14-апта
Орта деңгей В1
Атамекен құт мекен
Реттік сан есім мен зат есімнің тіркесі.Күрделі сан есімнің берілуі
Атамекен құт мекен
Атамекен [араб, мәкан - орын, жай] – туған жер, өлке. Түркі қауымына ортақ «ата» сөзімен қосылып, әуелде «ата қоныс» ұғымында қолданылған. Кейін келе мәні кеңейіп, ата-бабалар ғұмыр кешкен, олардың өз ұрпақтарына мәңгілікке қалдырған иелігі, ең қымбат мұрасы» деген ұғымды білдіреді. Отан ұғымдарының баламасына айналған Атамекен еліміздің, мемлекеттілігіміздің негізі. Атамекен - атадан балаға мұра болып қалып отыратын, "кіндік қаны тамған" жер. Әуелде жалпы түркі қауымына ортақ "ата" сөзімен бірігіп "ата қоныс" үғымында түсінілген. Кейін келе мағынасы кеңейіп, "ата-бабалар мекен еткен, олардың өз ұрпақтарына мәңгілікке қалдырған ең асыл мұрасы" деген ұғымды меңзейтін термин түрінде орныққан. "Ата" - көне түркі дәуірлерінде әрі колбасы, әрі елбасы болған кісілер есіміне жанама қосылатын атау. "Ата" сөзі тіркескен қасиетті орындардың бәрі де сондай адамдардың аттарымен байланысты. Атамекен осындай жерді, мекенді киелі рухқа теңеуден шыққан. Атамекен ежелгі замандарда ру, тайпа иелігіндегі белгілі бір аймақ, өңір болса, бертін келе туған жер, Отан ұғымдарының баламасына айналған. Ол - елдіктің, мемлекеттіліктің негізі. Атамекен - Адамның ата бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, ата бабасының қоныс тепкен , өсіп өніп келе жатқан жері. Сондықтан адам туған жерін дүниедегі ең кымбаттты, ең қасиетті, ең аяулысы - Анасына балайды. Туған жерге қатынас - адамның адамшылығының , ізгілігінің, парасатының көрінісі. Туған жер- белгілі бір адам үшін , жанан пида ғып күресіп келе жатқан құт мекені.
Реттік сан есім мен зат есімнің тіркесі. Күрделі сан есімнің берілуі
Реттік сан есімдер
Реттік сан есімдер есептік сандарға -ыншы (-інші) жұрнақтарын қосу арқылы жасалады да, белгілі бір заттар мен құбылыстардың сандық ретін білдіру үшін қолданылады. Мысалы: Тамара атты жетінші класта оқып жүрген жалғыз қызым бар Реттік санд есімдер де морфологиялық құрамы жағынан дара және күрделі болып келеді де, күрделі сан есімдерде -ыншы (-інші) қосымшасы тіркестегі ең соңғы санға жалғанады. Мысалы: Солардың ішіндегі ең жақсылары он алтыншы, он жетінші нөмірлер екен
Лексика-грамматикалық мағыналары аян сөз табының бірі — сан есім. Олардың лексикалық мағыналарымен әуендес көп, аз, бір-ақ, бірталай, толып жатқан, ұшы-қиыры жоқ деген тәрізді сөздер мен сөздер тобы бар. Бұларды да кейбір ғалымдар сан есімдер қатарына қосады. Өйткені олар санмен айтуға болатын үғымдардың орнына жүреді де, заттың санына қатысты сапаларын білдіреді. Ондай алдамшы ұқсастык, сан есім мен сын есімнің арасындағы жақындықтың айғағы бола алар, бірақ көп, аздар сан есім емес, — сын есімдер.
Сан есімдер — заттың анық с а н ы н, сан ретін не мөлшерін білдіретін сөздер. Олардың сын есімдерге ұқсас жері — зат есім-дерге қатысты болу арқылы анықтауыштық қатынаста жұмсалуы. Сан есімдер сол құрамда зат есімдерді сан жағынан анықтайды. Олар кейде үйге кірген екеу, екінің бірі, өзгеде құлақ екеу болса, секретарьда төртеу сияқты тіркестерде сөз тіркесінің басыңқы сыңары болуы мүмкін. Бірақ ондай өте сирек кездесетін мысалдарды елемегенде, сан есімдердің синтаксистік табиғаты басыңқылықты суймейтін, негізінде бағыныңқылың ыңғайда жұмсалатын сөздер екенін аңғартады, мыс.: екі бие — ел асы, үш бие — бұлақ басы, бір бие — жоқтың қасы.
