Дәріс - 2. Ақпараттың қауіпсіздігі
Дәріс жоспары:
1 Ақпарат қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйелерiнiң мiнездемелiк қасиеттерi. Ақпарат қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету әдiстерi
2 Ақпарат қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету құралдары
1 Ақпарат қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйелерiнiң мiнездемелiк қасиеттерi. Ақпарат қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету әдiстерi
Қазіргі уақытта ақпараттық қауiпсiздiк дамуы ақпараттық технологиялардың басқа облыстарындағы өзгерiстерiмен әрдайым үйлеспейтін тұйықталған пән болып табылады. Шыныда, дамыған ақпараттық жүйелерді құру кезінде негіз болып табылатын, объектілі –бағытталған жолдың негізгі ережелері АҚ те орын таппады.
Бағдарламалау білімдерін жинақтау мен көп ретті қолдануда негізделген бағдарламалау технологияларындағы жетістіктер де АҚ есептелмейді. Біздің көзқарасымыз бойынша, АҚ төңiрегiндегі өрлеуді қиындататын өте маңызды мәселе.
Үлкен жүйелерді құру талпыныстары тіпті 60-шы жылдарда негізгісі құрылатын және еріп жүретін жүйелердің күрделілігі болып табылатын бағдарламалаудың көптеген мәселелерін ашты. Бағдарламалау технологиялары төңірегіндегі зерттеу нәтижелері болып басында құрылымдық бағдарламалау, содан соң объектілі – бағытталған жол табылды.
Объектілі – бағытталған жол бағдарламалау технологиясының дамыған негізі, жүйелердің күрделілігімен күрестің тексерілген әдісі болып табылады. бұл жолды жалпы түрде бағдарламалау үшін сияқты, айтылған күрделілік мәселесі орын алатын жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігіне қолдану талпынысын табиғи және едәуір қажетті болып саналады.
2 Ақпарат қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету құралдары
Ең алдымен, класс ұғымын енгiземiз. Класс - бұл құрылым мен тәртәптің ортақтығымен бiрiккен нақты дүние мәндерiнiң жиыны абстракциясы.
Объект - бұл класстың элементi, демек, нақтылы мәннiң абстракциясы.
Объекттер белсендi, онда iшкi құрылым ғана емес, объекттiң әдiстерiмен суреттелген мiнез-құлығы бар екенін ерекшелейміз. Мысалы, "тiптi қолданушыны" сипаттайтын "қолданушы" классы анықталуы мүмкін, яғни, берілгендер мен олардың тәртіптері қолданушылармен ассоцияцияланған (әдістер). Осыдан кейiн мәлiметтердiң тиiстi конкретизациясымен және, болуы мүмкiн, әдiстермен "қолданушы Иванов" объекті жасалына алады.
Бiз объекттердiң белсендiлiктерiне әлi қайтып келемiз.
Объектiлі жолдың ең маңызды ұғымдарының келесi тобын инкапсуляция, мұрагер болу және полиморфизмдар құрайды.
Объектілі-бағытталған жолда күрделілікпен күресуші негізгі құрал болып инкапсуляция табылады, инкапсуляция – сыртқы ортаға тек қана қатаң анықталған интерфейстердiң көрсетілуімен (олардың iшкi құрылымы және әдiстердiң iске асыруының бөлшектерi ) объекттердiң iске асырылуын жасырып қалу.
«Полиморфизм» ұғымы объектінің бірден артық классқа жатуы сияқты түсіндірілуі мүмкін. Бұл ұғымның енгізілуі объектілерді әр түрлі көзқараспен қарауды, абстракцияларды құрастыру кезінде объектінің бүтіндігін бұзбай, моделденетін пән облысының мәндері тұрғыларын құруды қажет етеді. (Қатаң түрде айтқанда, полиморфизмнің басқа түрлері де болады, қайта жүктеу және параметрлік полиморфизм, бірақ олар бізді қазір қызықтырмайды.)
Мұрагер болу негiзiнде жаңа класстардың барлардың негізінде, мәлiметтер және әдiстердiң қайта ұйғарымының мүмкiндiгiмен құрастырылуын айтады. Мұрагер болу қажетсiз мәндерiнiң көбеюiмен күресудің қажетті құралы болып табылады. Ортақ мәлiмет қайталанбайды, тек қана өзгеретiндерді көрсетедi. Сонымен қатар, класс мұрагер өзінің «тамырларын» есте сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |