1-тапсырма Төмендегі сөздердің мағыналарын анықтап, буынға бөліп көшіріп жазыңдар да, олардың қандай буындар екенін ажыратыңдар.
Бала. Шаруалар. Мейірім. Келешегіміз. Сабыр. Құрылыс. Мәлімдеме. Сыйлық. Қайың. Алатау. Жарыс. Мәдениет. Керемет сапар. Сұлулық. Күнтізбе.
2-тапсырма Төмендегі сөздерді оқып, көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөздерді көшіріп жазыңдар.
Ө...імдік. Жол...арыс. ...р...мш...к. Се...ім. Ж...л...ас. Әс...м. К...рес. Б...стық. Ү...ірме. Көрм.... Ас...қ.
3-тапсырма Төмендегі кісі аттарының жазылу емлелерін есте сақтап, оларды алфавит ретімен жазыңдар.
Фариза, Ырыскелді, Раушан, Орынша, Сақып, Тоқмырза, Еркебұлан, Жұлдыз, Ахмет, Үміт, Гүлім, Зейнелбек, Ұлжан, Әсем, Досжан, Назым, Мәулен, Өтеген, Хамит.
4-тапсырма Берілген сөздер ішінен ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалдарды топтап, жазылу себебін түсіндіріңдер.
Жанпейіс, жүрегі, өзімшіл, емшан, аспен, тоқтық, көктемгі, басқа, табамын, Боранқұл, Қазанқап, жазса, көршілер, ашса, Талдықорған.
Жоғары деңгей С1
5-апта
Ауру-астан. Лебізде синонимдік, омонимдік,антонимдік қатарлардың мағыналық сипатын пайымдау,семантикалық ерекшеліктерін айыру.
Ас – өмірдің көзі екені рас. Таңдап, талғап жейтін дәрумендері ағзаға пайда әкелетін ас-судың жөні бөлек. Дегенмен, қазір ұйқыға кеткенше ықылық атып тойып, ас ішетіндер жетіп артылады. Соның зардабы болар, тіпті, жасы отызға жетер-жетпесте қарындары шығып, демігіп қалатын азаматтар мен келіншектер көбейіп кетті. Бұл – жалғыз бізде емес, әлемнің біраз елдерінде қалыптасқан ахуал. Айталық, еуропа елдерінде көпшілік жылдам дайындалатын «хот-дог», «гамбургерді» оқу орындары, мектептерде сатуға тыйым салды. Өйткені, жылдам ас жеу мен майлы тамақтан мектеп оқушыларының, жастардың арасында шамадан тыс салмақ қосып, семіздік ауруына шалдыққандар аз емес көрінеді. «Хот-дог» пен «гамбургерлер», «твистер» немесе осы тақылеттес дәмдер сататын орындар Астанада да жетіп артылады. Фаст-фудттарда иісін бұрқыратып, тез жасайтын дәмдердің құрамында май, химиялық қоспаларға қоса, түрлі дәмдеуіштер баршылық. Олар семіруге көп әсер етеді. Зерттеушілердің айтуына қарағанда, жер шары тұрғындарының 30-35 пайызы семіздіктен зардап шегеді екен. Бұл – бір, екіншіден, қазір асқазан-ішек, жүрек-қан тамырлары, қант диабеті сынды аурулар көбейді. Мұндай сырқаттардың себебі, асты жөнсіз көп әрі асығыс ішіп-жегеннен дейді дәрігерлер. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, аурулардың 80%-ы белгілі бір дәрежеде тамақтануға байланысты, ал дерттердің 40%-ы тамақтану факторына тікелей байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |