1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып



бет126/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

Өткен шақ іс-әрекет, қимылдың сөйлеушінің хабарлауынан бұрын болғанын білдіреді. Мағына ерекшелігіне қарай өткен шақ 3-ке бөлінеді:
1. Жедел өткен шақ жақын арада болған қимылды білдіреді. Етістік түбіріне -ды, -ді, -ты, - ті жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы, Мен кел-ді-м. Сен кел-ді-ң.
2. Бұрынғы өткен шақ сөйлеушінің хабарлаған кезінен біраз бұрын болып өткен қимыл әрекетін білдіреді. Етістік түбіріне -ған, -ген, -қан, -кен, -ып, іп, -п жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы, Таң қала берсін, біз өмірдің көркемдігін осылай көр-ген-біз.
3. Ауыспалы өткен шақ мәтін ерекшелігіне қарай бірде өткен шақта кейде осы шақта жұмсалатын етістік қосымшалары. Етістік түбіріне -атын, -етін, йтін, -итын, -уші, -уші жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, Оның квартирасында Иоган Себастиян Бах пен Спинозаның портреті ілулі тұр-атын.
Осы шақ сөйлеу үстінде болып жатқан іс-әрекет, қимылды білдіреді. Қазақ тілінде осы шақ етістіктің екі түрі бар:
1. Ауыспалы осы шақ (переходное настоящее время) қимылдың сөйлеушінің дәл хабарлап тұрған кезде болуын білдіреді. Жатыр, тұр, отыр, жүр етістіктеріне жіктік жалғауының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, Қалам қаламсапта тұр. Ол кітап оқып отыр.
2. Нақ осы шақ (собственно настоящее время) қимылдың үнемі болып тұратынын білдіреді. Негізгі етістікке -а, -е, -й жұрнақтарының және баяндауыштық қосымшалардың жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, Мен бар-а – мын, сөйле-й- мін.
Келер шақ іс-әрекет қимылдың сөйлеп тұрған кезден кейін болатынын білдіреді. Ол үшке бөлінеді:
1. Болжалды келер шақ (будущее предположительное время) Олар -ар, -ер жұрнақтары арқылы жасалады. Мысалы, Мен бар-ар мын, сен кел-ер-сің т.б.
2. Мақсатты келер шақ (будущее время с оттенком намерения) Етісіткке -мақ, мек, бақ, -бек, -пақ, - пек жұрнақтарын жалғау арқылы жасалады. Мысалы, ол кел-мек, мен айт-пақ-пын, сен кет-пек-сің т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет