либерализм (ерікті, азат деген латын сөзінен шыққан) болды. Сонымен қатар капиталистер мен пролета-риаттың арасындағы таптық күрестің үдеуіне байланысты кертартпалық пікірлер де туа бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет