Утопиялық социалистердің ілімі.
Пролетариат күресінің алғашқы кезеңінде өз үмітін Сен-Симон, Фурье, Оуэн сияқты утопиялық социалистерің іліміне артты. Олар буржуазия орнатқан тәртіптерді қатты сынады. Жұмысшы табынын, өмірі қаншалықты ауыр екенін сипаттады. Сен-Симон бірінші болып әркім қабілетіне қарай жүмыс істейтінін және еңбегіне қарай ақы алатын коғамдық құрылымның болу мүмкіндігі туралы пікір айтты. Фурьеге дейін еңбекті адамға жіберілген қарғыс, жаза деп санайтын. Ал Фурье еңбекті адам үшін рақатқа айнала алатыны және айналуға тиіс екені жайында мәселе көтерді. Ол еңбек ету құқын бірінші орынға қойды. Оуэн өнеркәсіп революциясының маңызын жоғары бағалады. Утопист-социалистер қала мен деревня арасындағы, дене еңбегі мен ой еңбегі арасындағы қарама-қарсылықты жоюдың қажеттілігін ұсынды. Олар материалдық игіліктерді әділ бөлу мәселесіне баса назар аударды.
Утопист-социалистедің озық ойларымен қатар кемшіліктері де болды. Олар коғамдық дамудың заңдылықтарын түсінбеді, қоғамдык өмірді кайта құрудың шынайы жолдарын көрмеді, жұмысшы табына тек жапа шегуші тап деп қарады.
Достарыңызбен бөлісу: |