Сан есімдер зат есімдермен не олардың орнына жұмсалған басқа есімдермен қабыса байланысып анықтауыштық қатынаста жұмсал-ғанда, өздері қатысты есімдердің ең басты сандық сапасы ретінде бір санның басқа санмен алмасу шегі болмайды. Сондықтан оларды, сын есімдермен салыстырғанда, зат есімдермен тіркесу қабілеті күшті сөздер деп танылады, бірақ сан есімдер барлық зат есімдермен тіркесе бермейді, олар талдап, даралап санауға болатын заттармен тіркеседі де, бөлшектеуге келмейтін абстракты зат есімдермен тіркеспейді. Өйткені алдыңғылар — санауға болатын заттар да, соңғылар — санауға болмайтын заттар, мыс.: қой, ағаш, үй, адам, қалам, терезе сияқтылар бір топ та, қылық, жақсылық, мінез, қытық сияқтылар бір топ.
Сонымен қатар сан есімдер арқылы заттың көптігін білдіргенмен, бағыныңқы қызметтегі зат есімдер көптік жалғауда айтылмайдыг мыс.: бес кісінің екеуі, он үйден бір уәкіл, ол алты кісі сыйлық алды; он ешкі, қырық саулық, мың қой, оныншы мектеп, алтыншы бригада.
Жинақтау сан есімдерден басқа сан есімдердің бәрі де анықтау-ыштық қатынаста санауға, есептеуге болатын заттардың атын білді-ретін сөздермен тіркескенде, есептік сандар заттардың қанша екенін білдірсе, реттік сандар заттың сан ретін нешінші екенін білдіреді.
Класта ж и ы р м а т ө р т оқушы сабаққа қатысуга тиіс .Бөлмеге жаңа екі қонақ келіп кірді. Бірінші хатым Володяға... жазылды. Бірінші тәжірибе пеші қақ жартыдан артық мыс берді. Ү ш і н ш і қ а м б а ғ а аяғын тығып алып, қайтадан ілгері ұмтылғанда, т ө р т і н ш і бір бәленің иісі аңғарылды
Болжалды сандар есімді сөз тіркесінің құрамында заттың сандық сапасын шама мөлшері ретінде көрсетеді.
Олжабек ү ш ж ү з д е й жылқыны айдап келеді . Біз болсақ, бес-алты қырқаны сыртынан бағып отырмыз. [Біз] Мына е к і-ү ш қараны бағып, қағып отырмыз . Фабрика-завод мектебінде т ө р т жүзге жуық қазақ бала-сы оқып жүр.Ол жаққа екі-үш жүзге тарта жігіт кетіп еді .
Бұл мысалдарда көрсетілген есімді сөз тіркестері күрделі. Сондай күрделі сөз тіркестері сан есім мен туынды сын есімдер тобының зат есімдерге қатысы арқылы да жасалады, мыс.: екі шекті домбыра, үш сеялкалы агрегат, бес балалы ана.
Сан есімдер уақыт, салмақ, көлем өлшемін білдіретін сөздерге және жасар, жастағы сөздеріне қатысты болу арқылы да күрделі есімді сөз тіркесін құрайды; үш күндік жол, алты айлық азық, бес тонна бидай, он километр жер, жүз метр мата, он жасар бала, он алты жастағы қыз.
Сан есімдер субстантивтенген сапалық сын есімдерге бағынып та анықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркестері жасалады; мыс: екі жақсы, үш еріншек.Олар қатыстың сын есімдермен тіркесіп күрделі сөз тіркесін жа-сайды, мыс.: қос ішекті домбыра, екі аяқты жәндік, үш балалы ана, сұр шекпенді, еңкек денелі жігіт.
Достарыңызбен бөлісу: |