1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


-тапсырма  Мына сөздерден қос сөз жасап жазыңдар



бет50/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

1-тапсырма  Мына сөздерден қос сөз жасап жазыңдар.
Азық –
Ақ –
Сән –
Ата –
Күш –
Жора –
Той –
Ата -
2-тапсырма Берілген сөздерден негіз сөз бен туынды түбір сөзден сөзжасамдық жұп жасаңыз. Той
Өш
Жүз
Толық
Сен
Өн
Тыным
3-тапсырмаМына біріккен сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құраңдар.
Досжан, қысқа жақын, жан жолдас, биыл, Ақжар, кемпірқосақ, Көкшетау, жалақы, әнқұмар, онкүндік, әлдеқандай.
4-тапсырма Берілген сөздерден күрделі сөз құрап жазыңдар.
Көз, әсем, жер, асау, бел, тіл, қадір, қызыл, ислам, торы, боз, тың.


Ортадан жоғары деңгей В2
5-апта
Дені саудың – жаны сау. Танымдық ,жағдаяттық ,ақпараттық мазмұнды түсіну тәсілдері күрделі сөздерді (біріккен сөз, қос сөз,атаулық тіркестер, қысқарған сөздер тудырушы және сөз түрлендіруші модельдерді меңгеру

Табиғаттың ең қымбат жемісі – адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлгені - өзін-өзі сыйлағаны.Осыдан-ақ табиғаттың берген сыйы тұла бойына таза қарап, өмірдің соңына шейін денсаулығы зор болып, адам атына кір келтірмей өту абзал.


Адамның денсаулығы - өмір тіршілігінің ең бірінші шарты болып табылады. Сондықтан үкіметіміз денсаулық сақтау ісіне, адамдарымыздың дені сау, ағзасының күшті болуына үнемі қамқорлық жасап отыр.
Дені сау болса, адамның өзі де, жан-жағындағы адамдар да бақытты.
Адамға денсаулықтан не бар қымбат,
Ауру төнсе кең дүниені тар қылмақ,-дегендей, өкінішке орай, қымбат байлығымызға кереғар әсерін тигізетін зиянды нәрселер де баршылық.
Бір кездері мақтаныш көріп,жерге салып тастаған сан түрлі зауыттардың түтіні адам ағзасын тұншықтыруда. Шашты тік тұрғызар «Семей полигоны» аталған аймақта әлі күнге шейін ауру балалар дүниеге келуде. Айдаһардың үш басындай арақ, темекі және наша – ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің басты себептері. Нашақор адамдар - өмірлерінен күдер үзген, болашағы жоқ адамдар деп ойлаймын. Саралап алсақ, осының барлығы адам қолымен жасалып, қоғамның ілгері дамуына кері әсерін тигізуде.
Ашық аспанымызға қара бұлт төндірген заман кеселдерінен арылу, арылту – көкірегі асу, көзі ашық әрбір азаматтың борышы.
Жаңа ғасыр табалдырығынанаттанған болашақтың тағдыры – оның денсаулығында. Ұлы Абай атамыздың «Бес нәрсеге ғашық бол, бес нәрседен қашық бол» қағидасын берік ұстап, ертедегі ата-бабаларымыздың әскерлі сөз мәйектерімен жеткізе білген денсаулық жайлы ойларының қадірін түсіне білу керек.
Танымдық ,жағдаяттық ,ақпараттық мазмұнды түсіну тәсілдері күрделі сөздерді (біріккен сөз, қос сөз,атаулық тіркестер, қысқарған сөздер тудырушы және сөз түрлендіруші модельдерді меңгеру




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет